жалпы халықтық сипат алып кеткен метафоралар тілімізде өте көп:
Аласы аз
қара көзі нұр жайнайды…
Бұл іске кім виноват
Я Семейдің қаласы?
Я қазақтың баласы? …
(Абай).
Осындағы аласы сөзі екі түрлі мағынада: біріншіден, тура мағынада (аласы аз көз), екіншіден, метафора ретінде жұмсалып тұр.
Тәтті ауыздан дәм кетпей…
Уылжыған тәтті жас (М. Әуезов).
Мінезі тәтті болмайды…
Жылы тәтті жауап айт.
Жақсы ән мен тәтті күй…
(Абай)
Бұл үзінділерде тәтті сөзі бес рет қолданылған. Алдыңғы мысалдағы ауыс мағынасы контекстік қана, яғни тәтті жас, мінезі тәтті орамдары жалпы халықтық аяда айтыла да, қолданыла да бермейді. Ал тәтті күй, сөзі тәтті тіркесіндегі тәтті сын есімінің метафоралық мағынасы ондай емес. Мұнда олар жалпы халықтық ауыс мағынада қолданылып тұр.