Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас.
Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть