Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Дәрігерге дейінгі дайындық кафедрасы
СӨЖ
Орындаған: Абдуалиева А.
Тулашова Б.
БалтабаЕВ Е.
Тексерген: Искаков.Д.Е.
Қарағанды 2010ж.
Тақырыбы: “Жанұямен қарым-қатынаста жеткен жетістіктерді және
қиыншылықтарды талдау”
Слайд 2Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жанұямен қарым-қатынастар жайлы жеткен жетістік.
2.Қарым-қатынас жасаудағы қиыншылықтар
3.Адам аралық
қатынастар жөніндегі жалпы түсінік
4.Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
5.Таным мен түсінудегі
қателіктер себебі
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар:
Слайд 3Жанұямен қарым-қатынаста жеткен жетістіктері мен қиыншылықтарын талдау.
Дәрігерлердің жұмысы тек
қана ауырып келген адамдарды емдеу ғана емес,олардың көңіліне жол таба
білу.Рухани жағынан талығып келгендер де болады.Олар өздерінің ауыратындығына ренжіп,келешекке деген сенімі қалмайды.Сондай жандарды дәрігерлер емдеп қана қоймай,олардың көңіліне жол таба білу керек.Дәрігер науқаспен ғана емес,оның жанұясымен де қарым қатынаста болу керек.
Слайд 4Жануямен жағымды қарым қатынас орнатудың тәсілдері:
1.Адамдармен қарым қатынас жасауға шынайы
қызығушылығыңызды білдіріңіз.
2.Күлімдеңіз!
3.Есіңізде болсын!Адам үшін оның есімінің тәтті және маңызды үнмен
айтылуы зор рөл атқарады.
4.Жақсы тыңдаушы бола біліңіз.
5.Әңгімені сізбен әңгімелесушінің қызығушылықтары төңірегінде өрбітіңіз.
6.Басқа адамдардың сіз үшін маңыздылығын шынайы сезіндіріңіз.
7.Есіңізде болсын! Бенджамен Франклин: «Мен ешбір адам жайлы жаман сөз айтпаймын.Мен әрадам жайлы маған белгілі барлық жақсы жақтары жайлы айтамын.»
8.Адамдарды кінәлаудың орнына оларды түсінуге тырысыңыз.Бірақ,түсіне және кешіре білу үшін өзіңізді өзіңіз бақылауды міндетті түрде меңгеруіңіз қажет.
9.Оверстриттің даналық кеңесін қайталасақ: «Ең алдымен басқа адамда сізбен қарым қатынас жасауға қандай да бір күшті тілек тудырыңыз. Қолыңыздан келсе,бүкіл әлем сізбен бірге қолыңыздан,қолыңыздан келмесе жалғыздықта тіршілік етесіз.»
Слайд 5Жанұямен әрдайым жағымды қарым қатынаста болу керек.
Слайд 6Жоғарыда айтқан ережелерді орындау үшін мінезді тәрбиелеуіміз керек.
Мінезді қалай тәрбиелеуімізге
болады?
Жақсы мінез өміріңнің сарқылмас бір байлығы,
Жүректерге шуақ төгер мінездердің жайлығы.
Жан
әлемін байқататын мінез-адам байлығы,
Өмірменен шалқып ағар бойда мінез арнасы.
«Адамның басына қонған бақытының тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты» деп Әл –Фараби бекер айтпаған.Мінез адам бойындағы көп қасиеттің бірлігі,түрлі өзгешеліктердің қосындысы.Адамды әр қырынан танытатын қасиет болғандықтан, адам бойында жақсы қасиеттер мен бірге жағымсыз қасиеттер де болады. Кей адамдар «Менің туғалы мінезім осындай,бұл мінезімді енді өзгерте алмаймын» -деп теріс пікірлер айтып жатады.Ал шындығында келгенде мінез өзгермейтін тума қасиет емес.Ұлы Абай: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам,адам мінезін түзеп болмайды деген адамның тілін кесер едім »-деген екен.Бойдағы жағымсыз мінезден арылып,мінезді тәрбиелеуге болады екен.Ал мінезді тәрбиелеудің қандай жолдары бар. Бойға жақсы қасиеттерді,жаман әдеттен қалай арылуға болады? Міне осы сауалдар төңірегінде ой бөлісіп,пікір айту үшін мінезді қалай тәрбиелеуге болады деген тақырыпта пікірталас жүргізуге немесе үгіттеуге болады.
Слайд 7Адам аралық қатынастар жөніндегі жалпы түсінік
Адам аралық қатынас дегеніміз-қарапайым да
күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасында
қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушілікпен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді емес.
Мысалы: бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз міндетін ойдағыдай атқарып жүрген доктор бір науқасына үлкен сүйіспеншілікпен танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қоныстар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құкы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сыйпатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданды, топтық қатынастар деп аталады
Слайд 8Тең құқықты қатынастар-қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал
тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар
арасында қарама-қарсылық болмай, өз-ара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттері мен тоғысқан шақтар да қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы жанжалды қатынастар өрбиді.
Адамдар арасындағы,тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмәрде адамдардың бір-біріне беретін, бағалары мен мінездемелерінде, әз адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында,өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды.Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілер мен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.
Слайд 9Дәрігер науқаспен ғана емес,оның жанұясымен де қарым қатынаста болу керек.
Слайд 10– Отбасының жылуы мен берекесі ананың ақылы мен парасатында. Ұлт
тұлғаларының ұжданы мен келбеті ананың жүрегі мен қан тамырының тазалығында.
Кемеңгер М.Әуезовтің қазақ отбасы туралы «Ұлт болам десең бесігіңді түзе!» деген ұлағатты сөзінің қадір-қасиеті ерекше артып тұрған дәуірге келдік. Өнегелі ұрпақ тәрбиесінің ошағы – қазақ шаңырағының орны ерекше. Отбасы атқарар маңызды шаруаның үлкені – ұлтжанды, елшіл азамат тәрбиелеу. Біз сияқты ұзақ жылдардан кейін тәуелсіздік алған халыққа ең алдымен отаншыл ұл-қыз өсіру міндет. Ол үшін ең бастысы туған тілді білу. Біздің рухани көгеруіміздің негізінде ана тіліміз жатыр. Осыны жас ұрпақтың бойына сіңіруіміз қажет. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұлағатты сөзін ең алдымен отбасымызда іске асыруымыз керек.
– «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ата-бабаларымыз балаларына алдымен отбасындағы тәрбие өнегесін үйреткен. Одан кейін «Е, Құдайым, бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең бір-бірлеп ала бер» деп ұрпағының санасыздығынан түңілген. Ұлттық салт-дәстүрлеріне елуден астам тәрбие үлгілерін қолданған ата-бабаларымыз, әдеп, ырым-тиым, жөн-жосық, қалып-қағида ережелерін жасаған. Дана халқымыз «балаңды бес жасқа дейін хандай сыйла, он екі жасқа дейін құлыңдай жұмса, он үш жастан кейін ақылшыңдай кеңес» деп айтқан. Бұрынғылар жастарға сенім артып, оның есеюіне, отаншыл, көпшіл, халықшыл, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне мақал-мәтелдер арқылы ықпал еткен. Сол арқылы тәрбие мен тіл қалыптасқан. Қазір керісінше, немерелерін орыс тілінде оқытып, орыс тәрбиесін беріп, ұлын орыстың қызына үйлендіріп, доңыз етін жеп отырған қазақтың қариялары көп. Оларға тіл туралы, ұлт туралы айтсаң өзіңе қарсы сөйлейді. Мұның бәрі ұлттық сана-сезімнің, халықтық тәрбиенің жетіспегендігінен. Елдің намысын, арын қорғай білмейтін жасық, жағымпаздардың тым көбейіп кеткендігінен туып отыр.
Слайд 12 Сырқатпен қарым-қатынаста медициналық қызметкердің дауыс көтермей
бірқалыпты, шыдамдылықпен, тіл мәдениетін сақтап, тұрпайылық жасамауы керек. Сырқаттың көңіл-күйін
көтеріп отыруы керек. Сыпайы мейіркеш әрдайым сырқат адамның ықыласына бөленеді. Медицинада қызмет ететін адамдарға ерекше адамгершілік талап етілген. Себепсіз сырқатқа көмек көрсетпегені үшін және бұл қылығының қауіпті жағдай туындаса, онда медициналық қызметкерлерді қылмыстық жазаға тартады. Аурудың әсерінен сырқаттар жиі ашуланшақ, шыдамсыз, қыңыр келеді. Сондықтан олармен салғыласып, дауыс көтеруге болмайды, керісінше оларды жұбатып, айтқандарын істеу керек.
Слайд 131.Әңгімелескенде қолайлы жағдай жасаңыз.
Біріншіден жарықты бағалаңыз.Тым жазық
немесе жартылай жарық емделушіңіздің және сіздің көзіңізді шаршатады.Сізге немесе науқасқа
сұраққа ынта қоюға шу кедергі болмай ма? Осындай кедергілерді жоя алмасаңыз, әңгімелескенде әңгімені жалғастыру үшін басқа бөлмеге ауысуды ұсыныңыз.
Егер емделуші әңгіме біреуге кедергі болғанын сезсе, өзін қолайсыз сезінеді.Мүмкіншілік болса танысуда емделушінің палатадағы көршісі жоқ уақытына жоспарлаңыз.Басқаларды уақытша сыртқа шыға тұруларын сұраңыз, науқастың келісімімен достары мен туысқандарына бірге болуларына мүмкіншілік жасаңыз.
Емделуші дайын ба?Егер ол шаршаса, бір рәрседен шаршаса, қорықса ,бір жері ауырса ол қапаланып, сөзге сараңданатын болады.Бұл жағдайда танысуды басқа күнге ауыстырыңыз.Емделушінің сырқаты болса,дәрігер дайындаған
Амалдарды орындаңыз.Әңгеіме 15 минуттан кейін аз уақыт бөлмеңіз.Асықпаңыз;жақсы нәтиже алу үшін әңгіме сағатқа ауысуы мүмкін.Мәселен, әңгімелесуге сіздің уақытыңыз жоқ делік.
Слайд 142.Емделушімен әңгімелескенге дейін ол туралы барлық мәліметті алдын ала біліп
алыңыз.
Бұрынғы емделген жерлерден де мағлұмат жинастырыңыз.Осылайша, сіз уақытыңызды үнемдейсіз
және науқасты
шаршатпайсыз.Бірақ алынған мағлұматтан қорытынды шығаруға тырысыңыз.Сізде емделушінің және туысқандарының толық мекен жайы, телефоны жұмыс орны туралы мағлұмат бар екеніне көз жеткізіңіз.
Слайд 15 3. Емделушіңізбен сенімді қарым-қатынас құруға тырысыңыз.
Емделушімен әңгімені өз есіміңіз
бен қызметіңізді атаудан бастаңыз.Емделушіңізді аты-жөнімен атаңыз,жақсы дауыс ырғағын қолданыңыз.Оның айтқанына
көңіл бөліңіз.Қызығушылықпен қараған көзқарас және анда-cанда оның сөзін қайталау күткен нәтижеге жетуге көмектеседі.Егер сіз тік сөйлейтін, жаныңызға жақындатпайтын селқос адам болсаңыз, ол сізге сене алмайды.
Емделушінің бетіне қарап, көзімен түйісініз, сәл жымиыныз. Алынған мағлұмат дұрыс ем мен күтімді анықтауға көмектесетінін айтыңыз.
Слайд 16 4. Әңгіменің сарынын белгілеңіз.
Әңгімені “жан- жағдайыныз қалай?”немесе “сізді
немазасындырады?” деген сұрақтардан бастаныз. Науқастын өзсырқатын айту барысында сіз тексеріске
жататын белгілерін анықтайсыз және бұл науқастын көніл күйімен түсіну денгейін бағалауға көмектеседі. Науқастан алынған мағлұматты ешкімге жария қылмаңыз. Науқасқа сіздің сұрақтарыңызға бос жауап беруге мүмкіншілік тудырыңыз, тақырыптан кетіп қалған жағдайда негізгі әнгіменің тақырыбын еске түсіріңіз. Ол үшін оның денсаулығына байланысты сұрақ қойыңыз. Әнгіме барысында өзіңізді бақылауыңыз, түсінікті, жай сөлеңіз. Медициналық терминдерді пайдаланбауға тырысыңыз. Сіздің емделушіңіз оларды түссінбей қалуы мүмкін. Науқас сұрақтарды түсінгенде күдіктенесіз бе?
Сіздің айтқаныңызды өз сөзімен қайталап беруін сұраңыз. Қалай жауап беретініне көңіл аударыңыз. Емделуші өзінің ауру екенің түсіне ме? Осылайша, емделушінің сезімін түсініп, сіз өзіңізге көмектесесіз.
Слайд 17 5. Нақты сұрақтар қойыңыз.
Көп жауапты талап ететін сұрақтар қойып
көріңіз. “Аяқталмаған” сұрақтар емделушінің назарын жұмылдырады және оны толық жауап
қайтаруға мәжбүр етеді. Емделушіңіздің жауабына құлақ түріңіз. Олар өз артынан басқа сұрақтар тудыруы мүмкін. Мысалы: “сіздің көз көруіңіз қалай?”. Егер ол “кейде көз алдым ағарып кетеді”деген жауап берсе сұрақ қойуды жалғастырыңыз. “Бұл жиі болып тұра ма және ұзаққа созыла ма?” деп сұраңыз.
Слайд 196. Белгілер жасаңыз.
Науқастан алған барлық мағлұматты жазбаңыз. Оның орнына қысқаша
керекті фразаларды, мерзімін, уақытын жазып, кейін жазғаңызды толықтырып отырыңыз.
Слайд 20 7. Жеңіл түсіндіріңіз.
Емделушіңіздің сұрақтарын көтермелеңіз. Жай, асықпай, жеңіл түсіңдіріңіз.
Егер емделушіге сіздің нұсқауларіңіз. Егер емделушіге сіздің нұсқауларыңызды қайталау қиынға
түссе, қысқаша белгілер жазыңыз.
Емдеудің тиімділігі бірқатар дәрежеде аурудың медициналық қызметкерлерге сенуіне байланысты: “жазып шығам деп сену-сауығудың бел ортасы”. Емдеудің барлық кезеңденде де сырқаттың сауығатынына сенім тудыру қажет, ол-гуманисті-дәрігердің парызы, ал гуманизм-медициналық мамандықтың табиғи қасиеті.
Слайд 22Медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмның көрінісі. Қоғамдағы адамдардың сырқатпен мінез-құлқын, олардың
бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым-қатынасын реттейтін ережелерге сәйкес келетін
киім сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау қажеттілігі, бас киім, артық әсем заттар және косметикалық бояулардың болмауы, халат, медициналық қалпақтың тазалығы. Осы белгілерден медициналық этика құралады.
Слайд 23Әр дәрігер тек қана білім және ілім ғана емес сонымен
қатар Дәрігер науқасқа рухани азық та бере білуі тиіс. Науқастың
сырқатының әрқилылығына қарамастан дәрігер олардың әрқайсысымен байланыс орната білуі тиіс. Ал науқас дәрігер жұмысының қиындығын түсіне білуі керек. Өз кәсіби біліктігін арттыруға, білімін тереңдетуге медицина қызметкерлерінің міндетті қасиеті. Дәрігер қыран көзді, жұмсақ қолды, жыландай сабырлы, арыстан жүректі болуы керек дегендей әрбір медицина қызметкері өзінің жұмысына жан-тәнімен беріліп істеу керек. ҚР-ның болашақ дәрігерлері біз болғандықтан өз мамандығымызға салмақпен қараған жөн.
Слайд 24 Сырқатпен қарым қатынаста медициналық қызметкердің дауыс көтермей бірқалыпты, шыдамдылықпен,
тіл мәдениетін сақтап, тұрпайлық жасамауы қажет. Сырқаттың көңіл-күиін көтеріп отыруы
керек. Әдепті мейіркеш әрдайым сырқат адамның ықыласына бөленеді.
Әрбір тарихи дәуірдің әділеттілік, адалдық, парыз туралы өз түсінігі қалыптасады. Медицина-өте ежелгі мамандықтардың бірі. Ол өте бай емдеу тәжірибесін жинақтап, адамзат қасиетінің басқа түрінен өзгешілігі бар белгілі бір сипатқа ие болды. Медицина ғылымының әлеуметтік-саяси құрлысы мен шарты өз морал және этика нормалдары бар. Медицинада қызмет ететін адамдарға ежелгі заманнан бастап ерекше адамгершілік талаптар қойылған болатын. Көне медицинада дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптар мен моральдің нормалардың тұтас кодексі тұжырымдалған.
Слайд 25 Көне медицинаның негізін қалаушы Гиппократтық(б.з.д.460-377ж.ж) дәрігердің беделіне үлкен мән
берген адамгершілік өжеттері ерекше таралады. Ол: “Дәрігер, егер түсі жылы
...өзін-өзі жақсы,таза ұстаса, жақсы кимі болса...Мейлінше мінезі тамаша,мырза, мәнді және адам сүйгіш болсын”,-деп жазды.
Орта ғасырлық дәуірде медициналық қызметкерлердің мінез-қылығына философ әрі ғалым Авиценна (Ибн Сина) көп назар аударды. Оның айтуынша дәрігер қыран көзді,мамық қолды, жыландай сабырлы, арыстан жүректі болуы керек.
Слайд 26
ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ...
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа
түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.
Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен Имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім»,- деуі арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, Имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: «Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар» (Мұхаммед пайғамбар),- деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі - Құран»,- деп жауап берген. Ізгі істер діни ұғым бойынша Имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұсынылады.
Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағында жаратылыс жұмбағы, Алла мен адам қарым-қатынасы, иман жайлы жазған туындылары қамтылған. Ой бастауы Құран Кәрімнен құйылар Шәкәрімнің сыр сөздері бүгінгі қоғамның тынысымен үндес екендігі даусыз. Қазақ қауымының ғана емес, жалпы адамзат баласының рухани қазынасы үшін өлмес өсиет қалдырған Шәкәрім бабамыздың асыл мағыналы сыр сөздерінің жылдар өткен сайын
жаңғыратыны шындыққа айналып отыр. Сондықтан да «иманына қазақтың талапты жастарын таныс қылмақ үшін Шәкәрім бұл жинағында»:
«Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды»,
немесе
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзінің
Ақылға алдым сыйғанын,-
деген екен.
Слайд 27Қазіргі мораль адамдардың бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты,
принциптік пен табандылықты еңбекті сүюді ата-аналармен, балалармен, жолдастарымен, достарымен т.б
өз ара қамқорлық пен сыйластық қарым-қатынас жалауды талап етеді. Оған гуманизм, әділеттілік ортақ игілік, жақсылық, адалдық туралы игі түсінік жатады және ол колективтік пен ынтымақтастық рухындағы мінез-құлықтың жоғары адамгершілік нормаларын қалыптастырады.
Слайд 29 Деонтология мен медициналық этикалық принциптерін қолайлы іске асыру үшін
мынадай жағдайлар қажет: парыз сезімі, өз мамандығына бейімділігі мен білімін
үнемі жетілдіру. Медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп оны дәрігердің ойықтырғыш күш қабілетінің күштілігіне иландыру керек. Гиппократ:-‘не істеу керек болса да бәрін байсалды және шебер істей біл.’ Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш, орынды сөздермен достық пейілмен мақұлдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да орнықты түрде асырып, ал кей кезде оған сүіспеншілік білдіріп, балу айту керек”- деген.
Деонтология –науқастың,оның туыстарының,қоршаған ортаның психологиясына әсер ететін,науқаспен қарым қатынас,дәрігер тәртібін қадағалайтын ғылым саласы болып табылады………………………..
Слайд 31Қортынды:
Қорыта келгенде жанұямен әрдайым жақсы қарымқатынаста болу керек. Дәрігерлер науқасқа
ғана емес отбасынада уақыт бөлу керек.
Өздерінің ауыратындығына ренжіп,келешекке деген
сенімі қалмайтың жандарды дәрігерлер емдеп қана қоймай,олардың көңіліне жол таба білу керек.
Слайд 32Пайдаланған әдебиеттер:
1. “Мейірбеке ісінің негіздері”
С.Қ Мұратбеков 2008ж. Көкшетау.
2.
“Сырқат науқастарды күту”
Л.С Заникина 1992 ж. Алматы.
3.Общий
уход за дольным С.А Мухина, И.И Тарновская .
Учебная литература.
4. Общий уход за больным, 1988г.
Мурашка В.В, Шуганова Е.Г, Танченко А.В
5. Основы общего уходы за больным. Гребенев А.Л Шевтулин. Москва “Медицина” 1991г.