Слайд 1Тақырыбы:
«Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы әлеуметтік педагогтың қызметі»
Слайд 2
Мақсаты: Жалпы білім беру мекемелеріндегі
баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда әлеуметтік педагогтың қызметін айқындау. Отбасы
тәрбиесі және сабақтан тыс іс-шаралардың баланы әлеу-меттендірудегі маңыздылығын ұсыну.
Слайд 3
«Баланы тәрбиелеудегі мақсат – тәрбиешінің
дәл өзіндей етіп
шығару емес, келешек өз заманына лайық етіп шығару».
М.Жұмабаев
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде, еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр», - деп, көрсетілген. Ендеше, оқушының өз өмір жолын таңдай білу қабілетін дамытуда - оқушылардың өмірлік ұстанымын , адам өміріндегі ең жоғарғы құндылық екенін санаға сіңіруде, кәсіби бағдар беруде оларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің маңызы зор болып табылады.
.
Слайд 4Әлеуметтік педагогтың қызметі:
Оқушылардың әлеуметтік ортада қалыптастып, бейімделуіне әлеуметтік педагог
зор ықпал етеді. Әлеуметтік қалыптасу адам мен ортаның өзара әрекеттестігінің
стихиялы түрдегі нәтижесі емес, мұнда әлеуметтік тәрбиеге ерекше орын беріледі. Бұл шынтуайтқа келгенде тәрбиешінің тәрбиеленушімен қарым-қатынаста қатысты арнайы жағдайларды жасауға бағытталған іс-әрекеті.
Әлеуметтену адамның әрбір өмірлік кезеңдеріне қарай өзіндік ерекшелікпен жүзеге асырылады. Ол кезеңдер: балалық шақ, жастық шақ, ересектік шақ, қарттық шақ. Әлеуметтену үдерісін жүзеге асырудың маңызды институты ретінде отбасымен білім беру мекемелері ерекше маңыды рол атқарады. Мектеп пен мектепке дейінгі жастағы балалардағы әлеуметтену әрекетінің мазмұны мен түрлері бірізді өзгеріп отырады. Әлеуметтену үдерісі, әсіресе, жасөспірімдік және жастық шақта айқын, өте қарқынды өтеді. Бұл кезде олар қоғам талаптарына бейімделуіне жұмыстар, жастар арасындағы өзіндік мәдениет, қарым-қатынас стильдері әсер етеді.
Слайд 5 -
ЕРЕСЕКТІК ШАҚ
Адамның өмірлік кезеңдері
ЖАСТЫҚ ШАҚ
БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Слайд 6Әлеуметтік педагог - социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас
және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді. Ресми емес ұйымдардың
балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтайды. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік – этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің шынайы өмірге қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.
Слайд 7
Мектепте әлеуметтік педагогтар отбасы жағдайына байланысты әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды
тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісін іске асыруда көптеп еңбек етуі қажет.
Ең алдымен, оқушыны тәрбиелеу – оның кішкентай күнінен басталып, адамның болашақ өміріне үлкен әсер тигізеді. Тұлғаны тәрбиелеуде әлеуметтік институттардың маңыздылығы зор. Әлеуметтік тәрбие беру институттарына: отбасы, аула, бала-бақша, мектеп және тағы басқа әлеуметтік орталар жатады. Ал, әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиенің басты мақсаты – тұлғаның бойына сол қоғамның құндылықтарын қалыптастыру қажет болады. Барлық оқушыны әлеуметтендіру мен тәрбиелеуде негізгі бағыты жүргізілгенімен де әлеуметтік педагог әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды рухани түрде демеу жасап,олардың психологиялық ерекшеліктерінде есте ұстауы қажет.
Слайд 8
Тұлғаны әлеуметтендіру - мәдени элементтерді түсіндіру, мұраттар мен құндылықты игеру
негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Құндылық
- тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға шындық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, махаббат, шығармашылық жатады.
Слайд 9
Әлеуметтендіру үдерісінің тиімді жүзеге асырылуы
адам қоғамға өзін бейімдей алғанда ғана болады. Ал егер адам
қоғам өзгерістеріне сай пайда болған жаңа талаптарға сәйкес бейімделе алмаса, онда ол әлеуметтенудің құрбаны болады.
Сонымен қатар, адам қолайсыз жағдайлардың да құрбаны болуы мүмкін. Мысалы, ата-анасы ішімдікке салынып кеткен отбасыдағы балалар, медициналық қателіктің нәтижесі, экологиялық орта және тағы басқада да баланың қалыптасуына оның әлеуметтендірудің құрбаны екендігін көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде аурушаңдық, рухани соққы алуы, отбасындағы жоқшылық, кедейшілік те кейде әлеуметтік ауытқуға алып келеді. Бастауыш мектеп жасында ата-анасының ішімдікке салынуы, өгей әке мен шешенің болуы, тәрбиеде дұрыс қамқорлықтың болмауы баланың тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады.
Сондай-ақ, ата-аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал қарым-қатынасы бала дамуында, яғни әлеументтенуде үлкен рөл ойнайды.
Сонымен, біз баланы тәрбиелеу мен білім беруде аса мұқият болып, тәрбиенің гумандық бағытының негізгі принциптерін бірізді де жүйелі жүзеге асырылуына байланысты болады (ролик көрсету).
Слайд 10Ата-ананың ажырасуы немесе бөлек тұру баланың әлеуметтенуіне кері әсер етеді.
Слайд 11БАЛАНЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒА
ЕТІП ТӘРБИЕЛЕУДЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР
ТҰҚЫМҚУА-ЛАУШЫЛЫҚ
ОТБАСЫ
ТӘРБИЕ
Слайд 12 Әлеуметтік педагог отбасына қажет, себебі қазіргі кезде мектеп тек
білім берумен шектеледі. Ал ата-аналардың 2/3 бөлігі балаға тәрбие беруде
қиындықтарына төзе алмайды. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысын қарастырмас бұрын, отбасының типтерін анықтап алған жөн.
Слайд 13Отбасы типтері
Жас отбасы
Аз балалы отбасы
Көпбалалы отбасы
Қолайсызотбасы
Бала
асырап алған отбасы
Анасы-әкесі қайтыс болған отбасы
Дистантты отбасы
Аралас
ұлтты отбасы
Толық емес отбасы
Проблемалы отбасы
Аралас,
некесіз отбасы
Слайд 14
Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс барысында:
Ауру және мүгедек
балалар,;
Кексе ата-ана, мүгедек ата-ана, зейнеткерлер,
Қаңғыбас баллар;
Толық емес отбасылар
т.б. сияқты факторларды ескереді.
Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс жасау кезінде ең басты міндеті - әлеуметтік педагог отбасын танып болғаннан соң, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты анықтап алу педагогқа баланың отбасындаы орнын анықтауға мүмкіндік береді. Отбасын танып, зерттеп білгеннен кейін педагогтың алдын отбасы мүшелерінің арасында жаңа қарым-қатынастар орнату мәселесі тұрады.
Слайд 15
Әлеуметтік педагогтың отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:
өз балалары
мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен
туысқандарын зерттеу.
өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік әлеуметтік мүмкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;
өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу
баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну;
халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;
Слайд 16Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтау тиіс:
- ата-аналар мен балалар өзін
зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;
- зерттеу мақсаты, жоспарлы, үздіксіз және
жүйелі жүргізілуі тиіс;
- зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс;
психологиялық, педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы және кешенді пайдалануы тиіс.
Мектептегі әлеуметтік педагог өзінде есепте тұрған оқушылардың отбасына әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сынып жетекшісінен оқушының отбасы туралы мәлімет жинап, оқушының отбасының әлеуметтік құжаты (паспорты) толтырып қояды.
Слайд 17___сынып оқушысы_______________________________________________________
ОТБАСЫНА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК КАРТАСЫ
Отбасы мүшелері:
Отбасының статусы:_____________________________________________________________
Отбасының тұрмыстық
жағдайы:_________________________________________________________
Отбасының материалдық қамтамасыз етілуі:_______________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Отбасының көршілермен қарым-қатынасы: ________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Отбасының діни ерекшеліктері: _________________________________________________________
Отбасы
мүшелерінің өзара қарым-қатынасы: ______________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Бос уақытын ұйымдастырылуы:__________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Баланың отбасындағы ролі:_____________________________________________________________
Отбасында бала тәрбиеленуі стилі және отбасыдағы реаблитациялық бағдарламаның нұсқасын қарастыру:
Баланың күн тәртібі:___________________________________________________________________
Ата-анамен баланың бірге уақыт өткізуі: _________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Қарым-қатынасының формасы: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Бос уақыттарын бірге ұйымдастыруы (кітап оқу, үйірмелерге баруы)__________________________
_____________________________________________________________________________________
Баланың арманы:______________________________________________________________________
Достары кімдер?_______________________________________________________________________
Сыныптастарымен қарым-қатынасы:_____________________________________________________
Баланың денсаулығы:__________________________________________________________________
Сендіру және дәлелдеу әдістері арқылы, баламен сұхбат жүргізу: (қоғамдық жат әрекеттерден аулақ болу арқылы жақсы жетістіктерге жетуіне көз жеткіздіру)___________
___________________________________________________________________________________________
Отбасыға жалпы әлеуметттік-психологиялық мінездеме_______________________________
_____________________________________________________________________________________
Әлеуметтік педагог:
Сынып жетекшісі:
Слайд 18Отбасына әлеуметтік кеңес беруді ұйымдастыру
Мектепте әлеуметтік педагогтар педагог-психолог мамандарымен, сынып
жетекшілермен, әкімшілік құрамымен және ата-аналармен тығыз байланыста қызмет атқарады. Яғни,
олармен оқушылардың құжаттарын тағайындауда, олардың әлеуметтік мұқтаждығына көмек беруде және оқушылардың ішкітұлғалық, тұлға аралық шиеленісті жағдайлар туындағанда, оқушы мен педагог арасында кикілжің пайда болғанда әлеуметтік педагогпен бірлесе жұмыс жүргізеді. Осы кезеңде, әлеуметтік педагогта кеңес беру журналының 2 түрі болуы тиіс. Біріншісі, сынып жетекшіге, оқушыға, пән мұғалімдеріне арналған кеңес беру, ал екіншісі ата-аналарға арналған кеңес беру журналы тіркеліп отыруы қажет. Алғашқы беті мектеп директоры бекіткен, тігіліп мөр басылған болуы шарт.
Слайд 19
КЕҢЕС БЕРУ ЖУРНАЛЫ
(сынып жетекшіге, пән мұғалімдеріне және оқушыға)
Слайд 21Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының негізігі бағыттары
ата-аналарды ағарту және кеңес
беру;
жайсыз отбасыларын диагностикалау және патронажға алу;
жеке бейәлеуметтік топтарға басқа бағдар
беру және оларды «бұзу» жөніндегі жұмыс;
жаңа рольдерге бейімделуге көмектесу;
қызметтің қанағаттанарлық салаларын табуға көмектесу;
жас отбасыларына кеңес беру;
кәсіби бағдар алуға көмектесу;
топтық, отбасылық сауықтыру ұйымдастыру;
жалғызбасты адамдарға көмек беруді ұйымдатыру;
үйінде және арнайы мекемелерде әлеуметтік назарды талап ететін адамдарды анықату;
микросоциумда қария адамдардың белсенділік көрсетуі және олардың мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау.
Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші тренинг және басқаларын атап өтуге болады.
Слайд 22
Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру мыналар болып табылады:
өмірлік қамту саласында: еңбекпен
қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмектер;
тұрмыс жағдайы
саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету т.б.
отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауруларын тексеріп анықтау және емдеу, салауатты өмір салтыпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;
рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрғылықты сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағдарларын қолдау;
бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылғын анықтау және оны түзету: психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, тіл дамыту, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау;
отбасының ішкі және сыртқы қатынастары саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала-ата-ана және ерлі зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б.
Слайд 23
Мектепте әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды
тәрбиелеу мен әлеуметтендіруді дамыту жүйесі
- Бааның жанын түсіну, қарым-қатынас
деңгейін анықтау;
- Баланың кәсіпті таңдауда еркіндігін қолдау, яғни баланың педагогпен көзқарасы сай келмесе, баланың шешімін сыйлау;
- Баланың әлеуметтік ортасын анықтай отырып, оның тұлға болып қалыптасуын және дамуын әлеуметтік тұрғыдан қолдау.
- Баланың отбасындағы әлеуметтік мәртебесін анықтай отырып, оның әлеуметтік жағдайында болған келеңсіздіктерге қолдау көрсету;
- Оқушылармен сыныптан тыс және дәстүрлі емес іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушы сабақта тек сол пәнге ғана көңіл бөліп отырады. Ал қоғамдық іс-шараларға қатыса отырып, ол өзінің тұлғалық қырын көрсетеді.
Әлеуметтік педагог осындай іс-шараларды атқара отырып, мектепте оқушыларды қоғамда жеке тұлға болып қалыптасуына зор мүмкіндік жасайды.