Слайд 1Күйіктер
Қ.А Яссауй атындағы қазақ түрік халықаралық университеті
СӨЖ
Орындаған: Серикбаев
М
Тобы: 409 ЖМ
Тексереген: Жүнісова Ж.
Слайд 2Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты
ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және
одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекеттердің әсерінен туындайтын спецификалық зақымдарын айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Слайд 3 Зақымдаушы энергияның түріне байланысты оларды
термиялық,
химиялық,
элекртлік
сәулелік күйіктер
деп ажыратады.
Слайд 5Зақымданудың тереңдігіне байланысты 4 деңгейге бөлінеді:
І деңгей – беткей
эпидермальді күйік, терінің қызаруы және ісік;
ІІ деңгей – терінің
жоғарғы қабатының күйігі, қызару мен ісік үстіне көпіршіктер пайда болады, сұйықтық толады;
ІІІа деңгей – дермальді күйік,меншікті терінің зақымдануы, бірақ барлық қабаттар өзгеріске ұшырамаған, өсу қабаты мен тері қосалқылары сау қалады;
ІІІв деңгей - күйік терінің барлық қабаттарына тараған, өлеттеген қабыршақ түзіледі.
ІҮ деңгей - терінің және тері асты клеткаларының, бұлшықеттерінің, сүйектердің зақымдалуы. .
Слайд 7Күйікті емдеудің ерекшеліктеріне қарай және болжамына байланысты оларды екі топқа
бөледі.
Бірінші топқа беткей орналасқан (І,ІІ,ІІІа дәрежелі) күйіктер
Екінші топқа терең орналасқан
(ІІІв және ІҮдәрежелі) күйіктер жатады.
Слайд 9Күйік ауданы тоғыз ережесі және алақан ережесі арқылы анықталады.
Алақан
әдісі - ересек адам алақанының ауданы дене ауданының шамамен 1
% құрайды.
Тоғыз ережесі бойынша - дененің ірі бөліктері дене беті ауданының 9 немесе 18 % құрайды. Егер зақымданған жердің жалпы ауданы 10%-дан жоғары болса, күйік ауыр болып саналады
Слайд 10Күйік ауданын тоғыз ережесі арқылы анықталуы
Бас және мойын аймағы — 9 %,
Кеуде—
9 %,
Іш — 9 %,
Дененің артқы жағы 18%,
Әр қол жеке есептеледі 9 %,
Сан —
9 %,
Тізе және сирақ — 9 %,
промежность и наружные половые органы — 1 % поверхности тела
Слайд 11Күйік жарасының морфологиялық көрінісі
Күйік жарасының ағымы жарақаттың тереңдігіне байланысты болады.
І - ІІ дәрежелі күйікте серозды асептикалық қабыну, әдетте іріңдеумен
асқынбайды және жедел қабынуды басқаннан кейін ,міндетті түрде эпителиальді элементердің регенерациясы жүріп , жара жазылады. Күйіктің ІІІа, ІІІв және ІҮ дәрежелерінде жараның жазылу үрдісі басқаша болады. Күйік болған мезетте тіндер өлеттенеді, реактивті жарақаттық ісіну дамиды, іріңді демакарциялық қабыну пайда болады, регенерациялық кезеңі басталады. Регенеративті кезеңінде грануляция, эпителизация және тыртықтану үрдістері дамиды.
Слайд 13Клиникасы
Күйік ағымы бойынша 4 кезеңнен өтеді.
Күйік шогы
Жедел токсемия
Септикопиемия
Реконвалесценция
Слайд 14Күйік шогы кезеңі 24 – 48 сағатқа дейін созылады. Дене
қызуы алғашқы 6 сағатта 37°С дейін жоғарылайды. Науқаста қызу, ауырсыну,
мазасыздану болады. Тыныс алу беткей, жиі, пульс әлсіз жиі 140- 160рет минутына, АҚ төмендейді,терісі бозарып, аяқ қолы суып,денесіне суық тер шығып, олигурия,анурия болады.
Слайд 15Жедел токсемия кезеңі күйік шогінен шыққаннан кейін 4 – 12
күнге созылады. Интоксикация көрінісі болады. Плазма жоғалту және белок ткані
ыдырауынан белок алмасуы бұзылады. Бактериемия, анемия, белок жетіспеушілігі және төменде көрсетілген асқынулар пневмония, диарея, стоматит, отитке әкеледі. ЭТЖ, плазмадағы қандық азот жоғарылап қанның ұюына қарсы жүйе жұмысы нашарлауы байқалады.
Слайд 16Септикопиемия кезеңі 30- 40 күнге созылады. Ауру біртіндеп күйіктен азады.
Көлемі үлкен жара бетінен токсикалық заттар , микробтар қанға сіңіріліп
тамыр ішіне түседі. 70% науқаста альбуминурия, цилиндрурия, нефрит артынан гломерулонефрит, геморрагиялық васкулит дамуы мүмкін.
Слайд 17Реконвалесценция кезеңінде науқастың жалпы жағдайы жақсарып , жара жазыла бастайды.
Терең күйіктер кезінде жара ұзақ жазылмауынан тыртықты контрактуралар дамиды
Слайд 18Күйік жарасының клиникалық көрінісі
І дәрежелі күйіктерде терінің асептикалық қабынуы дамиды,
қызару, ісіну, ауыру сезімі. 3- 4 күннен кейін эпидермистің жоғарғы
қабаты кеуіп, қоюланып, қатпарланады да, түсе бастайды.
ІІ дәрежелі күйіктер айқын қабынулық көріністермен ерекшеленеді, көпіршіктер пайда болады, ондағы сұйықтықтың құрамы қан сарысуына ұқсас болады. ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 7 - 14 күнге созылады.
Слайд 19І дәрежелі күйік
ІІ дәрежелі күйік
Слайд 21ІІІа дәрежелі күйіктің бетінде құрғақ, ашық - қоңыр немесе ашық
- сұр түсті қабыршақ пайда болады,ол демаркациялық жолақ түзіп, сау
тіндерден ажырайды. Іріңді демаркациялық қабыну тері негізінің дәнекер тіні деңгейінде өтеді. Қабыршақтың ыдырауы 2 - 3 аптаға созылады.
Слайд 22ІІІв дәрежелі күйіктің негізгі 3 клиникалық түрін ажыратады.
Коагуляциялық (құрғақ
өліеттену)
Жылудың әсерінен терінің жабысуы
Ылғал өліеттену
Құрғақ қабыршаққа қарағанда, жара
ылғал өліеттенуден 10- 12 күн бұрын тазарады. Жазылу кезінде зақымдалған жерде дөрекі ақ түсті келлойдты тыртық пайда болады.
Слайд 26ІҮ дәрежелі күйіктер тері асты шел майы аз дамыған аймақтарда
, ұзақ уақыт ыстық заттың әсер етуінен дамиды. Көбінесе бұлшықеттер,
сіңірлер, сүйектер зардап шегеді. 13% жағдайда аяқ қол бөлігінің өліеттенуі байқалады. Клиникалық ағымы 3 түрде өтеді.
1) қою- қоңыр немесе қара түсті қабыршақтың түзілуі.
2) Көмірленіп күйюі.
3) Қамыр тәріздес ақшыл қабыршақтың пайда болуы.
Мұндай күйіктер өздігімен жазылмайды, сондықтан тереңдетілген некрэктомия және аяқ қолдың ампутациясы орындалады.
Слайд 30Күйік кезіндегі алғашқы көмек
Сіздің бірінші қадамыңыз термиялық агенттің зақымдау әрекетін
тоқтатуға бағытталған болуы тиіс. Жанып жатқан киімді не жұлып тастау
немесе үстіне көрпе жабу қажет. Кейін киімді кесіп (шешпеу)алып, тастау керек. Термиялық күйіктер кезінде теріні тез салқындату үшін салқын су құйған дұрыс. Химиялық күйіктер кезінде зақымданған теріні алдымен 10-30 минут бойы судың көп мөлшерімен жуу керек, кейін – нейтралдайтын ертіндімен жуады: қышқылмен күйген кезде – сода ертіндісімен, сілтілермен күйген кезде – сірке қышқылының әлсіз ертіндісімен шайады.
Науқасқа 1-2 г ацетил қышқылын және 0,05 г димедрол беру керек. Егер күйік ауданы 15 %-дан асып түссе, онда науқасқа кем дегенде ас содысымен және ас тұзымен 0,5 л су беріңіз (1/2 шай қасық сода және 1 шай қасық тұз 1 л суға).
Күйік жараларына құрғақ стерильденген таңбаларды қойып, пациентті тезірек ауруханаға жеткізу керек.
Слайд 31Емі
Күйік шогын алдын алу және емдеу
Организмнің иммунитетін жоғарылату
Індетпен күресу
Күйік
жарасын жергілікті емдеу
Слайд 32Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1дәрежедегі күйік)
Күйіктен көп зардап
болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын
суға салу керек. Жараның өзін және шеттерін 70% этил спиртімен өңдейді, содан кейін балық майымен немесе 5% синтомицин эмульсиясымен таңып қояды.Кейбір жағдайларда залалсыз құрғақ таңғыш салынады. І дәрежелі күйіктер тыртық қалдырмай аптаның ішінде жазылады.
Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік)
Күлдіреген жерді тесуге болмайды. Вазелинді қайнатып стерилдеп, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салады. Егер вазелин жоқ болса, күйікті ашық күйде үстау керек. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқада майларды жағуғу болмайды. Таңғыш салмай ашық емдеу әдісі ауада инфрақызыл сәулелері бар бөлмелерде, арнайы аэротерапевтік қондырғыларды (АТҚ) немесе залалсыз жылы ауа ағыны бар изоляторларда жүргізіледі. АТҚда 30-32°С қа дейін жылытылған залалсыз тік ламинарлы ауаның ағыны жіберіледі. Осы әдістерді қолданғанда жараның бетінде қабыршақ жылдам түзіліп, ІІ және ІІІ дәрежелі күйік болсада, жара жазылғанға дейін сақталады немесе оданда терең күйіктерде демаркациялық жолақ пайда болғанда хирургиялық жолмен кесіліп алынады.
Емі
Слайд 34Терең күйік жарақаттары
Теріні бүлдіріп, дененің ішкі ағзаларын жалаңаштайтын және
терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып
келеді.
Күйік жарасының бетін құрғатып кептіру, тез арада терең өлі еттенген аймақтарды анықтап некрэктомия орындауға мүмкіндік береді. Ол үшін 5-7ші күннен бастап құрғақ қабыршақтың үстіне некролиттік қасиеті бар танғыштар салынады. Содан кейін өлі еттенген тіндерден тазарған жараның бетіне тесілген, торлы ксенотерінің кесінділерін қояды немесе жұқа қабатты антибактериальды майды жағады. Бірнеше күн өткеннен соң аутодермопластика орындалады.
Некроэктомиядан соң пайда болған үлкен көлемді ашық жараны тері трансплантатымен жабады. ІІІв дәрежелі күйіктердің көлемі 100см2 аспаса ғана өздігінен жазылуы мүмкін. Жақсы нәтижеге аутотрансплантация жасағанда жетеді. Үлкен көлемді күйіктерде арнайы өңделген және консервіленген мәйіттің терісін қолдануға болады (аллотрансплантация). Кейбір жағдайларда жараның бетін ксено терімен уақытша қаптайды немесебрефопластика (эмбрион терісін) пайдаланады. Бұл плазманың жоғалуының алдын алады. Осы мақсатпен жасанды теріні де қолдануға болады. Ол коллаген қабатынан және селиконды пленкадан тұрады және ауа откізетін қасиеті бар.
Слайд 36Күн сәулесінен болған күйіктер жай және білдірмей теріні зақымдайды. Әсіресе
кішкентай балаларда бірнеше сағат ішінде терісі қызарып, құрғап, ысып, ашиды
және аз уақыттын ішінде түлей бастайды.Бала мазасызданып жиі жылап ұйқышыл болады.
Алғашқы көмек мұздай сумен шаю, ылғал матаны денеге жабу. Терінің ыстығын басу үшін алое, огурцы, қызанақ шырынын және суыған қызыл шайдыденеге жағуға болады. Сонымен қатар күйгеннен кейін жағуға арналған косметикалық заттарды және медициналық аэрозольдарды қолдануға болады.
Науқаста күюден сусыздану болмас үшін көп мөлшерде сұйықтық беру керек.
Слайд 39Электрожарақат
Электрожарақат электр тогының әсерінен пайда болатын патологиялық үрдіс. Бүкіл жарақаттың
2,5% құрайды. Өлімнің денгейі 20%. Электрожарақаттың ерекше бір түрі найзағайдан
болатын жарақат. Көбіне адамдар найзағай кезінде электірлі жабдықтардың, жұмыс істеп тұрған телевизордың, радио қабылдағыштың қасында тұрғанда немесе телефонмен сөйлескенде жарақат алады.
Слайд 40Электрожарақаттың патогенезі
Нерв жүйесі арқылы рефлекторлы әсер етуі, ол тыныс алу
және қан айналым бұзылыстарына әкеліп соғады.
Адам денесіне термиялық,электрохимиялық және электродинамикалық
факторлардың тікелей әсер етуі. Жарақатталған адам жүрек қарыншаларының фибрилляциясының, тыныс алу орталағының салдарынан, шоктан және дауыс байламдарының тарылуынан өліп кетуі мүмкін.
Слайд 41Электрожарақаттың ауырлығының 4 дәрежесін ажыратады
І дәрежеде науқас есін жоғалтпайды, бұлшықеттері
құрысып жиырылады.
ІІ дәрежеде науқас есін жоғалтады, бұлшықеттері құрысып жиырылады.
ІІІ дәрежеде
науқас есін жоғалтады, бұлшықеттері құрысып жиырылады және жүрек пен өкпенің қызметтері бұзылады.
ІҮ дәрежеде клиникалық өлімнің белгілері байқалады.
Слайд 42Жарақаттың тереңділігіне байланысты электрокүйіктің 4 дәрежесін ажыратады
Эпидермистің зақымдалуы
Эпидермис ажырап, көпіршіктердің
түзілуі
Терінің барлық қабаттарының коагуляциясы
Тері мен терең орналасқан тіндердің зақымдалуы
Слайд 43Электрокүйікке қоршаған тіндердің ісінуі мен гипэстезия тән. Сонымен қатар парез
бен салдану дамуы мүмкін. Адам денесінен электр тогы өтіп жатқанда
бұлшықеттер құрысып жиырылады, соның салдарынан компрессионды және жұлынған сынықтар, сынық пен буынның шығуы болады.
Слайд 44Алғашқы көмек науқасты дереу токтан ажырату керек. Құтқарып жатқан адам
өзі токқа түсіп қалмас үшін, ток өткізбейтін заттарды (құрғақ таяқ,
арқан, қатты қағаз) пайдаланып, токтан ажырату кжет. Құтқарушыны жерден аластату үшін, аяғының астына құрғақ тақтай немесе резенкеден жасалған зат қойылады. 2 – 4 дәрежелік электро жарақаттарда токтан ажыратып алғаннан соң, науқасқа бірден реанимациялық шаралар жүргізілуі тиіс: жүректің тікелей емес массажы, дефибриллятор пайдаланады және науқасқа интубация жасалады. Тірілтуді тек өлімнің биологиялық белгілері пайда болғанда ғана тоқтатады (дененің қатуы, мәйіттік дақтар)
Жалпы емнің ерекшеліктері жоқ, шокқа қарсы шаралар жүргізіледі, жарақаттанған адамда гипоксия дамитындықтан , міндетті түрде окстгенотерапия орындалуы тиіс.
Слайд 45Қорытынды
Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты
ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және
одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекеттердің әсерінен туындайтын спецификалық зақымдарын айтады
Слайд 46Пайдалынған әдебиеттер
www.google.kz/jedel/jardem00122
Жедел жәрдем негіздері 2006ж
Дәрігерге дейінгі алғашқы жедел жәрдем .
Кемелова М.М 2014.