Разделы презентаций


Экологиялық қауіпсіздік, тұрақтылық

Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi. Экологиялық қауіпсiздiк бағытында мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Экологиялық қауіпсіздік, тұрақтылық
Орындаған: Мәжитов А
Қабылдаған: Аскарова М

Экологиялық қауіпсіздік, тұрақтылықОрындаған: Мәжитов АҚабылдаған: Аскарова М

Слайд 2Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi. Экологиялық

қауіпсiздiк бағытында мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi қолданудың

қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi. Экологиялық қауіпсiздiк бағытында мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол –

Слайд 3Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда

маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк

жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге

Слайд 4Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік

маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және

табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған

Слайд 5Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері:
- климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының

бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;
- биоәртүрлілікті сақтау және

жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;
- экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;
- Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
- су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
- табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;
- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері:- климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту; -

Слайд 6Қойылған міндеттерді шешу үшін:
-Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік

экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге

келтіру;
-табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
-қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
-халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.
Қойылған міндеттерді шешу үшін: -Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін

Слайд 7Экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың оң нәтижесі.

Бұл нәтижеге қол жеткізуде экологиялық жауапкершілік институтының алар орны ерекше.
Біздің

құқықтық жүйеде экологиялық жауапкершіліктің көптеген жетілмеген теориялық және практикалық мәселелері көп. Тиісті жауапкершілік көрсетілген нормативтік актілердің өзі бағытталған құқық бұзушылардың мазмұнымен мүлдем сәйкессіз. Әкімшілік жауапкершілік санкциялары өте жұмсақ тұрғыда қарастырылған. Материалдық жауапкершіліктің тетіктері жетілдірілмеген. Мұндай құқықтық база елдің экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін шеше алмайды
Экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың оң нәтижесі. Бұл нәтижеге қол жеткізуде экологиялық жауапкершілік институтының

Слайд 8Бүгінгі таңда экономика мен энергетиканы дамыта отырып, экологиялық қауіпсіздікті назардан

тыс қалдырмау қажет. Бұл осы күнгі жаһандық күрделі проблема. Қазіргі

заманғы ғаламдық үдеріс жағдайындағы энерго-экологиялық мәселелерді шешу жолдары қазақ елі Президентінің ғаламдық энерго-экологиялық стратегиясында көрініс тапқан. Экологиялық және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері - бүгінгі таңдағы ең ауқымды әрі маңыздылығы өте жоғары, кезек күттірмейтін жаһандық күрделі проблемаға айналып отыр.
Бүгінгі таңда экономика мен энергетиканы дамыта отырып, экологиялық қауіпсіздікті назардан тыс қалдырмау қажет. Бұл осы күнгі жаһандық

Слайд 9Энергетикалық және экологиялық қауіпсіз әлемді қалыптастыру мәселелерінен қазақ елі шет

қалмақ емес. Мемлекет басшысының бастамасымен ХХІ ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық

энерго-экологиялық стратегиясы әзірленді. Экология, экономика және энергетика. Әлем елдері алдағы уақытта осы үш бағыттың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі керек. Яғни, тек энергияны теңгерімді пайдаланудың бірлескен жолын даярлағанда ғана әлемдік қауымдастық жаһандық экологиялық қауіпсіздіктің негізін құра алады. Ғаламдық энерго-экологиялық стратегияда осы мәселе айқындалған. Ең бастысы - экономика мен энергетиканы дамыта отырып, экологиялық қауіпсіздікті қалыс қалдырмау қажет.

Энергетикалық және экологиялық қауіпсіз әлемді қалыптастыру мәселелерінен қазақ елі шет қалмақ емес. Мемлекет басшысының бастамасымен ХХІ ғасырдағы

Слайд 10Еуропа мен Азияны байланыстыратын трансконтинентальды ма­гистральдар қиылысында орналасқан Қазақ елі

халықаралық көрмені өткізу жауапкершілігін мойнына ала отырып, әлем назарын ғаламдық

қуат көздерінің таусылу мәселесіне аударуға және баламалы энергетиканың дамуына дәнекер болатынына сенім білдірген Президент «ЭКСПО - 2017» көрмесіне «Болашақ энергиясы» деген тақырып ұсынды. Себебі, дәстүрлі қуат тасымалдаушылардың шектеулі мүмкіндігі мен олардан туатын эко­логиялық дағдарыс қазірдің өзінде дүниежүзіне үлкен қауіп төндіріп тұр. Қуат тапшылығынан құтылудың алғышарты ретінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасында «Жасыл көпір» құру бастамасын көтерді. Бұл идея ақиқатқа айналса, Батыс пен Шығыстың күші бірігіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының ортақ нәтижелеріне қол жеткізіледі.

Еуропа мен Азияны байланыстыратын трансконтинентальды ма­гистральдар қиылысында орналасқан Қазақ елі халықаралық көрмені өткізу жауапкершілігін мойнына ала отырып,

Слайд 11Назарларыңызға рахмет

Назарларыңызға рахмет

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика