Слайд 2«Кәусар бұлақ» байқауы
2 – 4 сынып
Слайд 3Мақсаты
Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаев пен
ақын, композитор. жазушы, философ, Шәкәрім Құдайбердіұлының жыр мұрасын сыныптан тыс
сайыс арқылы насихаттау.
Слайд 4 Сайыс 2 бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз
сарасы » Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу
2- бөлім: «Білімдіден шыққан
сөз» Шәкәрім шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу
Слайд 5Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды ертеңгіні термек үшін,
Көкірегі
сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Абай
Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол, жастар бергенім.
Шәкәрім
Слайд 6“Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз.
Абай әрқашан біздің ұлттық
ұранымыз болуы тиіс”... (Н.Ә.Назарбаев)
Слайд 8Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей
облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай,
ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.
Абайдың өлеңдері
“Ғылым таппай мақтанба”,
“Өлең сөздің патшасы сөз сарасы”,
“Жасымда ғылым бар деп ескермедім”,
“Қыс”, т.б
Слайд 12Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы,
Көңлімнің санасы.
Бітпейді іштегі,
Ғашықтық жарасы
Жылайын жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама
сөз дайын
Слайд 14 XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасырдың бас
кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, мәденеи-рухани өміріне белсене араласып,
гуманистік , адамгершілік идеяларын уағыздаған ұлы Абайдың шәкірті, оның реалистік дәстүрін жалғастырушы, артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерімен танысамыз. Шәкәрім –ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған. Шәкәрім 5 жасынан бастап ауыл молдасынан оқиды. 7 жасында әкеден жетім қалған ол Абайдың тәрбиесінде болады. Өз бетімен білім алып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік меңгереді.
Слайд 19 Шәкәрімнің өлеңдері
“Бостандық таңы
атты,”
“Шын сырым”,
“Жастарға”,
“Жастық туралы”... т.б