Слайд 1Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Қабылдаған: Мелдебекова Ү
Орындаған:
Құрманбаев Р
Тобы: ЖМА-511
Слайд 2ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ –ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ
Тəрбие сөзі араб
тіліндегі халаха түбірінен шығады. Мағынасы: мінез, табиғат, жаратылыс, сипат деген
мағыналарға келеді. Терминдік мағынасына сай, адамның жақсы мен жаманды ажыратуына себеп болған рухани таңдауларды, мінездер мен қатынастардың жиынтығын тәрбие деп атаймыз.
Слайд 3Орыс тілінде “Тәрбие” сөзі асырау, өмірге үйренбеген, көмекті қажет ететін
әлсіз, нәрестені тамақтандыру деген мағына береді. Бұл сөз жануарлар әлеміне
де тән, себебі жаңа туған баласына сүтқоректілер сүт береді, сондай-ақ кішкентай құлындар аналарының құрсағына ұмтылады.
Алғашында орыс тілінде бұл сөз өзінің түпкі мағынасымен қалды. Балалар ержетіп, тәрбиені қажет етпей қалады. Н.А. Некрасовтың «Мужичок с ноготок» дегенін еске алсақ жеткілікті. Бес жасар бала жанұяда екі ер бар екенін «бірі әкем, бірі мен» деп айтады. Бұдан көріп тұрғанымыз ол өзін үлкен адамға теңеп тұр. Бұл бала ойынша тәрбие аяқталды, тәрбие өзін-өзі тез тауысты.
Слайд 4“Тәрбие” термині маңызын кеңейтіп, мағынасын өзгертті. Қазіргі таңда бұл сөзді
«тамақтану», «асырау» сөзімен көп байланыстырмайды, ал бұл сөзді қолданса да
рухани мағынасы жоғары сөз ретінде пайдаланады.
Ғылыми мағынасы қалыптасқанға дейін ол қарапайым тілде қолданылып, баланы тәрбиелеу салт-дәстүрі негізінде жүзеге асырылған.
XIX ғ. К.Д.Ушинскийді өздерін тәрбие туралы білемін деп санайтын, алайда керісінше, түк білмейтін адамдардың сағымын бұрап шығарған адам десек те болады .
Слайд 5Қазіргі таңда тәрбие оқыту, қинау, бұйрық беру немесе ұзақ мораль
оқу сөздерімен байланысты болып қалған. Осындай жағдайларда көп адамдар тәрбиені
оның басына, ойына қол сұғушылық деп қабылдайды. Айтылған ақылға «мені үйретпе!» деп жауап беріп жатқанын да байқаймыз. Нағыз тәрбие бар жерде жалықтырар әңгіме жоқ. Ал егер ұзақ ақыл айтар болса, тәрбие көзін табу да қиын болады. Орталық түсініктердің ішінде «тәрбие» сөзімен қатар «дамуы, өсу» көзі де маңызды рөл атқарады. Алдымен, бала қоғамда өз бетінше өмір сүре алатын болған да, өз тағдырын, өз мінез-құлқын өзі басқара білетін, әлеммен өз қарым-қытынасын орнатқан кездегі қабілеті бар болса, онда “қалыптасу” терминін байқаймыз.
Слайд 6Тəрбие міндеттері мен қызметтері
Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
–
әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ
өкілдеріне өткізу. Тәжірибе – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты үдеріс.
Слайд 7Тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім
мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе
жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік үдеріс.
Слайд 8Тәрбие үдерісі тұлғада осы қасиеттерді қалыптастыру керек .
Слайд 9Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
«мақсаты тұлға қалыптастыру
болған əлеуметтік үдеріс»мəні - үдеріс нақты мақсаты болғанда ғана тәрбие
деп аталуы мүмкін.
«əлеуметтік үдеріс» мəні – тәрбие әрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-әрекеттердің арнайы түрі.
«тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тәрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, әкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет және тәрбиеленушінің жауап іс-әрекеті.
Слайд 10«арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-әрекет
үдерісінде қандай да жалғыз әдіс, тәсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды.
Бұлардың бәрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нәтижесі тиімді болады.
«тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тәрбие үдерісі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нәтижесі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
Слайд 11Оқу және тәрбие - өзара байланысты екі үдеріс. Олардың міндеттері
әрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп
отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі өзгеше. Тәрбиелік іс-әрекет тәрбиешінің жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе оқу үдерісіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
Слайд 12Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
- тәрбие үдерісі өз ішіне
оқу элементтерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын
оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
- оқу үдерісі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал жасайды;
- оқу және тәрбие үдерістерінде бірдей әдістер (түсіндіру, қадағалау және т.б.) пайдаланылады.
Слайд 13Тәрбие үдерісіне тән ерекшеліктер:
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы
нәтиже тиімділігінің кепілі);
- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы
қызметтестіктің көрсеткіші);
- нәтиже ұзақтығы (оқу үдерісіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).
- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);
- кешенділігі (тәрбие мақсаты мен міндеттерінің, мазмұн, форма және әдістерінің бірлігі);
Слайд 14- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен
ажыралады. Тәрбие үдерісінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның
өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);
- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды қабылдаушы - оқушы);
- тәрбие үдерісі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
- тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие үдерісінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
- қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).
Слайд 15Тәрбиенің негізгі қайшылықтары оқу-тәрбие үдерісінде кездесетін келесідей құбылыстар арасында көрінеді:
қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен оған дайындауға арналған әдістер мен
формалардың ескіруі; адамның табиғи даму мүмкіндіктерінің шексіздігі мен бұл дамудың әлеуметтік жағдайлар бағдарламаларына тәуелді шегерілуі; адамның табиғаттан белсенді, әрекетшең болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік үдеріске нақты қатысу үшін қажет тәжірибе, білім, ептілік пен дағдылардың жетіспеуі және т.б.
Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды шығаруға болады: тәрбие үдерісі оқу үдерісімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мәнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады