Разделы презентаций


Пародонттың қабыну және қабыну деструкциялық аурулары. Жылдам дамитын

Содержание

Мақсаты: Пародонт ауруларының клиникалық көріністерінің ерекшеліктерін оқып үйрену, дұрыс диагноз қоюды үйрену.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Пародонттың қабыну және қабыну деструкциялық аурулары. Жылдам дамитын пародонтит.
Дайындаған: Бекмағамбетова

А.Қ.
Факультет: Жалпы медицина
Топ: 12-25-01
Қабылдаған: Сапаева Н.Г.

Пародонттың қабыну және қабыну деструкциялық аурулары. Жылдам дамитын пародонтит.Дайындаған: Бекмағамбетова А.Қ.Факультет: Жалпы медицинаТоп: 12-25-01Қабылдаған: Сапаева Н.Г.

Слайд 2Мақсаты:
Пародонт ауруларының клиникалық көріністерінің ерекшеліктерін оқып үйрену, дұрыс диагноз

қоюды үйрену.

Мақсаты: Пародонт ауруларының клиникалық көріністерінің ерекшеліктерін оқып үйрену, дұрыс диагноз қоюды үйрену.

Слайд 3Жоспар
Гингивит – этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы;
Пародонтит - этиологиясы, патогенезі,

клиникасы, диагностикасы;
Жедел дамитын пародонтит - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы;
Пародонтында патологиясы

бар науқастарды жалпы практикалық дәрігер мен стоматологтың бірлесе отырып емдеу жүргізу тактикасы;
Жоспар Гингивит – этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы;Пародонтит - этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы;Жедел дамитын пародонтит - этиологиясы, патогенезі,

Слайд 4Гингивит
Гингивит – ісіну, қызару, қан ағу белгілерімен жүретін қызыл иектің

қабынуы. Жиі гингивит пародонтиттің белгісі ретінде көрінеді, яғни тіс түбірін,

алвеоланың сүйек тінін қоршаған тіннің қабынуы. Гингивит – қызыл иек кілегейлі қабығының қабыну процессімен сипатталатын ауру. Гингивит сөзі латынша gingiva (қызыл иек) және «ит» жалғауы(қабыну) құралған.
Гингивит – жиі таралған ауру. Ол көбінесе жасөспірімдер мен жүкті әйелдер арасында кең таралған. Гингивит бұл науқас категорияларында организмдегң гормональды өзгерістерге байланысты ауырлау өтеді. Гингивитті дер кезінде емдемесе пародонтит, тістің түсуі сияқты ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.
Гингивит Гингивит – ісіну, қызару, қан ағу белгілерімен жүретін қызыл иектің қабынуы. Жиі гингивит пародонтиттің белгісі ретінде

Слайд 5Гингивит этиологиясы
Гингивит этиологиясы әр түрлі. Шартты түрде оны ішкі

және сыртқы деп бөлеміз.
Ішкі себептері: тістердің өсуі (өсіп жатқан

тіс қызыл иекті зақымдайды), прикус патологиясы, витаминдер жеткіліксіздігі, асқазан – ішек жолдарының аурулары, иммунитеттің төмендігі, аллергиялық аурулар, стресс.
Сыртқы себептері: физикалық(жарақат, күйік, сәуле әсері), химиялық(агрессивті қосылыстар әсері), биологиялық(инфекциялар), медициналық(ятрогенді) факторлар. Жиі басқа гингивиттерді тіс тасы, тіс дағы, тағам қалдықтары, дұрыс емес салынған пломбылар, шылым шегу, химиялық тітіркенулер, инфекция. Балалар мен үлкендер арсында инфекциялық гингивиттер актуальды. Балаларда тиісті гигиена тиісті деңгейде болмауынан, иммундық қорғаныс 7 жасқа дейін енді жетіле бастайды, ал толық жетілуі пубертатты периодтың басына қарай аяқталады. Сондықтан, созылмалы қабыну ошақтары болмаса да, балалалрда гингивит даму қаупі жоғары. Ревматизм, туберкулез, қантты диабет, бауыр және қуық, нефропатимя аурулары бар адмдарда, сонымен қатар ральды контрацептивтерді қолдану, кейбір препараттар, ауыр металлдар (свинец, висмут) гингивитті өршітуі мүмкін.
Гингивит этиологиясы Гингивит этиологиясы әр түрлі. Шартты түрде оны ішкі және сыртқы деп бөлеміз. Ішкі себептері: тістердің

Слайд 6Гингивит классификациясы
Гингивиттің ағымына байланысты түрлері:
Жедел гингивит — аяқ астынан

пада болып, тез өршиді.
Созылмалы гингивит — баяу процесс, белгілері бңртңндеп

көрінеді. Созылмалы формасы қыс және көктемде асқынады
Асқынған гингивит (созылмалы процесстің рецидивті стадиясы) — созылмалы аурудың симптоматикасының өсуі.
Ремиссия сатысындағы гингивит – барлық симптомдардың толық бөгелуі.
Егер ауру бір немесе екі жақ сүйегіндегі барлық тістер аумағындағы қызыл иекті зақымдаса – жайылған, қызыл иектің жеке аймағындағы бір немесе бірнеше тістерді қамтыса – жергілікті.

Гингивит классификациясыГингивиттің ағымына байланысты түрлері: Жедел гингивит — аяқ астынан пада болып, тез өршиді.Созылмалы гингивит — баяу

Слайд 7Гингивиттің формасына байланысты түрлері: катаральды, жаралы – некротикалық, гипертрофиялық, атрофиялық.

Гингивитды.( қызыл иектің қанауымен көрініс табады).

Катаральды гингивитке тән клиникалық

көрініс: қызыл иектің қызаруы, қызыл иек кілегейлі қабығының ісінуі, қан ағу. Науқас қызыл иектің ауырғанын сезінеді(зуд), тағам қабылдағанда ауырады.
Жаралы – некротикалық гингивитте қызыл иек кілегейлі қабығында жаралар және некротикалық аймақтар байқалады. Клиникалық белгілері: галитоз(ауыздан жағымсыз иістің шығуы), қызыл иекте қатты ауыру сезімі, науқастың жалпы жағдайы да нашарлайды. Науқас жалпы әлсіздікті, дене температурасы 39С – қа дейін көтерілуі мүмкін, лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Гипертрофиялық гингивитте қызыл иек емізікшелері ұлғаяды, олар тіс бөліктерін жаба бастайды. Арудың бастапқы стадияларында симптомдар байқалмайды, бірақ кейін қан ағу, ауыру сезімі, әсіресе тағам қабылдағанда мазалайды.
Атрофиялық гингивитте , керісінше, қызыл иек тінінің атрофиясы(көлемінің кішіреюі), біртіндеп қызыл иек деңгейі төмендеп, тіс түбірі ашық қалуына алып келеді. Атрофиялық гингивит ыстық пен суыққа сезімталдығының артуымен көрініс табады.
Десквамативті (географиялық) гингивит. Бұл форманың симптомдары басқа формаларынан қызыл иектегі айқын қызыл дақтарымен, эпителий жоғарғы қабатының қабыршақтануымен, қызыл иекте көпіршіктер және ауыз қуысында жара және эрозиялар пайда болуымен ерекшеленеді.
Гингивиттің формасына байланысты түрлері: катаральды, жаралы – некротикалық, гипертрофиялық, атрофиялық. Гингивитды.( қызыл иектің қанауымен көрініс табады). Катаральды

Слайд 9Диагностикалық тесттер

Шиллер-Писарев пробасыБұл тест қызыл иектегі гликоген деңгейін анықтауға

бағытталған. Шиллера-Писарев ерітіндісімен қабынған қызыл иекке жағу түсінің ашық қоңырдан

қою қоңыр түске өзгеретін реакциясын көреміз. Бұл әдіс пародонтит және гингивит ауруларына диагноз қою үшін қолданылады.
Ауыз қуысының гигиена деңгейін бағалау: 6 астыңғы алдыңғы тістер бетіне ерітінді жағады(2г калий йодиді, 1г кристаллдық йод, 40мл дистиллденген су)5 баллдық шкаламен және әр тісті жеке бағалайды
5 балл —тіс бетінің толық боялуы;
4 балл —тіс бетінің -ң боялуы;
3 балл — тіс бетінің жартысының боялуы;
2 балл — тіс бетінің ¼-нің боялуы;
1 балл — тіс бетінің боялмауы.
Нәтижесінде гигиена сапасын бағалайды:
1,1—1,5 балла — гигиенаның жақсы индексі;
1,6—2,0 — гигиенаның қанағаттанарлық индексі;
2,1—2,5 — гигиенаның қанағаттанарлықсыз индексі;
2,6— 3,4 —гигиенаның нашар индексі;
3,5—5,0 — гигиенаның өте нашар индексі.

Диагностикалық тесттер Шиллер-Писарев пробасыБұл тест қызыл иектегі гликоген деңгейін анықтауға бағытталған. Шиллера-Писарев ерітіндісімен қабынған қызыл иекке жағу

Слайд 10Кулаженко бойынша вакуумдық сынама
Кулаженко вакуумдық аппаратын қолдана отырып, вакууммен қызыл

иекке әсер ете отырып, гематоманың түзілуін анықтайды. Гематоманың 60 секунд

ішінде пайда болуы қызыл иектің қалыпты жағдайын көрсетсе, 29-30 секунд ішінде пайда болуы қабыну процесін көрсетеді.
Қызыл иек тініне оттегінің кернеуі
Аспап датчигін қызыл иекке қойып, тін гипоксиясы деңгейін анықтайды. Оттегінің төмен кернеуі созылмалы қабыну процесін көрсетеді.
Кулаженко бойынша вакуумдық сынамаКулаженко вакуумдық аппаратын қолдана отырып, вакууммен қызыл иекке әсер ете отырып, гематоманың түзілуін анықтайды.

Слайд 11Гингивиттің дифференциалды диагностикасы
Диагностика науқастың шағымдарына, визуальды қарап тексеру, функциональды тесттер

мен лабораторлы зерттеулерге сүйеніп қойылады. Дифференциалды диагностикасының мақсаты гингивитті пародонтит

және пародонтоз ауруларынан ажырату. Пародонт ауруларынан ерекшелігі қабыну процесі тек қызыл иек тінін қамтиды, ал басқы структуралар (жақ сүйекте тістерді ұстап тұратын бұлшық еттік байламдар, сүйек тіні) өзгеріссіз қалады.осы белгілерге сай гингивитке пародонтальды қалташалар, тіс мойнының жалаңаштануы, қозғалғыштығы тән емес. Ал рентгенограммада сүйек тіні резорбциясының белгілері жоқ. Гингивитті уақытында, оның формасын анықтап дұрыс ем қолдану – дәрігер- пародонтологтың міндеті. Ал профилактиканы ұмытпау, стоматологиялық клиникаға қаралып, тексеріліп тұру – пациент программасы. Тек осылай ғана пародонт ауруы – пародонтитті алдын алуға болады.
Гингивиттің дифференциалды диагностикасыДиагностика науқастың шағымдарына, визуальды қарап тексеру, функциональды тесттер мен лабораторлы зерттеулерге сүйеніп қойылады. Дифференциалды диагностикасының

Слайд 12Гингивит емі тіс бляшкаларына әсер етіп, жергілікті және жалпы бейімдеуші

факторлдарды жоюға бағытталған. Кейбір жағдайларда қирургиялық араласу қажет (кюретаж).
Бұдан басқа

арнай препарттарға тек жедел фазада ғана емес, асқынуды болдырмау үшін де қолданылады: антибиотиктер, қабынуға қарсы препараттар, жергілікті иммуномодуляторлар.
Инфекциялық – қабынулық гингивитте қоздырушы инфекцияны жою керек. Сондықтан дәрігер антибактериальды немесе саңырауқұлаққа қарсы препараттар тағайындайды.
Профилактика
Для профилактики гингивитов необходимо выполнять следующие несложные правила:
- стоматологта тексеріліп тұру.
- күнделікті тіс бляшкаларын тіс пастасымен, жібек жіппен жойып отыру.
- әр 3-6 ай сайын стоматолгта тістерді тазартып отыру.
Болжамы
Қабынбаған гингивит 7-10 күнде бітеді, ал созылмалы қабыну интенсивті емді қажет етеді. Егер гингивитті емдемесе пародонтитке немесе тістің түсуіне алып келеді.

Гингивит емі тіс бляшкаларына әсер етіп, жергілікті және жалпы бейімдеуші факторлдарды жоюға бағытталған. Кейбір жағдайларда қирургиялық араласу

Слайд 13Пародонтит
Пародонттың қабынуы (пародонтит) пародонт құрамына кіретін тіндер кешенінің қабынбалы-деструкциялануға

ұшырауымен сипатталатын күрделі патологиялық үрдіс.
Пародонт қабынуы 11-12 жастағы жас өспірімдер

арасында (8-10% жағдайда) да кездеседі және 30-50 жас арасында (таралуы 60-65%), қарқынды дамып, жасы ұлғайған адамдар арасында (50 жастан кейін) таралуы жиілей береді (65-90% құрайды).
Пародонт қабынуының жеңіл, орта және ауыр дәрежелерін, жайылу аймағына байланысты шектеулі және жайылған түрлерін ажыратады.
Ағымына байланысты жедел және созылмалы қабынуын, созылмалы қабынуының өршуін, ремиссиялану (қысқа уақытқа тұрақтануы) және түбегейлі тұрақтану кезеңдерін (фаза стабилизации) ажыратады.
Пародонтит Пародонттың қабынуы (пародонтит) пародонт құрамына кіретін тіндер кешенінің қабынбалы-деструкциялануға ұшырауымен сипатталатын күрделі патологиялық үрдіс.Пародонт қабынуы 11-12

Слайд 14Пародонттың жедел қабынуы
Пародонттың жедел қабынуы сирегірек кездеседі, инфекция және

әртүрлі механикалық тітіркендіргіштер әсерінен (терең енгізілген және өте кең жасалған

жасанды сауыттар, салбырай қойылған пломбылар, тістердің жанасу беттеріндегі тісжегі қуыстары, кламмерлер иығы, тіс тасы) шектеле дамиды (2-4 тістер аймағында). Бұл кезде пародонты жедел қабынған науқас белгілі бір аймақта қызылиегінің қатты сыздап немесе солқылдап ауыратынына, ас шайнағанда ауыру сезімінің күшейетініне шағымданады. Қарап тексергенде: себепші ықпал әсер еткен аймақта 1-2 қызылиек бүртіктері және жиегі қатты қызарып, домбығады, сипап басқан кезде қатты ауырады, қызылиек сайынан сарысулы немесе іріңді жалқық бөлінеді. Қызылиек бүртігіне сүңгі тиіп кетсе қатты қанайды. Тісті көлденең қағып байқағанда ауыру сезімі анықталады, алғашқы кезде тіс-қызылиек бекімі бұзыла қоймайды. Тістің реннтген суретінде периодонт саңылауының жиектік бөлігі кеңейгені анықталады. Кейбір жағдайда терең отырғызылған жасанды сауыт жиегі бекім эпителийі мен айналма байлам талшықтарына қысым түсіріп, сыдыруы нәтижесінде пародонтальдық қалта пайда болады. Ықпал етуші әсерлер уақытында жойылмаса, жедел ағымды қабыну созылмалы қабынуға ауысады, пародонтальдық қалта тереңдей келе сүйек қалтасы пайда болады, тістераралық қалқан сүйек сорыла басталуы нәтижесінде қабыну аймағындағы тістер қозғалмалы бола бастайды.

Пародонттың жедел қабынуы Пародонттың жедел қабынуы сирегірек кездеседі, инфекция және әртүрлі механикалық тітіркендіргіштер әсерінен (терең енгізілген және

Слайд 15Пародонт қабынуының бұл түрі пубертаттық кезеңнен өткен және 35 жасқа

дейінгі адамдар арасында жиі кездеседі. Ауру альвеола сүйегінің жылдам сорылуымен,

ал созылмалы түрінде көптеген тістер аймағына таралуымен сипатталады. Бұл жағдайда сүйек тінінің жойылуы сүйектің тігінен және көлденеңінен, сонымен қатар осы екі сорылудың қосарлана кездесуімен сипатталады. Бұл ауруға қақтар санының және сүйек тініндегі деструктивті өзгерістің сәйкес келмеуі тән. Пародонттың қабынуының қарқынды дамуын кейбір жүйелі аурулармен ассоцияцалауға болады. Олар қант диабеті, Даун синдромы және пародонттың әртүрлі идиопатиялық аурулары. Қарқынды дамыған пародонт қабынуы өз ішінде екі түрде кездеседі. Екі түрі де сүйек тінінің жайыла сорылуымен суреттеледі және жас категориясына қарай бөлінеді.
· Пародонт қабынуының А типтесіне 14-26 жас аралығындағы науқастар жатады.
· Пародонт қабынуының В типтесіне қарқынды дамыған пародонт қабынуының 26 -35 жас аралығындағы науқастарды жатқызады.

Пародонт қабынуының А типтесіне 14-26 жас аралығындағы науқастар жатады.
· Пародонт қабынуының В типтесіне қарқынды дамыған пародонт қабынуының 26 -35 жас аралығындағы науқастарды жатқызады.
Қарқынды дамыған пародонт қабынуының типтілігі емдеу барысының нәтижелігіне қарамай өте жиі өршиді.
Клиникалық тәжірибеде пародонттың созылмалы қабынуы, жайылған түрі жиі орын алады, дамуы ондаған жылдарға созылып, тиімді ем жүргізілмеген жағдайда тістердің өз беттерімен түсуімен аяқталады. Пародонттың созылмалы қабынуының клиникалық ерекшеліктері, ауырлығы, организмнің жалпы жағдайымен, оның реактивтілік деңгейімен тығыз байланысты.
Алғашында патологиялық үрдіс катаральды қабынудан басталады, одан әрі тіс-қызылиек бекімі, тістің тіреп-ұстаушы аппараты бұзылып, сүйек тіні сорылып, пародонтальдық қалта пайда болады.

Пародонт қабынуының бұл түрі пубертаттық кезеңнен өткен және 35 жасқа дейінгі адамдар арасында жиі кездеседі. Ауру альвеола

Слайд 16Пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі.
Аурудыңбұл түрінде науқас қызылиегінің жиі,

көбінесе тістерін тазалағанда қанайтынына, қызылиегінің қышуына немесе ыңғайсыздық сезіміне, аузынан

жағымсыз иіс шығатынына, тістерінің температуралық және химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қақсап ауыратынына шағымданады.
Қарап тексергенде, қызылиекте созылмалы катаральды қабынуға тән белгілер анықталады және бұл үрдісті қызылиектің симптоматикалық қабынуы (симптоматический гингивит) деп атайды. Сонымен қатар тістер төңірегінде тереңдігі 3,5-4,0 мм пародонтальдық қалталар және тістердің мойын ймқтары ашыла бастағаны анықталады. Патологиялық үрдіс көбінесе төменгі және жоғарғы алдыңғы немесе азу тістер аймағындағы пародонтта орын алады Альвеола өсіндісінің пародонт қабынуы бар аймағындағы рентген суретінде тістераралық қалқан сүйектер ұштарын жауып тұрған тығыз сүйек қабатының ошақты сорылуы нәтижесінде бүтіндігі бұзылғаны (деструкцияланған) немесе толығымен сорылып, кемік сүйек кеуектене бастғны анықталады. Кейде қалқан ұшы бөлігіндегі сүйек тіні түгелімен сорылып, сүйек биіктігі біраз (1/3 биіктігіне) төмендеуі нәтижесінде алдыңғы тістераралық қалқандар пішіні кертілген конусқа (усеченный конус) ұқсап қалады, ал кемік сүйекте ошақты немесе жайыла кеуектену үрдісі орын алып, сүйек суретінің айқындылығы төмендейді. Тістер мойындары бөлігіндегі периодонт саңылаулары кеңейгені байқалады.
Бұл кезде тістердің орындарынан ауытқуы және қозғалмалылығы анықталмайды.Науқастың жалпы жағдайы өзгермейді

Пародонттың созылмалы қабынуы, жеңіл дәрежесі. Аурудыңбұл түрінде науқас қызылиегінің жиі, көбінесе тістерін тазалағанда қанайтынына, қызылиегінің қышуына немесе

Слайд 17Пародонтың созылмалы қабынуы,орта дәрежесі.
 Аурудың бұл сатысында қабыну үрдісі қызылиектің альвеолалық

бөлігін де қамтиды және ағым ерекшілігіне байланысты (созылмалы қабынуы немесе

созылмалы қабынудың өршуі), қызылиектің катаральды, өсе немесе жаралана қабынуына тән белгілер анықталады. Тістер төңірегіндегі пародонтальдық қалтаның тереңдігі 5 мм дейін.
Бұл кезде науқас тістерін тазалағанда, қатты тағамды тістеп үзіп алған кезде және шайнағанда қызылиегінің тұрақты түрде қанайтынына, қызылиек бүртіктерінің түсінің, пішінінің өзгергендігіне, кейбір тістерінің қозғалмалығына, тістер түбірлерінің және араларының ашылып, орындарынан ауытқи бастағанына, ауыздарынан жағымсыз иіс шығып, металл дәмін немесе қышқыл дәм сезетініне шағымданады.
Қарап тексергенде, қызылиек көкшіл-қызыл түстенген, бүртіктері мен жиектері қатты домбыққан, тістерге тығыз жанаспаған, қызылиек бүртіктерінің көлемдері әртүрлі болғандықтан оның жиегінің біркелкі иректігі (фестончатость) бұзылған. Сүңгі тиіп кетсе қызылиек оңай қанайды, пародонтальдық қалталардың тереңдігі 4-5 мм, қабырғаларын саусақпен сипай басқанда олардан сарысулы немесе іріңді жалқық бөлінеді. Тістердің желпуішке ұқсап бір-бірлерінен қашықтай бастағанына байланысты араларындағы кеңістіктер ашылып (диастемалар, тремалар пайда болған), тістем қатынастары бұзыла бастаған және жарақаттаушы түйісу ошақтары (травматическая окклюзия) анықталады. Кейбір тістер I-II дәрежелі қозғалмалылыққа ие болған және әртүрлі бағытта орындарынан ауытқи бастаған, түбірлері әртүрлі дәрежеде ашылып, жалаңаштанған. Қызылиекүсті және қызылиекасты тіс тасы мен жұмсақ шөгінділер көп мөлшерде анықталады. Кейбір тістер I-II дәрежелі қозғалмалылыққа ие болған, түбірлері әртүрлі дәрежеде ашылып, жалаңаштанған.
Пародонтың созылмалы қабынуы,орта дәрежесі. Аурудың бұл сатысында қабыну үрдісі қызылиектің альвеолалық бөлігін де қамтиды және ағым ерекшілігіне байланысты

Слайд 18Альвеола өсіндісінің рентген суретінде тістераралық қалқан сүйектер түбір ұзындығының 1/3-1/2 бөлігіне дейін

біркелкі емес көлденең сорылған, сақталған бөліктеріндегі кемік сүйекте жайыла кеуектену

үрдісі орын алған. Кейбір тістер аймағындағы қалқан сүйек қабырғаларының тік бағытта да сорылуына байланысты периодонт саңылаулары кеңейіп, сүйек қалталары пайда болған.

Альвеола өсіндісінің рентген суретінде тістераралық қалқан сүйектер түбір ұзындығының 1/3-1/2 бөлігіне дейін біркелкі емес көлденең сорылған, сақталған бөліктеріндегі кемік

Слайд 19Пародонттың созылмалы қабынуы, ауыр дәрежесі
Пародонттың созылмалы қабынуының ауыр дәрежесі кезінде

аурудың барлық белгілері өріс алады және жиі-жиі өршу үрдісі қайталанып,

қызылиек қатты қабынып, жекелеген немесе бірнеше абсцесттер пайда болады.
Пародонт қабынуы бар науқас қызылиегінің сыздап өз бетімен ауыратындығына, қанағыштығына, тістерінің қозғалмалығына, тағам шайнаудың қиындағанына, тістерінің әртүрлі бағытта ауытқып, (жоғары-төмен, алға-артқа, ұрт-тіл бағыттарында), аралары ашылып, тістер қатарының реттілігінің бұзылып, косметикалық ыңғайсыздық туғызғанына, қозғалмалылығы нәтижесінде біраз тістерін жұлдыруға мәжбүр болғанына, аузынан нашар иіс шығатынына, осының бәрі көңіл-күйіне әсер етіп, ұйқысы қашып, уәйімшіл және ашуланшақ болғанына, бойын салғырттық, дымкәстік билегеніне шағымданады. Кейде қызылиегіне іріңді ісіктер шығатынын айтады.
Қарап тексергенде, көптеген тістер аймағында қызылиек домбығып, қызыл-көкшіл немесе қою-қызыл түстенген, бүртіктері әртүрлі дәрежеде ұлғайып, қызылиек жиектері білікке ұқсап қалыңдап, деформациялануға ұшыраған. Көпшілік тістер ІІ-ІІІ дәрежелі қозғалмалы болғандықтан орындарынан ауытқыған және түбірлері әртүрлі деңгейде жалаңаштанған. Тістердің қалыпты түйісуі бұзылып, патологиялық тістем (жарақаттаушы тістем) пайда болған. Көптеген тістердің төңірегінде пародонтальдық қалталардың тереңдігі 5-6 мм терең және ішінде көп мөлшерде сарысулы немесе іріңді жалқық байқалады. Тістер бетінде жұмсақ және қатты шөгінділер (қызылиек асты және қызылиек үсті тасы) көп мөлшерде анықталады.
Пародонт қабынуы бар науқастың альвеола өсінділерінің әр аймағында пародонт қабынуының әртүрлі дәрежелері орын алады.
Пародонттың созылмалы қабынуы, ауыр дәрежесіПародонттың созылмалы қабынуының ауыр дәрежесі кезінде аурудың барлық белгілері өріс алады және жиі-жиі

Слайд 20Альвеола өсінділерінің рентгенсуретінде тістераралық қалқандардың көлденең және тік бағытта сорылуға

ұшырауына байланысты 1/2-2/3 бөлігінен аса бөлігі жойылғаны, тереңдігі әртүрлі (кейде түбір ұшына

дейін жететін) пародонтальдық немесе сүйек қалталары анықталады. Қалқандардың сақталған бөліктері жайылмалы кеуектенуге ұшыраған
Альвеола өсінділерінің рентгенсуретінде тістераралық қалқандардың көлденең және тік бағытта сорылуға ұшырауына байланысты 1/2-2/3 бөлігінен аса бөлігі жойылғаны, тереңдігі әртүрлі

Слайд 21Ем шаралары
Air-flow                  

     кюретаж
шинирование
имлантация     протезирование.

Ем шараларыAir-flow                        кюретажшинированиеимлантация     протезирование.

Слайд 22Пародонтында патологиясы бар науқастарды жалпы практикалық дәрігер мен стоматологтың бірлесе

отырып емдеу жүргізу тактикасы
Пародонт ауруларының комплексті ем бірнеше профилактикалық және

ем шараларынан тұрады: 1. пациентті ауыз қуысының гигиенасына үйрету. 2. ауыз қуысының арнайы профессионалды гигиенасын іске асыру, жергілікті медикаментозды терапия. 3. Антибактериальды химиотерапия, иммунотерапия (көрсеткіш бойынша). 4. Ортопедиялық шаралар (шиналау, жарақаттық окклюзияны жою — көрсеткіш бойыншапо), 5. Хирургиялық ем (тісті жою, кюретаж, лоскутты операциялар, корригирлеуші операциялар — көрсеткіш бойынша). 6. Реабилитациялық шаралар (дентальды имплантация, протездеу — көрсеткіш бойынша). 7. Сүйемелдеуші терапия. Толық көлемді ем көрсету екі жол арқылы іске асады. 1 – стоматологиялық көмек көрсетуге мамандардың максималды санын іске араластыру: гигиенист, стоматолог-терапевт, стоматолог-хирург, стоматолога-ортопед. 2— арнайы маман дәрігер – пародонтологтың комплексті күшіне сүйене отырып, емнің негізгі этаптарын жүргізу.біздің елімізде дәрігер – пародонтолог мамандығы жоқ. Терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық жоспардағы мануальды терапияны жүргізуді ескере отырып бұл іс маманы – жалпы практикалық дәрігер- стоматолог болып табылады.
Пародонтында патологиясы бар науқастарды жалпы практикалық дәрігер мен стоматологтың бірлесе отырып емдеу жүргізу тактикасыПародонт ауруларының комплексті ем

Слайд 23Ақпарат көздері
Терапевтическая стоматология, Автор: Килафян О.,  2010ж.
http://alternativa-mc.ru/parodontit_/
https://www.startsmile.ru/articles/427/7988/
http://bone-surgery.ru/view/rol_vracha-stomatologa_obschej_praktiki_v_lechenii_zabolevanij_parodonta/


Ақпарат көздеріТерапевтическая стоматология, Автор: Килафян О.,  2010ж.http://alternativa-mc.ru/parodontit_/https://www.startsmile.ru/articles/427/7988/http://bone-surgery.ru/view/rol_vracha-stomatologa_obschej_praktiki_v_lechenii_zabolevanij_parodonta/

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика