Слайд 1Кембридж бағдарламасы
ІІ деңгей сертификатталушы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты
мұғалімі
Бельгибаева А.С.
Бірлестік орта мектебі
Айыртау ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
Слайд 29 мамыр - Жеңіс күні
Сабақтың тақырыбы:
Ұлы Отан соғысының басталуы
Слайд 3 Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін
түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері
туралы мағлумат беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Ұлы Жеңістің тарихи маңызын танып-білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Слайд 4Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,
сұрақ-жауап, топпен, жеке оқушымен үлестірмелі перфокарталар пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: Интернеттен алынған
материалдар, интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар.
Пән аралық байланыс: тарих, география, әдебиет, математика, биология
Слайд 5Аламан бәйге
«Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
Ұлы Отан соғысы
қай жылдар аралығында болды?
Ұлы Отан соғысы қай мемлекеттер арасында
болды?
Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
Ұлы Отан соғысының аяқталуына биыл неше жыл
толады?
Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды
білеміз?
Өз ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан
ардагерлер деп кімдерді атар едік?
Слайд 6Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға
шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан
соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
1941—1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, оның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызын құраған еді. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусті, Балтық жағалауы елдері мен Молдованы азат етуге қатысты. Неміске атылған 10 оқтың, 9-ы Қазақстанда жасалды.
Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті.
Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Иван Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, 142 адам Даңқ орденінің иегері атанды.
Слайд 7Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы
Деректі фильм
Ұлы Отан соғысының басталуы
1941 жыл.
Деректі фильм
Слайд 9Фашизм- дүние жүзіне үстемдік орнатуға
тырысқан кертартпа топ, бірлестік.
Агрессия
– мемлекеттің тәуелсіздігімен
аумақтық біртұтастығын,
егемендігін әскери күшпен бұзу.
Слайд 10Қарағанды шахтасы – 34 млн тонна көмір
Орал-Ембі мұнайы -
39 % артты.
Электр энергиясы – 2 есе артты.
Украина
Беларусия
Ресей
220
зауыт , фабрика
1/3 оқ Қазақстанда жасалды
Астық - 5829 мың тонна
Ет - 734 мың тонна
Слайд 11Қазақстаннан әр ұлт өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысты
Қазақ жерінен 1200000
адам
соғысқа аттанды.
Слайд 12 Ұлы Отан соғысында құрбан
болған адам саны
Слайд 13Тарихта 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып
өтті.
Ең жас батыр Жәнібек Елеусізов
18 жаста болды.
Слайд 141941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын
жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік
көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры
Бауыржан Момышұлы болған.
Слайд 15Төлеген Тоқтаров
Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына
ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған.
Кеңес Одағының Батыры
Слайд 161941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды
қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В.
Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.
Мәлік Ғабдуллин
Слайд 17Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға
аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18
танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді
Слайд 18Сұлтан Баймағамбетов 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, сол жақтан ұрыс
даласына аттанады. Өзінің табандылығы, өжеттігімен көзге түскен Сұлтан 147-атқыштар полкінде
батальон комсоргі болады. 23-тегі қыршын жас 1943 жылы Ленинград майданындағы шайқаста амбразураны өз кеудесімен жауып, Отан үшін қаза тапты. Осы ерлігі үшін оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Сұлтан Баймағамбетов
Слайд 19Қазақ халқының батыр қыздары
Әлия мен Мәншүк
Слайд 20Талғат Бигельдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен
қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет
әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.
Слайд 211945 жылы 2 мамырда
Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы
болып ту тіккен
Рақымжан Қошқарбаев
Слайд 221941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде
1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50
жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Прибалтика мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Слайд 23Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген
жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін
қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды
Слайд 24Бұл мейрамды бұрынғы Кеңес Одағына кірген 15 одақтас республика халқымен
бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава
мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Слайд 25Қорытынды
Екінші дүние жүзілік соғыс
қай жылы басталды?
Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс
жоспары қалай аталды?
Слайд 26Бабалар ерлігі – ұрпаққа мұра
(Ұлы Отан соғысына қатысқан өз туысың,
жерлесің не көршің туралы әңгіме жаз)
Өз ата-әжеңнен Ұлы Отан соғысы
кезіндегі елдің жағдайы туралы сұрап, әңгіме құрастыр.