Разделы презентаций


Қазақ хандығы дәуіріндегі деректер

Содержание

Қазақ хандығының алғашқы шекарасыТерриториясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Орындаған: Қызайбай Ә.
Тексерген: Уразбаева А.
Қазақ хандығы дәуіріндегі деректер

Орындаған: Қызайбай Ә.Тексерген: Уразбаева А.  Қазақ хандығы дәуіріндегі деректер

Слайд 2Қазақ хандығының алғашқы шекарасы
Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне

дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың

орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.

Қазақ хандығының алғашқы шекарасыТерриториясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал

Слайд 3Көне түркі тіліндегі деректерге қарағанда “қазақ” деген атау Орхон, Енисей

жазбаларындағы “Қазғақ оғлұм” деген сөздегі “ғ” әріпінің түсуі
Ежелгі

Сібір тайпаларының тілдерінде “қазақ” сөзі “мықты” “берік” “алып”
мағынасында

Мәмлүк Египет мемлекетінің “араб-қыпшақ” сөздігінде “қазақ” сөзі “еркін” “кезбе” деген мағына берген.

“Қазақ”
атауы

Көне түркі тіліндегі деректерге қарағанда “қазақ” деген атау Орхон, Енисей жазбаларындағы “Қазғақ оғлұм” деген сөздегі “ғ” әріпінің

Слайд 4Қазақ хандығының хандары:
Керей
Жәнібек
Бұрындық
Қасым хан (1511-1518)
Хақназар хан (1538-1580)
Шығай хан

(1580-1582)
Тәуекел хан (1582-1598)
Есім хан

(1598-1628)
Жәңгір хан (1628-1652)
Тәуке хан (1680-1715)
Абылай хан (1711-1781)
Қазақ хандығының хандары:КерейЖәнібекБұрындықҚасым хан   (1511-1518)Хақназар хан (1538-1580)Шығай хан   (1580-1582)Тәуекел хан  (1582-1598)Есім хан

Слайд 5Қасым хан тұсындағы хандық:
 Керей, Жәнібек және Бұрындық 
хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары

сатыға көтерілді
Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты.


Қазақ

халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді.

Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмеді.

Қасым хан тұсындағы хандық: Керей, Жәнібек және Бұрындық  хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілдіХандық билік этникалық территорияға толық тарап,

Слайд 6Иранда Қасым хан туралы қолжазба
Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі

«Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы – Исмаил

Хусейни Мараши Табризи. Ол өз ортасына Мир Мулайим Бек деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазба Сефевидтер әулетінің (XVI-XVIII ғасыр) та­рихы мен осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертеді. Бұл қолжазба – 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Беттер саны түгел емес, басында және соңында беттері түсіп қалған. Жазуы наста‘лиқ үлгісінде таңбаланған. Қолжазбаның алғашқы бөлімдерінде Сефевидтер әулетінің билікке келу тарихы мен билік құруы туралы әңгіме болады. Ал қолжазбаның соңғы бөлімінде осы әулеттің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. «Тарих-и Сафавие»
Қазақ тарихына қатысты қолжазбалардың бірі Тегерандағы Қажы Хусейн Малек атындағы ұлттық кітапханадан табылды. Мұхаммад Тахир Вахид Қазвини жинақтаған Аббас шахтың көрші елдердің патшалары мен хандарына жазған дипломатиялық хаттарының көшірмелері – «Муншаат» жинағында Иран шахтары мен өзбек хандығы арасында жазысқан хаттардың қазақ тарихын зерттеуге қосар үлесі орасан мол. Себебі сол кездегі өзбек хандарының Иран патшаларымен арадағы дипломатиялық хат алмасуларында Хорасан, Самарқанд, Бұқара, Дешті Қыпшақ және Ташкент аймағында орын алған тарихи оқиғалар әңгіме болған. Дәлірек айтқанда, күш алып, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақ хандығы туралы өзбек хандары Иран шахтарына жазған хаттарында баяндап отырған. Мысалы, Абдулмумин ханның Аббас шахқа жазған хатында «Дешті Қыпшақты мекендеген қазақтардың саны күннен-күнге артып, күшейіп келе жатыр, осы жайды ескеру керек» деп жазады
Иранда Қасым хан туралы қолжазбаТегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл

Слайд 7Қасым ханның қасқа жолы
мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы)
қылмыс заңы

(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); әскери заң (аламан

міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат)

әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны

елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық)

Жұрт-
шылық заңы

Қасым ханның қасқа жолымүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы)қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу);

Слайд 8Хақназар хан тұсындағы деректер:
Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі

қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп қосылып жатты. 1557 жылы

Ноғай мырзасы Ысмағұл орыс патшасы Иван IV: «Менің туыстарым қазір Жайықтың арғы жағында, бізден қалып қойып, қазақ патшасына қосылып кетті» деп арыз айтты. Орыс патшасы Иван IV-нің ноғай арасына жіберген елшісі Семен Мальцев 1569-жылы орыс патшасына: «Хақназар патшаның, Шығай ханзаданың, Шалым ханзаданың қазақ ордалары, ал олармен қоса 20 ханзада ноғайға келіп, ұрыс болды» деп хабарлаған. Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, жоғарыдағы шабуылдар батысқа қарай ауған ноғай тайпаларының Еділ мен Жайық өңірін тастап, Дон сахараларына қарай кетуіне себеп болған көрінеді. Бұл жөнінде тарихшы Ахмет Заки Уәлиди: «1969 жылы Шығай, Хақназар, Шалым сұлтандар бірлесіп, Ысмағылдың баласы Орыс сұлтанға шабуыл жасады, осыдан соң ұзақ тұрмай ноғай мырзалары ақырындап елдерін Жайық пен Еділдің батыс жағына, Дон сахараларына көшіруге, башқұрт елдерін тастауға мәжбүр болды» дейді. Бұл жеңіс Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш-қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. . Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтаардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды. Сонымен қатар ноғайлы дәуірінде жасалған немесе жаңғыртылып жырланған қыруар жырлар, «Қырық батыр жыры» сынды алып эпос қазақ мәдениетінің қазынасына қосылды.
Хақназар хан тұсындағы деректер:Ноғай одағына қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлігі қаңлылар, қыпшақтар тағы басқалар Қазақ хандығына келіп

Слайд 9Тәуекел хан
.1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға Құл-Мұхамедті елші етіп жіберді.Қазақ

елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты мәліметтер

жеткізді. Мәселен, Құл-Мұхамед былай деп хабарлаған: «Ал қазір Бұхарапатшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз, Тинехматтың балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл елшілік туралы істе Тәуекел хан «қазақ және қалмақ патшасы» деп те аталған, бұдан оған Орталықжәне Солтүстік Қазақсстанды мекендеген қазақтарға жақын көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға болады.Сонымен қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол жеткізу және Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегіне уәдесін алу міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды, онда Тәуекелге қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады: Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған сібірпатшасы [[Көшім|Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».Тәуекелдің елшілері Мәскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тәуекелге жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші орындалды.Құл-Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді.
Тәуекел хан.1594 жылы Тәуекел өзін бодандығына қабылдауды өтініп, Федор патшаға Құл-Мұхамедті елші етіп жіберді.Қазақ елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы

Слайд 10Есім хан
Қазақ сұлтандарының өзара қырқысы және Тұрсын ханның өлімі жайында

Махмуд Уәлидің "Бахр Ал-аср" атты кітабының алтыншы томындағы төртінші бөлімінде

мынандай баяндаулар бар: "Сол жылдары, яғни 1036 хижрада (1626- 27-жылдары) Есім сұлтан қалмақ жұртын шаппақ болды. Ол өз туының астына барша алаштан және ұлыстың басқа да бағынышты тайпаларынан, сондай-ақ, Тұрсын сұлтанға сүйеу болған қатағандардан да әскер жинап, Моғолстан шетіндегі қалмақ мекен-жайларына ойран салды. Сол уақытта өзінің негізгі саяси бақталасын құрту кезегін көздеп жүрген Тұрсын сұлтан Түркістан маңайындағы Есім ордасын ойрандап, қалған кісілерін қыру үшін әскер жасақтады. Жасақ жауынгерлері ордаға басып кіріп, талай адамды өлтірді. Есім сұлтанның әйелдері мен балаларын барша жасау-жабдығымен Ташкентке алып кетті. Бұл табысқа масаттанған Тұрсын енді Есім ханның көзін жою қамына кірісті. Мақсаты — күтпеген жерден соқтығып, өзін жол үстінде ұстау. Осындай зұлым оймен ол өз әскерін бастап, Есім сұлтанның алдынан шықты. Екі жақ Сайрам шаһарынан шығысқа қарай, 40 шақырымдай жерде, Сайрамсу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан қазіргі ОҚО Төлеби ауданы,Кеңесарық ауылы маңында, бетпе-бет келіп, "шайқас отын тұтатты". Тұрсын сұлтанның әскері жеңіліп, Ташкентке қарай шегінді". (Ұзаққа созылған (1613-1628 ж.ж.) Есім мен Тұрсын егесіне, Есім жағында Төле бидің атасы дулат Құдайберді мен шапырашты Қарасай батыр қатысқан (Қазыбек бек Тауасарұлы "Түп-тұқияннан өзіме дейін")). Тарихи деректерде Ташкент түбіндегі екінші шайқаста Тұрсынды өзінің жақындары өлтірді делінген. Есім хан Тұрсынның басын кесіп,Имамқұли ханға жібереді. Өзінің бақталасы, опасыз Тұрсынның өлгеніне қуанды ма, өлде Есімханның өзінен қорықты ма — Бұхара ханы оған Ташкентті, Түркістанды, сол маңайдағы қорғаны бар ауыл-мекендерді "сыйлаған".
Есім ханҚазақ сұлтандарының өзара қырқысы және Тұрсын ханның өлімі жайында Махмуд Уәлидің

Слайд 11Есім ханның ескі жолы
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы.

Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң жинағында Қыпшақ,

Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді. Есім хан өзіне дейін көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды өзі билік жүргізгенде қатаң талап етті. Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады. Бұл заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық тарап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәстүрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және т.б. туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстауды қалады. Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды
Есім ханның ескі жолы  Дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523).

Слайд 12Тәуке хан
Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің

бүтіндігі талабынан туды
.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына

бұйырылсын

Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.

Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын

Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын

Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:

Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

Тәуке ханКөтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық

Слайд 13Тәуке ханның «Билер кеңесінің» құрамына

Тәуке ханның «Билер кеңесінің» құрамына

Слайд 14Абылай Хан
Шоқан:  «Қазақтардың  аңыз — әңгімелерінде  Абылай  айрықша  қасиеті  бар 

киелі,  керемет  құдірет  иесі  болып  саналады.  Абылай   дәуірі,  қазақтардың  ерлігі 

мен  серілігінің  ғасыры.  Оның  жорықтары  және  батырларынвң  көзсіз  ерлігі  мен  қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына  айналған», — деп  атап  көрсетті. 

Абылай хан туралы әйгілі тарихшы А.И.Левшин былай деп жазды: «Ол ақыл парасаты жағынан болсын, қол астындағы халқының күші мен санының басымдылығы жағынан болсын сол кездегі қазақ даласын билеген замандастарының бәрінен де басым еді»

Абылай ХанШоқан:  «Қазақтардың  аңыз — әңгімелерінде  Абылай  айрықша  қасиеті  бар  киелі,  керемет  құдірет  иесі  болып  саналады.  Абылай  

Слайд 15Қазақ хандығының тарихы және оның билеушілерінің отандық тарихта алатын орнына

ерекше назар аудару ұлттық сана-сезімге жасайтын ықпалының басып көрсету болған

еді. Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған дербес мемлекеттік мәртебесін сақтап қалу үшін ішкі және сыртқы қайшылықтарды басынан өткерді. Бұл тұста әсіресе ішкі алауыздық күшейіп тұр еді. Осыған қарамастан қазақ халқының арасынан ірі саяси қайраткерлер, билер, сұлтандар, батырлардың тарих сахнасына шығуы бұл ауыртпалықтарды өз дәрежесінде шешуге мүмкіндік берген.

Қорытынды

Қазақ хандығының тарихы және оның билеушілерінің отандық тарихта алатын орнына ерекше назар аудару ұлттық сана-сезімге жасайтын ықпалының

Слайд 16Көп-көп Рақмет!!!

Көп-көп Рақмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика