Слайд 1Жаңаөзен қаласы
№15орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қобланова
Айтгүл Назарбайқызы
Ашық тәрбие сағаты
«Жұмбақты мекен-Маңғыстау»
Слайд 2
Мақсаты: оқушыларға Маңғыстау түбегіндегі асыл мұралар,ақын-жазушылар,билері,батырлары,Маңғыстау тарихы,ескерткіштері туралы мағұлмат
беру. Олардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген
мақтаныш сезімін ояту. Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу, өз елін,өз туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тақырыбы:
«Жұмбақты мекен-Маңғыстау»
Слайд 3Қасиетті Маңғыстаудың әрбір тасы тарихи шежіреге толы
Маңғыстау білсең кешегі,
Әулиелердің
төсегі – деп ақын С.Назарбекұлы айтқандай,Маңғыстау тұнып тұрған төкпе
жырмен
тылсым сырға,жұмбақ пен
құпияға,аңыз бен әпсанаға толы.
Слайд 4“Ойлы болсаң озып көр”
.
. Түпқараған ауданында орналасқан табиғи
су көзі. Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай 35 км-дей жерде. Ол
– кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір. Айырмасы тек шаңырағы, уығының иінінен жоғарғы жағы жоқ. Кереге басы дерлік деңгейден кей жерінде тас қабырға шып-шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мұздай әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады. Үңгір табанында шағын көлшік пайда болған. Ол ертеден төңірегіндегі елдің ауыз су көзіне айналған; ал көл арнасынан артылып аққан су бөгеліп, суармалы егіншілікке пайдаланылып келген.Бұл жұмбақты жер қалай аталады?.
Слайд 5
Тамшалы- Түпқараған
ауданында орналасқан табиғи су көзі. Форт-Шевченко қаласынан
солтүстікке қарай 35 км-дей жерде. Тамшалы – кәдімгі киіз үйге
ұқсас
дөңгелек кеуек үңгір. Айырмасы тек шаңырағы, уығының иінінен жоғарғы жағы жоқ. Кереге басы дерлік деңгейден кей жерінде тас қабырға шып-шып терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мұздай
әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады. Үңгір табанында шағын көлшік пайда болған. Ол ертеден төңірегіндегі елдің ауыз су
көзіне айналған; ал көл арнасынан артылып аққан су бөгеліп, суармалы егіншілікке пайдаланылып келген.
Слайд 6Қаратаудың еңсесі биік шоқысы Отпан деп аталады. Отпан тауының биіктігі
532м. Археологтар мен зерттеуші-ғалымдардың айтуына сүйенсек, ежелгі замандарда адамдар осы
тауды қасиетті, киелі деп санап оған табынып, мінәжат ететін орын санаған. Одан бергі заманда осы өңірді мекен еткен бабаларымыз қазақтардың да, қасиетті мекендерінің біріне айналады. Тіпті ел шетіне жау тиіп жұрттың тыныштығы кете бастағанда күллі халық осы Отпанның төңірегіне топтасады. Осылайша, биік шоқының басына қарауыл қойылып, сол шоқыдан халықты әлде бір апаттан сақтандыру мақсатында алау жағылып тұрған. Сондықтан бұрынғы ата-бабаларымыз, Отпанды әрі киелі тағзым орны ретінде, әрі стратегиялық биіктік ретінде көздің қарашығындай сақтап бүгінге жеткізді.
Слайд 7
Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813) - қазақтың батыры, қолбасшы, ағартушы, ойшыл, сәулетші
Жеке
басына төн жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:біріншісі - халықтың
тәуелсіздігі жолында жауларға
қарсы күрескен батыр;
екінші - ғылымның қиын жолымен
жүріп өтіп, балаларды білім
нәрімен сусындатқан ағартушы;
үшінші - ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап
ғимараттар салған сәулетші;
төртінші - мүсәпірлер мен
ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай
білген сәуегей.
Слайд 8(Шопан Ата- әйгілі Қожа Ахмет Иассауийдің шәкірті. Ол ХІІ ғ
2-жартысында өмір сүріп, ел ішінде мұсылман дінін уағыздаған- әулие адам.Бұл
жер асты мешіті қасиетті орын саналады. Оның доғадай
иіліп келген тау жынысының солт-батыс жағынан
тұрғызылған жерасты
мешіттері бар. Сол
жақ қабырға астынан қабірхана үңгіген.Төрден сай үстінен
шығып кететін есік бар.Есіктің сыртқа шығар ауызы алдында
беті шымылдықпен перделенген қабірхана.Аңыз бойынша оған атанын қызы жерленген.
Слайд 11Қараман Ата жер асты мешіті- діни ескілікті сәулет өнері ескерткіші.
Бұл қорым Маңғыстау ауданы Шетпе кентінен 35 км қашықтықта,Бекі елді
мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына таяу, Қандыбас қыстағының батысынан 15 км жерде орналасқан.Мешіт тау шатқалының төменгі қабатынан табиғи үңгірлерді пайдалана отырып,ойып жасалған. Екі бөлменің төбесінен жарық түсетін дөңгелек терезелер ойылған.Қорым мен жер асты мешіті, Маңғыстаудағы Қараман Ата киелі орындардың бірі болып саналады.Жер асты мешіті мен қорым 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған
Слайд 13
Жер асты мешіті- діни ескілікті саулет өнері ескерткіші. Бұл қорым
Маңғыстау ауданы Шетпе кентінен 35 км қашықтықта,Бекі елді мекенінің батыс
жағындағы Қандыбас қырқасына таяу, Қандыбас қыстағының батысынан 5 км жерде орналасқан.Мешіт тау шатқалының төменгі қабатынан табиғи үңгірлерді пайдалана отырып,ойып жасалған.Мешіт құрылысы 3 бөлмеден тұрады: Кіреберісінде бір бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал, үлкен бөлменің төбесі тастан құралған бағандармен бекітіліп шегенделген. Екі бөлменің төбесінен жарық түсетін дөңгелек терезелер ойылған.Қорым мен жер асты мешіті Маңғыстаудағы киелі орындардың бірі болып саналады.Жер асты мешіті мен қорым 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған.
(Қараман Ата жер асты мешіті)
Слайд 151.Маңғыстау Қазақстанның қай
бөлігінде орналасқан?
2. Маңғыстау ауданы қай жылы құрылды?
3. Маңғыстау жазушысы
Әбіш Кекілбаевтың туған жері?
4. Маңғыстауда өсетін
емдік шөптерді ата?
5. Маңғыстауда орналасқан қорық?
6. Маңғыстауда қандай тауларды білесің?
I топ
Слайд 16ІІ топ
Маңғыстауда неше аудан бар?
2.Маңғыстау оңтүстігінде қай
елмен шектеседі.
3. 1963жылдан 1991жылға дейін Ақтау қаласы қалай аталды?
4. Маңғыстау
облысының әкімі
5.Маңғыстаудан шыққан атақты адамдардан кімдерді білесіңдер?
6.Маңғыстау қызыл кітабы қай жылы жарық көрді?
Слайд 17«…Маңғыстау тұрғындарына көп адамдар өмірінде тым құрығанда бір рет болып
көруді армандайтындай жерде тұру бақыты бұйырған. Осы бір қасиетті жерде
көптеген әйгілі адамдар, әулиелер жаны тыныштық тапқан. Лайым олардың рухы сіздерді қоршап-қорғап жүрсін, сіздерді қолдап жүрсін, бақытты өмір жолына бағдар берсін…» Нұрсұлтан Назарбаев