Слайд 1Шымкент облысы Сайрам ауданы
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің
6-сынып
оқушысы
Шералиева Шахинабону Қабилжановна
Информатика пән мұғалімі
Раззакова Муяссар Рустамбековна
ЖОБА
Менің тұңғыш Президентім
Слайд 2Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа
толы атқарылған істері туралы мәліметтер алу арқылы, президенттің ел үшін
жасаған істерін үлгі – өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсу, өткен тарихымызды дәріптеу, бірлігіміз бен ынтымағымызды қадірлеп , халықтың тәрбие тағылымын игерген, рухани бай, ел болашағын ойлайтын тұлға болып қалыптасу.
Слайд 3Міндеті: Елбасының елі үшін жасаған ерен еңбегін үлгі ете отырып
, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру.
Мемлекеттік тілді жетік меңгеру.
Слайд 4Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,
Сәлемнен сөз бастаған халқымыз.
Таныстырсам ханшайымдай өзімді,
Ата –анамның үкілеткен қызымын.
Қызымын әке - шешем үміт күткен,
Атқарамын сол
үмітті шын ниетпен.
«Ақбай» мектебінің 6- сынып түлегі,
Шералиева Шахинабону боламын.
Слайд 5Өнерімді көріңдер,
Дәл бағасын беріңдер.
Жарқыраған қызыңды,
Жылы сөзбен демеңдер.
Анықтап алдағы,
Жаңылмас бағытты.
Қолдаған Елбасы,
Халықтары
бақытты.
Тәуелсіз күнменен,
Еркіндік орнады.
Елбасым ту тіккен,
Бабалар арманы.
Слайд 6Менің тұңғыш
Президентім
Өмірбаяны
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған
ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан
деп ат қойды.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Слайд 7Қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты
жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне
қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Ғылыми еңбектері
Кітаптары
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
«Тарих толқынында» (А., 1997),
«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
«Қазақстан жолы» (А., 2012).
«Тәуелсіздік белестері» (А., 2012).
«Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы
және өркениеттер серіктестігі» (А., 2012).
Слайд 9“Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”
“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін
болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны
құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”
“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”
“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”
“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”
Президенттің
Дәйексөздері
Слайд 10Нұрсұлтан Назарбаев есімін әр түрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ
қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген
жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті мен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.
Нұрсұлтан Назарбаев атында
Слайд 11
Химия-биология бағыттағы зияткерлік мектебі
Физика- математика бағыттағы зияткерлік мектебі
Шымкент қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебтері.
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебтері.
Слайд 12Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебтері.
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебтері.
Слайд 13Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебтері.
Алмты қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебтері.
Слайд 14Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебтері.
Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебтері.
Слайд 15Назарбаев атындағы университеттер
Слайд 17«Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры» Қоғамдық Қоры
«Нұрсұлтан Назарбаев Білім Қоры» ҚҚ 1998
жылы құрылған. «Білім Қоры» ең алғаш жұмыс істей бастаған күндерінен
бастап Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамытуға ықпал етуді өз мүддесіне алды. Қордың міндеті озық үлгідегі ұлттық және халықаралық тәжірибені қолдану, халықаралық оқу бағдарламасы мен еліміздің білім беру саласындағы нормаларды қолдану болып табылады.
Білім Қорының қамқорлығымен алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін үш халықаралық мектеп құрылды, олар: Астана және Алматы қалаларындағы Халықаралық «Мирас» мектептері
Слайд 18 Назарбаевтың бастамасымен
ашылған
оқу орындар
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан менеджмент институты
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Ұлттық мемлекеттік заң университеті
Назарбаев Университетi
Назарбаев Зияткерлік мектептері
бірқатар лицейлер мен колледждер
Президенттік «Болашақ» бағдар-
ламасы іске асуда, ол бойынша
жастар дүние жүзінің ірі оқу
орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан менеджмент институты
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
«Дарын» сыйлығы
Президенттік «Болашақ» бағдарламасы
Слайд 19 Басқа лауазымдары мен мансаптары
Экономика ғылымдарының докторы
(1993)
ҚР Ұлттық ғылым академиясының (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен
шетел оқу орындарының академигі
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер XX ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.
Слайд 20
Қорытынды
Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың Отаны.
Көшпенділердің рухын сақтаған Ұлы дала сан қилы оқиғаны басынан өткізді.
Халықтың басына қандай қиындық түссе де, еркіндікті аңсады. Халықтың бұл арманын Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев шындыққа айналдырды. Оның қайраткерлігі – патриотизмнің, еңбек сүйгіштік пен халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып табылады. Олай болса елі үшін жасаған ерен еңбектің сара жолын таңдап- біз жастар ел ертеңінің жарқын болашағы үшін өз үлесімізді қосуға атсалысайық дей келе. Егемен еліміздің іргесі берік, жұртымыз тыныш болғай! Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай, береке – бірлігіміз жараса берсін! Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін. Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін, әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін мың да бір рахмет айтамын.
Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенемін!