Слайд 1
PISA халықаралық
зерттеулері аясында
оқушылардың
функционалдық
математикалық
сауаттылығын
дамыту
Қазақстандағы халықаралық зерттеу- PISA
Слайд 2PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны мен құрылымымен танысу.
PISA бағдарламасын
ағымдағы
қолданылатын бағалаумен салыстыру.
Слайд 31.PISA халықаралық зерттеулерге қысқаша түсінік
PISA халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында
алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын,
нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған.
Слайд 4Зерттеу обьектісі -15 жастағы оқушылар-дың білім жетістіктері.
15-жастағы жасөспірімдер негізгі білім
беру сатысын аяқтап, зерттеудің негізгі міндеті оқушылардың өз беттерінше өмір
сүру-леріне қажет білім,білік, дағдыларын анықтау болып табылады.
PISA зерттеуін ұлттық орталықтармен жетекші халықаралық ғылыми ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Слайд 5Төмендегі жетекші ұйымдар кіреді:
1.Білім беру аймағындағы Нидерланд Ұлттық өлшеу институты;
2.АҚШ
педагогикалық тестілеу қызметі;
3.Білім беру аймағындағы Жапония Ұлттық зерттеу институты;
4.Статистикалық ақпараттар
жинау бойынша түрлі зерттеулерді орындайтын Америкалық ұйымы.
Слайд 6
Қазақстанда зерттеудің Ұлттық үйлестірушісі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы”
болып табылады.
Слайд 7
2.PISA халықаралық зерттеудің мақсаттары
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру
ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды
мақсат етеді.Зерттеу оқушылардың заттың терең мағынасын түсінуі мен себеп-салдардың байланысын,жан-жақты оқу әрекеттері мен оқудың негізін құрайтын:шығармашылық тапсырмаларды шешу мен табу дағдылары,мәліметтерді талдауы және түсіне білуі тексеріледі.
Слайд 8
3.PISA халықаралық зерттеудің міндеттері
PISA халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті- білім беру
саясатында ғылыми дәлелденген және жасампаздық шешімдерді шығару үшін білім беру
саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде обьективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.
Слайд 9
Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
“математикалық
сауаттылық”,
”жаратылыстану сауаттылығы” мен
“оқу сауаттылығы”.
Зерттеу оқушылардың оқу барысында
меңгерген білімдері мен дағдыларын және интеллектуалдық қабілеттерін қолдана білу ептіліктерін бағалауға басым көңіл бөлінген
Слайд 10
Зерттеудің әрбір кезеңінде үш зерттеу бағыттарының біріне ерекше көңіл (тестің
үштен екі бөлігі) бөлінеді.
2000 жылы зерттеудің негізгі бағыты- “оқу сауаттылығы”,
2003
жылы-”математикалық сауаттылық”, 2006 жылы-”жаратылыстану сауаттылығы”,
2009 жылы- “оқу сауаттылығы” және
2012 жылы білім жетістіктерін бағалаудың негізгі аймағы ”математикалық сауаттылық” болды.
Слайд 11
4.PISA зерттеуінің құралдары
1.Тест тапсырмалары бар буклеттер;
2.Білім беру ұйымдарының әкімшілігіне арналған
сауалнама;
3.Білім беру ұйымы оқушыларына арналған сауалнама;
4.Тест өткізу нұсқаулық;
5.Білім беру ұйымының
үйлестірушісіне арналған нұсқаулық;
6.Тест тапсырмаларын бағалау,мәліметтерді енгізу және өңдеу жөніндегі нұсқаулықтар.
Слайд 12
Тест тапсырмалары бар буклеттер сұрақ-кітапша болып келеді, әрбір тапсырма бір
мәселені суреттеген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар бірден алтыға дейінгі
нұсқа жауабы бар сұрақтар немесе таңдау бойынша қатар екі жауабы болуы мүмкін жорамалдар мен сұрақтар кіреді.
Слайд 13
5.Зерттеу өткізу стандарттары
Зерттеу, жобаға қатысушы барлық елдерге зерттеуді өткізу технологиясының
стандарттары бірдей сақталуы үшін координациялық орталықпен дайындалған бірыңғай нұсқаулықтар мен
ережелерге сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.
Халықаралық деңгейдегі аудармашылардың көмегімен тест тапсырмамалары мен сауалнамалары тексеріледі.
Слайд 14
6.Нәтижелер қалай бағаланады
Әрбір оқушының тесті орындауы, әр жеке зерттеу бағытына
(математика және жаратылыстану) байланысты халықаралық 1000 балдық шкаламен бағаланады.Сонамен қатар,
әртүрлі тапсырманың қиындық деңгейіне, нәтижелі орындау мүмкіндігіне байланысты сол шкалаға сәйкес жеке балдар беріледі.
Слайд 15Халықаралық зерттеулердің бағыттары
Слайд 16PISA халықаралық зерттеуінің жалпы көрсеткіштері (2009)
Оқу сауаттылығы – 390 балл
(59 орын)
Математика сауаттылығы – 405 балл (53 орын)
Жаратылыстану сауаттылығы –
400 балл (58 орын)
Қазақ тілінде білім алатындар
Орыс тілінде білім алатындар
2396
Слайд 17PISA халықаралық зерттеуінің жалпы көрсеткіштері (2012)
Математика сауаттылығы – 432 балл
(49 орын)
Жаратылыстану сауаттылығы – 425 балл (52 орын)
Оқу сауаттылығы –
393 балл (63 орын)
Слайд 18Математикалық сауаттылық
Адамның күнделікті өмірінде математиканың рөлін анықтап,
түсіну қабілеттілігі, әр түрлі формада берілген, мөлшерлік ақпаратты оқи, түсіне
және талдай алу.