Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина
Университеті
Фтизиатрия кафедрасы
Тақырыбы: Өкпе түберкулозының клиникасы
Орындаған: Сеитова Б.Д.
Тексерген: Серикбаева Н.М.
Қарағанды 2014
Слайд 2І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
*туберкулез туралы түсінік
*Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінің ағымының
3 клиникалық варианты ажыратылады:
*Жіктелуі.
* Клиникасы.
*ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОЗ
ІІІ.Қорытынды
жоспар
Слайд 3Туберкулез - туберкулез микобактериясы қоздыратын, жасушалық аллергия, əртүрлі ағзалар мен тіндерде
арнайы түйіршіктер пайда болуымен, полиморфты клиникалық көріністермен сипатталатын инфекциялық ауру.
Слайд 4 Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезінің ағымының 3 клиникалық варианты
ажыратылады:
1. Шектелген немесе салыстырмалы тұрақты фиброзды-кавернозды туберкулез - бұл зақымдауы
шектелген жəне ағымы тұрақты басталып кетуі сирек болатын фиброзды-кавернозды туберкулез.
2. Күшейе беретін фиброзды-кавернозды туберкулез.
3. Әртүрлі асқынулары (қан қақыру жəне өкпеден қан кету, өкпе-жүректік жетіспеушілік, өкпелік жүрек, кенеттен болған пневмоторакс, өкпеқап эмпиемасы, бронхтар мен көмейдің туберкулезі, ішкі ағзалардың амилоидозы) бар фиброзды-кавернозды туберкулез
Слайд 5Жіктелуі.
1.Туберкез интоксикациясы:
А) ерте туберкулез интоксикациясы;
Б) кеш туберкулез интоксикациясы;
Слайд 62. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:
А) біріншілік туберкулездік жиынтық;
Б) өкпенің ошақты
туберкулезі;
В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;
Г) туберкулездік бронхоаденит;
Д) туберкулездік плеврит;
Е) жоғарғы тыныс
жолдарының туберкулезі;
Слайд 73.Басқа ағзалардың туберкулезі:
А) сүйек туберкулезі;
Б) лимфа түйіндерінің туберкулезі;
В) туберкулездік менингит;
Г)
тері қабатының туберкулезі;
Д)зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі
Слайд 8Туберкулез интоксикациясы – ерте және кеш туберкулез интоксикациясы болып екіге
бөлінеді. Ерте туберкулез интоксикациясында микобактериялар организмге енгенмен, әлі белгілі бір
ағзаға шоғырланып үлгермеген, балада жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен байқалады: бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді, салмағын қоспайды, субфибрильді температкра байқалады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Аталған белгілер 1-4 айға деін созылады, дер кезінде анықталып, ем жүргізілсе, бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе таберкулездің басқа түріне айналып асқынады. Аталған ерте туберкулез интоксикациясының белгілері туберкулез виражынан кейін 6 -12 айдан өткесін де байқалса, ол созылмалы туберкулез интоксикациясына айналған. Оның өзі 2 түрде – жеңіл және ауыр түрлерінде өтеді.Жеңіл түрінде баланың жалпы жағдайы көп өзгермейді, кейде ғана тез шаршағыштық, мазасыздық, төмен субфебрильді температура байқауға болады. Ауыр түрінде – баланың жалпы жағдайы өзгереді, интоксикация белгілері анығырақ білінеді, шеткі лимфа түйіндері ісініп, қатаяды.Баланың жиі-жиі көзі ауырады, кейде аяқ- қолында, санында қошқыл түсті бөртпелер аңықталады. Қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылайды.Дұрыс ұйымдасттырылған ұзақ уақыт ем жүргізілсе бала жазылып кетеді.
Слайд 9Аурудың белгілері интоксикация белгілерінен басталады:алғашқыда жоғары температура (38-39 С), кейіннен
ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді температураға айналады. Осымен қатар тыныс алу
ағзалары тарапынан өзгерістер анықталады: сирек, құрғақ жөтел, өкпенің зақымданған тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы, тыңдап көргенде- дем алысының, өкпе дыбысының әлсіреуі, сирек естілетін құрғақ сырылдар. Рентгенограммада: өкпедегі қабыну ошағы және үлкейген лимфа түйіндерінің қатайғанын – петрификаттар мен кальцинаттарды көруге болады. Қанда лейкоцитоз, лимфопения, эозинофилия, өте жоғары ЭТЖ 35-40 мм/ сағатына анықталады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Уақытында диагноз анықталмай, дұрыс ем жүргізілмесе, асқынулары – плевритке, кавернозды, инфильтративті, милиарлы туберкулезіне пайда болады.
Слайд 10Туберкулездік бронхоаденит – туберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе
түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады. Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың
өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Рентгендік тексерісте үлкейген өкпе- бронх лимфа түйіндеріне көре аламыз.Нәтижесінде қабыну процесінің беті қайтып, лимфа түйіндерінде кальцинаттар қалады.
Өкпенің ошақты туберкулезі. Өкпеде, бірнеше сегменттерде, диаметр 1см- дей қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Клиникалық белгілнрі әлсіз білінгендіктен, тек флюрографиялық тексеріс кезінде анықталады
Слайд 11Өкпенің инфильтративтік туберкулезі. Өкпедегі экссудативті қабыну өзгерістерімен сипатталады: пневмония,тұмау белгілеріне
ұқсас басталғандықтан, ажырату қиын болады. Диагнозды толық анықтау үшін рентген
тексеріс пен Манту белгісіне сүйенеміз.
Туберкулездік плеврит. Туберкулездің бұл түрі көбінесе аллергияға бейім балаларда кездеседі. Басталуы жедел, дене қызуы 38-39 С баланың көкірегі, бүйірі шаншып ауырады.Зақымданған жағындағы көкірек клеткасының қозғалысы қалық болады. Осы жағында перкуссия арқылы толық тұйық дыбыс анықталса, аускультация арқылы өкпе дыбысын ести алмаймыз. Рентгенограммада — өкпе ткані көрінбейді.
Слайд 12Туберкулездік менингит. Барлық жастағы балаларда кездеседі. Кейінгі жылдары БЦЖ вакцинасын
егу арқылы туберкулездің бұл түрінің саны азайды. Аурудың клиникасы: байқалмас
баланың қатты басы ауруы, себепсіз құсуы, бұлшық ет тонусының жоғарылау анықталады. Одан кейін шыңғырып жылау, брадикардия, менингеальды белгілер – желке бұлшық еттерінің тартылуы ( Керниг – Брудзинский симптомы). Диагнозды анықтау үшін жұлын-ми сұйықтығын тексеру, немесе Манту белгісін қою көмектеседі.Жұлан-ми сұйықтығының құрамында белок мөлшері жоғарылайды 0,66-2,0% ге дейін, ( норма 0,2-0,3%), 100-600 дейін лимфоцитті лейкоцитоз анықталады
Слайд 13Қорытынды
Қазіргі кезде қоғамымызда туберкулез аурулары жоғары орында тұр.Оның
дамуына өмір сапасы, әлеуметтік тұрмыстық жағдай,демалу, зиянды әдеттермен айналысу, науқастармен
қарым қатынас т.б.факторлар жатады. Бұл аталған факторлар одан әрі дамып, қатерлі дертке айналуына себеп болады. Сондықтан да әрбір адам өз денсаулығына қамқорлықпен қарап,ауырған жағдайда ауруын асқындырмай дәрігердің қарауына жүктелу керек
Слайд 14Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165
- 2012)
1. Tuberculosis. Clinical evidence.2004. 2. Antituberculous medication in ambulatory
care. EBM guidelines. 2005. 3. Practice guidelines. ATS, CDC and IDSA Update recommendations on the treatment of tuberculosis.2003. 4. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Выпуск 3- 2004. 5. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Выпуск 2-2004. 6. Клинические рекомендации плюс фармакологический справочник. М.2004. 7. Хоменко А.Г. Туберкулез. М-1996., с.256-263. 8. Перельман М.И., Корякин В.А., Богадельникова И.В. Фтизиатрия. М-2004., с.282-30.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЗІМІ