Слайд 1Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
Пән мұғалімдерімен өткізілетін мектепішілік семинар
«Сарқан аудандық білім
бөлімінің Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Слайд 2Мақсаты:
Пәндер бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар мен үлгермеушіліктің ішкі
және сыртқы себептерін талдау;
Оқушылардың оқу мотивациясы төмен болу себептерін анықтап,ой
толғау
Слайд 4Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,
Қосылып еккен ағаш — орман.
Слайд 5Топтық жұмыс
1-топ: Үлгермеуші немесе мотивациясы төмен оқушы қандай?
2-топ: Үлгермеушіліктің себептері
неде?
2-топқа ортақ : Үлгермеушіліктің алдын алу жолдары?
Слайд 6Бір кісінікі — мақұл,
Екі кісінікі — ақыл.
Кез – келген нәрсені
сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарап, өзіңе керекті нәрсені
танып, талғап ала біл…
Слайд 7Үлгермеушілік – жалпыға бірдей білім берудегі мектеп бағдарламасын игере алмау,
түсіндіріліп бағыт берілген сабақты қанағаттанарлық деңгейде игере алмау.
Үлгерімі төмен оқушыларға
тән қасиет:
Анализ,синтез процестерінің балада онша дамымауы;
Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара бермеу;
Жәй жаттап алып ,өз бетінше пікір айтуға орашолақ келу.
Слайд 8Үлгермеу-шіліктің себептері
Мұғалім бақылауынан біраз уақыт шығып қалған оқушылар(ауырған)
Ақыл-ойы кем балалар
Мүкіс
еститін балалар
Организмі әлсіреген,ауру
балалар
Нашар мінезді
(сотқар,қасарыспа,
қыңыр)
Оқу тәсілдері мен бағдарламалар-дың олқылық-тары
Слайд 10Пәндер бойынша мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс
“Сиқырлы заттар дүкені”
психологиялық
тренинг
Слайд 12Қиял адамның мінез-құлқы жайлы көп ақпарат бере алады. Елестетіңіз, сіз
сиқырлы заттар сатылатын дүкенде жүрсіз.Дүкен сөрелерінде әртүрлі ғажайып заттар
сатылады.Өзіңізге ұнаған затты сатып алыңыздар!
Слайд 131.Көрсетпейтін қалпақ (шапка невидимка)
2.Кілем-ұшақ
3.Болашақты көрсететін айна
4.Уақыт машинасы
5.Қабырғаның ар жағындағыны көруге
мұмкіндік беретін сұйықтық
6.Басқа адамдарға немесе жануарларға айналдырып жіберетін жақпамай
7.
Бөгде адамдардың ойын оқуға мүмкіндік беретін кәмпиттер
8. Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық.
Слайд 14
Көрсетпейтін қалпақ-сіз басқа адамдар байқамайтын көп нәрселерді көре аласыз.Сіз қырағысыз
және болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайсыз.Үнемі достарыңыз бен таныстарыңыздың жұмыстарына
араласып жүресіз.
Кілем-ұшақ-Сіздің сақтық қабілетіңіз аса жоғары емес, көзге көріне бермейтін мәселелерді жіберіп аласыз.Бірақ сіздің логикалық ойлау қабілетіңіз жақсы дамыған.
Болашақты көрсететін айна- сіздің өмірде алға қойған міндетіңіз –барлығына бір уақытта қол жеткізу.Сіз көп күте алмайсыз,яғни шыдамсызсыз.Соған қарамастан көп нәрселерге қол жеткізе аласыз.Сіз -бірегей емес шешімдер қабылдау мен шынайы іс-әрекеттердің шеберісіз.
Слайд 15
Уақыт машинасы-сіздің басты артықшылықтарыңыз-кез-келген нәрсеге талдау жасау қабілетіңіз,қиын жағдайлардан
тез шығып кетуіңіз және өзіңізге жауапкершілік жүктей алуыңыз.Сіз болып
жатқан оқиғаларға ,тіпті тарихқа әсер ете аласыз.
Қабырғаның ар жағындағыны көруге мүмкіндік беретін сұйықтық-сіз шешім қабылдамай тұрып, мәселені жан-жақты талдап аласыз.Тіпті кей жағдайларда өсек айтудан да бас тартпайсыз.Ал егер біреулер сіз туралы талқылайтын болса,ренжіп қалуыңыз мүмкін.
Басқа адамдарға немесе жануарларға айналдырып жіберетін жақпамай- сіз кикілжің жағдайларды ұнатпайсыз.Сіздің басты ұстанымыңыз- “Үлкенге –құрмет,кішіге-ізет”.Егер іс маңызды болып табылса,өз қалауыңызды ұзақ қорғайсыз.Жаңа жағдайларға, адамдарға тез бейімделесіз.Сіз ашық,көпшіліктің назарын аудара алатын адамсыз.
Слайд 16
Бөгде адамдардың ойын оқуға мүмкіндік беретін кәмпиттер-сізді алдау оңай емес.Өйткені
сіз адамдарды тани білесіз, ойын оңай сезінесіз.Сіз ақылға емес
,көбінесе интуицияға жүгінесіз.Сіз айналадағы адамдармен достық қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысасыз.
Алыста тұрған адамдардың әңгімелерін естуге көмектесетін сұйықтық -сіз өте ашық адамсыз.Сіздің достарыңыз көп.Кез-келген адамның көңілін тауып, сенімдеріне кіресіз.Бірақ құпия сақтай алмайсыз.Сондықтан жиі ыңғайсыз жағдайларға түсіп қаласыз.Кез-келген ақпаратты тез қабылдай аласыз.
Слайд 17 Үлгерімі төмен оқушыларға арналған ережелер:
Үлгермейтін оқушыға
бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды;
Оқушының ойлану
мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру қажет;
Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы;
Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек;
Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек;
Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек;
Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру қажет.