Слайд 1“Астана медицина университеті”А.Қ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметін ұйымдастыру. Диспансеризация
принциптері. Қазақстанда ісіктің дамуының аймақтық ерекшеліктері. Әйелдердің өмір сүру салты,зиянды
әдеттері және фактордың ісік пайда болуына әсер ету.
Орындаған: Ғазизова Н.С.431О.М
Тексерген: Мухаметжанов Қ. Қ
Астана 2012 ж
Слайд 2Жоспар:
Қ.Р онкологиялық қызметін ұйымдастыру.
Ісіктің дамуының аймақтық ерекшеліктері
Ісік туғызатын факторлар
Диспансеризация принциптері
Әйелдердің
өмір салты
Слайд 3Онкологиялық қызмет келесі бөлімдерден:
Слайд 51. Статистика
Бүгінгі таңда емдеу мекемелерінде онкологиялық сырқаттардың ішінде сүт безі,
тері, асқазан жəне жатыр мойнының қатерлі ісігі көптеп тіркелуде. Соның
ішінде жатыр мойны ісігіне шалдыққан қыз–келіншектер мен əйелдер дерті өте көп кездеседі.Ұрпақ жалғастырып өрбітетін əйел қауымының бойынан табылған мұндай дерт — ұлттың басына түскен қасірет. Себебі, ел ертеңі, арадағы алтын көпір болып саналатын ұрпағымыздың дені сау, саналы болып жалғасуына ең алдымен абзал аналарымыз жауапты.
Слайд 6Қазақстанда ісік кездесу жиілігі 2000 жылы
Слайд 7Ісіктің дамуының аймақтық ерекшеліктері:
2002 жəне 2004 жылдардағы Қазақстандағы қатерлі ісікпен
ауырғандардың тізімініе талдау жасалды. Талдау жүргізілген аралықта қатерлі ісіктердің пайда
болуы 21,5%-ға (сəйкестігіне қарай 89 129 жəне 113 596 оқиға), 60 жəне одан жоғары жастағы адамдарда – 27,7%-ға (сəйкестігіне қарай 35424 жəне 49 009) өскен. 2004 жылы жаңа пайда болған қатерлі ісікпен ауырған адамдардың 43,1%-ын 60 жəне одан жоғары жастағы адамдар құрайды.
Жаңа пайда болған қатерлі ісік ауруларының бір-шама жоғары өсу қарқындары Оңтүстік Қазақстан облысынан (жалпы алғанда 37,8% жəне 60-тағы,одан жоғары жастағы адамдар – 46,2%), Алматықаласынан (сəйкестігіне қарай 31,8% жəне 36,1%), Ақтөбе (сəйкестігіне қарай 28,6% жəне 36,6%), Жамбыл (сəйкестігіне қарай 27,9% жəне 33,5%), Ақмола (сəйкестігіне қарай 27,9% жəне 38,1%), Қызылорда (сəйкестігіне қарай 27% жəне 30,9%) облыстарынан байқалды. Осы көрсеткіштер, бір жағынан, жаңа пайда болған қатерлі ісіктерді жеке нозологиялық түрлері бойынша тереңдеп талдауды талап етеді. Екінші жағынан, осы үрдістер, шамасы, осы салалардағы диагностика мен онкопатологияны тіркеу сапасының артуымен байланысты болса керек.
Слайд 8 Сонымен қатар облыстар арасында онкопатологияның таралу деңгейі бойынша өнеркəсіп
орталықтары болып табылатын Қарағанды (республикалық көрсеткіштің 15%-ы), Шығыс Қазақстан (12,9%)
облыстары, жəне ірі мегаполис болып табылатын Алматы қаласы (10,5%) алдыңғы орындарды алады. Қала халқының арасында жаңа пайда болған қатерлі ісікпен ауырған адамдар ауыл тұрғындарымен салыстырғанда 2,7 есе көп. 60 жастан асқан адамдар арасында осы көрсеткіш одан 3,2 есе жоғары.Онкологиялық диспансерлердің қалаларда орналасуына байланысты, қала тұрғындарының аурулар диагностикасының білікті əдістерін алу мүмкіндігінің деңгейі жоғары.
Слайд 9Қ.Р онкологиялық қызметін ұйымдастыру.
Жақында осы қатерлі ісік ауруы
жөнінде Қазақтың онкология жəне радикология ғылыми-зерттеу институтында семинар болып өтті.
Семинарға Халықаралық гинекологиялық қатерлі ісік одағының президенті, Киота қаласындағы ұлттық медициналық орталықтың директоры, профессор Шинго Фуджи және оның шәкірті, онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі, Кентаро Шекияма мен Қазақстан Республикасының онкогинекологтары қатысты.
Слайд 10Қ.Р онкологиялық қызметін ұйымдастыру
Семинар барысында медицинасы жоғары дамыған
өзге елдің мамандары жатыр тінінің қатерлі ісігін радикалды хирургиялық емдеудегі
мүмкіндіктерін талқылап, кейіннен соны іс жүзінде көрсету мақсатымен қазақстандық науқасқа 6 сағатқа созылған операция жасады.
«Енгізілген жаңа операциялық” ем нәтижесі ескі әдістен екі есе жақсы. Сондай-ақ, көпшілік науқастың операциядан кейін дәретке баруы қиындап, жатыр мойнының қасындағы тікішек, қуық секілді мүшелерге зақым келетін жайсыз жайттар мүлде болмайды. Себебі, бұл енгізіліп отырған операцияда жүйке кесілмейді, қатерлі ісігі бар жатыр мойын ғана алып тастайды», — деп, жапон маманы өз тәжірибесіндегі операцияның өзгешелігін жеткізеді.
Слайд 12скрининг
Соңғы бес жылдан бері елімізде әлемдік дағдарысқа қарамай, денсаулық
сақтау саласына Цитологиялық скринингтік бағдарламасы іске асырылып, жер жердегі
35 пен 60 жас аралығында қыз-келіншектерді тексеруден өтуде. Қазақстан әзірге ТМД елдері арасында әйелдерді скрининг бағдарламасымен маммографиялық тексеруден өткізген алғашқы және жалғыз ел екенін айта кету керек.
Слайд 13Скрининг бағдарламаның мақсаты — бүкіл әйел қауымының жатыр мойны қатерлі
ісігінің алдын алу.
Қатерлі ісікті емдеудің үш түрлі бағыты бар.
Біріншіден, аурудың
алдын алу, яғни қатерлі ісікке жеткізбеу.
Екіншіден, қатерлі ісік белгілері бар науқасты дер кезінде анықтау.
Үшінші, науқастың бойындағы әр-түрлі себептермен қатерлі ісік белгілері ерте анықталмай қалса да, мықты жаңа технологиялы операциялар және өтімі жоғары химия-терапиялық дәрі-дәрмектерді қолданып, ем нәтижесін жақсарту.
Бүгінгі таңда 1 миллион 300 мың әйел қауымын осы тексеруден өткізіп, 300 науқасты қатерлі ісікпен емдеу үшін тізімге алдық. Оның 90 пайызы ерте анықталған жағдай. Олар дер кезінде вакцина салдырып, ем қабылдаса, Алланың берген жасын жасауға мүмкіндігі бар.
Егер қатерлі ісік ерте кезде анықталса, әрқашан ем нәтижесі жақсы болады.
Слайд 14Қ.Р онкологиялық қызметін ұйымдастыру
Медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін
әрдайым онкогинеколог дәрігерлерді, жылдам жұмыс істеуге хирургиялық нұсқауларды жетілдіру керек.
Ол үшін жаңа жоба, маммография, магниттік-резонансты томография және басқа да технологиялардың қорытындылары негізінде мульти-модальдық суреттерді және емделуші туралы мәліметтерді жинастыра отырып, сүт безінің қатерлі ісігін диагностиялауға көмектесетін жаңа жұмыс жүйесін жасау қажет. Үкіметте осыған орай түрлі бағдарламалар бекітіліп, қолдау жасалып та жатыр.
Слайд 184. профилактика
Ісік туғызатын факторларды 4 топқа жіктеуге болады:
Бірінші топқа
мыналарды жатқызуға болады: майлы, қуырылған және қақталған тағамдарды молынан пайдалану,
үнемі немесе тіпті, аз мөлшерде сыра ішу, алкогольды ішімдікті асыра пайдалану; сонымен қатар радиацияның, зиянды газдардың, улы химикаттардың, асбестік тозаңның, синтетикалық бояулардың ұзақ мезгіл әсер етуі.
Слайд 19Екінші топ
Екінші топ әйелдердің сексуалдық, репродуктивтік және лактациялық функцияларына байланысты
әйелдердің 10 жыл немесе одан да ұзақ уақыт бойы жыныстық
қатынаста болмауы, 30 жастан асқанда соңғы босану немесе түсік жасату, бірінші босанудың 28 жастан кейін болуы, климакстың кешігуі (50 жастан асқанда), лактация кезінде сүттің көп бөлінуі, жыныстық қатынастың айдан астам уақытқа дейін жиі үзіліп отыруы, жыныстық қатынаста қанағаттанбау, бірінші баланың 4 келіден артық салмақпен туылуы, етеккірдің ерте (12 жасқа дейін) немесе кеш (16 жастан кейін) басталуы, жыныстық қатынасқа шамадан тыс құштарлық, баланы 5 айға жетпей емшектен шығару рактің пайда болу қауіп-қатерін туғызады. Мұның осы жағдайды болдырмау мақсатында айтып отырмын
Слайд 20Үшінші топ:
Әсер етуші факторлардың үшінші тобына қабаттаса жүретін
аурулар жатады: сүт безінің ауруы, гинекологиялық аурулар, бауыр ауруы, оның
ішінде бұрын болған сары ауру, артық салмақ, қант диабеті, неврастения, жатырдан қан кету, артериялық гипертензия, қалқанша без жұмысының бұзылуы, гипоталомиялық синдром, сүт безінің, жатырдың жарақаттануы
Слайд 21Төртінші топ:
Төртінші топ – тұқымқуалаушылық бейімділік: мысалы, жақын туыстарының бірінде
емшек безі қатерлі ісігінің болуы диета ұстауды, гимнастикамен айналысуды, белсенді
өмір салтын сақтауды дәрігерлер сүт безі рагінің алдын алудың бірінші шарты деп түсіндіреді.
Слайд 22Диспансеризация принциптері:
Iа—қатерлі ісікке күдіктенетін науқастар;
I6—ісік алды
аурулары бар науқастар;
II—арнайы емді қажет ететін қатерлі ісігі
бар науқастар
IIа—радикалды емді қажет ететін қатерлі ісіктер;
III—қатерлі ісіктен арылған науқастар;
IV—паллиативті және симптоматикалық емді қажет ететін онкологиялық аурудың ауыр формасындағы науқастар (табл.1).
Слайд 23Ia клиникалық топ
Ia клиническая группа
Слайд 28Цервикалді дисплазиядан емделуден кейінгі диспансерлік бақылау. Жатыр мойының ісігі.
Слайд 295. Ағарту жұмыстары
Әйелдердің жыныстық жетілуінің дұрыс қалыптасуы үшін бала кезден-
ақ әсер ететін қолайсыз факторларды жою қажет.
Бұл факторларға:
1)психоэмоциялық жағдайлар;
2)Дәрілік заттардың
жағымсыз әсерлері; (дәрігердің рецебінсіз күшті әсер ететін антибиотиктер, тыныштандырғыш заттарды қолданбау керек);
3)алкоголь, никотин, наркотикалық заттар және т.б;
4)химиялық заттардың ұзақ уақыт әсер етуі (лак, краскажәне т.б.);
5)жыныс мүшелерінің жарақаттары;
Слайд 31Әйелдердің өмір салты
Қазіргі уақытта әрбір әйелде жыныстық аурулар және жыныстық
бұзылыстар кездеседі. Бұл жағдайларды болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
1)
дұрыс тамақтану;
2) жылына 2 рет (күзде және көктемде) профилактикалық кешенді поливитаминдерді, фитотерапия препараттарын немесе емдік шөптерді, жеміс-жидектерді қабылдау керек;
3) жылына 1 рет гинеколог-дәрігерге қаралу;
4)әрдайым таңдап алынған жеке контрацепция әдісін қолдану;
5)зиянды химиялық заттардан аулақ жүру;
6)алгкоголь, никотин, күшті әсер ететін дәрілік препараттарды шектеу;
7)жыныс мүшелерінің қабыну және басқа да аурулары кезінде міндетті түрде дәрігерге қаралып, адекватты ем қолдану.
Слайд 32Қолданылған әдебиеттер:
Абдурасулов Д.М., Никишин К.Е Первично-множественные опухоли / под ред.
проф. А.В. Чаклина. Т.1 – Ташкент: Медицина, 1968. – 652
с.
Атлас TNM: Иллюстрированное руководство по TNM / pTNM – классификации злокачественных опухолей: Пер. с англ. / Под ред. В.Е. Кратенка, Е.А. Короткевича. – Минск: БелЦНМИ, 1998. – 381 с.
Блохин Н.Н. и соавт. Противораковая пропаганда. – М.: Медицина, 1980.
Ганцев Ш.Х. Онкология: Учеб. для студентов мед. вузов – М.: Медицинское информационное агентство, 2004. – 516 с.
Клиническая онкология: Справ. пособие / Фрадкин С.З., Залуцкий И.В., Аверкин Ю.И. и др.; Под ред. Фрадкин С.З., Залуцкий И.В. – Мн.: Беларусь, 2003. – 784 с.
Приказ МЗ РБ № 205 от 27 августа 2004 г. «О мерах по совершенствованию работы онкологической службы Республики Беларусь».
Приказ МЗ РБ № 75 от 23 апреля 2003 г. «Об утверждении форм учетной медицинской документации по онкологии и Указаний по их заполнению».
Приказ МЗ РБ № 48 от 25 января 2006 г. «О диспансеризации больных онкологическими заболеваниями».
Приказ МЗ РБ № 76А от 12 февраля 2004 г. «Об утверждении протоколов диагностики и лечения злокачественных новообразований в системе МЗ РБ».