Слайд 1Жас жеткіншекке жадынама
«Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға
душар болсаң»
Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң,
есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болады. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана соны таба білу керек. Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалаңсаң, сен сол қиын жағдайдан, өзіңе үлкен шығын келтірмей, шыға аласың.
1 кеңес. Қиын жағдайға түсіп қалсаң үрейге немесе күйзеліске түспе. Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.
2 кеңес.Осы қалыптасқан жағдайды кім жасады соны анықта. Егер өзің болсаң, барлық жауапкершілікті өзіңе ал. Жақсылап ойлан? Тағы да қай жерден? Қандай қауіп болуы мүмкін.
3 кеңес. Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласаң, соны ойла.
4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс. Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың. Өтірік – бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.
5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын, бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме. Саған одан жеңілдік болмайды.
6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын, өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра. Егер ол сенің ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.
7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас. Өз қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін, күн жарқырап шығады.
8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің, оған сену керек, ешқашанда қорықпа. Қорқыныш – сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш – жалғыз адамдардың жолдасы. Ал сен жалғыз емессің! Егер сен көмек сұрасаң, саған әрқашанда көмек көрсетіледі.
Слайд 2Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек?
(Ата-аналарға өз балаларына
айтып жүру үшін жаднама)
-Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу,
көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.
-Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.
-Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін.
-Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
-Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
-Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Слайд 3 Ата-аналар үшін жадынама
АТА-АНАЛАР, БАЛАҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА!!!
Егер
сіздің балаңыз әлеуметтік желіде жаңа хабарламалар мен хаттарды, «лайк» (ұнайды немесе ұнамайды) басқышын көп қолданатын болса...
Әлеуметтік желіде 2 сағаттан астам уақыт өткізетін болса.....
Егер сіздің балаңыздың ұйқысының қанбағандығын байқасаңыз,таңғы 4-5 дейінгі аралықта әлеуметтік желіде уақыт өткізетін болса....
Егер сіз балаңыздың денесінен қандай да бір кесілген немесе тілінген жарақаттарды байқасаңыз, әсіресе олар жануарлардың сұлбасына ұқсайтын болса (көбелек, кит, т/б)
Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оқыс өзгеріс байқасаңыз...
ДАБЫЛ ҚАҒЫҢЫЗ!!!
МҮМКІН, СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗҒА ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНІП ТҰР !!!
СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗДЫ ӘЛДЕКІМ БАСҚАРАДЫ!!!
Қазір біздің балаларымызды қауіпті ойындарға тарту көбейіп келеді. Оның соңы – ӨЛІМГЕ алып келеді.
Бұл қауіпті ойындар Қазақстанда да пайда болуда («морекитов, тихий дон, разбудименя в 4:20 т/б)
Балаларға түрлі тапсырмалар береді. Оның соңы өз-өзіне қол салуға әкеліп соғады.
БҰЛ ФАКТІЛЕРДІ ЖАСЫРМАҢЫЗ!!!
Прокуратураға, сынып жетекшілеріне, әкімшілікке, психологқа, сенім артатын ұстаздарға хабардар етіңіз!
ЕГЕР СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ БҰЛ ОЙЫНДА БОЛСА:
Сізге сенім артып, өз мәселесімен бөліскені үшін, алғыс білдіріңіз. Алдағы уақытта да сізге сенім білдіру үшін, оған дауыс көтермеңіз!
Сабырға шақырыңыз, бұл мәселені арнайы мамандар: педагогтардың, психологтар мен прокуратура қызметкерлерінің көмегі арқылы шешуге болатындығын айтыңыз.
Жеке тұлғаны басқаруға, қорқытуға, мазалауға құқылы емес!
Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу қылмыстық жауапкершілікке алынады.
Балаңызды сабырға шақырып, оны ешкім де мазаламайтындығын түсіндіріп, sim-картасын немесе ұялы телефонын ауыстыруды ұсыныңыз.
Туындаған мәселелер бойынша психологпен бөлісіңіз.
Интернет желісіндегі қауіпті ойындар туралы ойыңызды бірге талқылаңыз.
«Ата-аналық бақылау» функциясын құрыңыз.
Слайд 4 Құрметті ата – ана, балаңыздың қылмыскердің құрбаны болуынан
сақта!
«Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қылмыскердің құрбаны болмауы жөніндегі қауіпсіздік
дағдыларын қалыптастыру ережелері».
Балаңызбен бірге жаттаңыз (тегі, аты, ата – анасының аты – жөні, мекен – жайы, үйінің және жұмыс орнының телефоны).
Көшеде және қоғамдық орында балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.
Балаларыңызбен бірге көшеде жүру ережелерін жаттап алыңыздар:
Рұқсатсыз өз үйінің жанынан, ауласынан алысқа кетпе. Сенің қайда жүргеніңді ата-аналарың білуі тиіс.
Қараңғы түскенше қыдырма (серуендеме).
Адам жүрмейтін жерден, жыралардан, қираған үйлердің жанынан, қора, шатырлр, жертөле, алаңқай жерлерден аулақ жүр.
Бейтаныс адаммен лифтке, подъезге бірге кірме.
Бөгде машинаға отырма.
Бейтаныс ұсыныстардың барлығына «жоқ» деп жауап бер.
Танымайтын жерде ата – анаңды жоғалтып алсаң, сол жерде тұр.
Егер олар ұзақ болмаса, көшеде - милиционерді, дүкенде – сатушыны, метрода – кезекшінің көмегіне жүгін.
Ата – анаң ешқашан мұндай тәтті тағам сатып алмаса да,бейтаныс ересек адамдардан тамақ қабылдама.
Егер сені біреу күштеп азаптаса – айқайла, жұлқын, өтіп жатқан адмдарды көмекке шақыр.
Егер сен көшеде, транспортта қандай да бір затты: қорапты, сөмкені, оралған затты, пакетті көрсең оған тиме, оның жарылғыш зат (бомба) болуы мүмкін.
Үйдегі қауіпсіздік тәртібі ережелерін бірге жаттаңыз:
Білмейтін кісіге есік ашпа.
Бейтаныс адамдардың сұрауына «жоқ» деп жауап бер.
Егер пошта тасушы, дәрігер не милиционер есік қақса, танымайтын болсаң, оларға есікті ашпа. Қылмыскердің басқа форманы киіп алуы мүмкін.
Егер бейтаныс біреу есікті ашуға талпынса, бірден телефонмен милицияға, 02 – ге хабарласып, тұрақты мекен – жайыңды айт.
Егер үйде телефон болмаса немесе сынып қалса, терезеден не балконнан көмекке шақыр.
Бейтаныс адамдардың телефоннан «Ата-анаң үйде ме?» - деген сұрағына, үйде екендерін, бірақ қолдары бос еместігін, телефонға жауап бере алмайтындықтарын айт.
Егер ата-анаң саған хабарласып, біреулердің келетінін ертерек ескертпесе, ата – анаңның айтуымен келіп тұрмын дегендеріне сенбе.
Слайд 5
“Сенім телефоны.
Көмекті қалай сұрау керек?”
Әр адамның тағдыры әр
қилы, өмірде шешімін таба алмайтын қиын жағдайлар туындайды. Осындай қиын
сәттерде біреудің көмегі қажет... сондай сәттерде сенім телефонына қоңырау шалыңыз, біз әрдайым көмек беруге әзірміз.
Төмендегі телефондарға хабарласыңыз!
98-35-79
8705 -970 49 53
Мектеп психологі: Қоқымбаева И.Б.