Сүйінбай Аронұлы (1815, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы – 1898, сонда) – айтыс ақыны.Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть