Мейрамның аты
8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні
21 – 23 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігінің күні
7 мамыр Отан қорғаушылар күні
9 мамыр Жеңіс күні
6 шілде Астана күні
30 тамыз Конститутция күні
Құрбан айт Құрбан айттың бірінші күні
1 желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш Президент күні
16 – 17 желтоқсан Тәуелсіздік күні
Слайд 38 наурыз – нәзік жандылар мерекесі
Әлем шаттық пен сұлулыққа
толатын күн
Слайд 4Жалпы мәлімет
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы
Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты. Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ
киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары:
10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді.
Слайд 5 Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне
дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.1910
жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткин 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды. Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді. Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың 19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар әйелдер өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді. 1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды.
Билікке Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз мерекесін мемлекеттік мереке ретінде қабылдады. 1965 жылдан бастап бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленді.
Слайд 7Жалпы мәлімет
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл
бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің
теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Слайд 8 Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында
аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және
түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
Слайд 91-мамыр
Ынтымақ – достық кепілі
Слайд 10 Жалпы мәлімет
Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия
тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай – Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге
дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептелді.
1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Белгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франсия, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1 Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
Слайд 11 Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке
ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуәп дайындайды.
1 мамыр
мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді.
ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.
Слайд 13 Жалпы мәлімет
Отан қорғаушы күні - Қазақстан Республикасында 7
мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Мемлекеттік демалыс күні болып аталады.
1992 жылғы 7
мамырда Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді.
Слайд 14Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің
атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен
бейбіт тірлігімізді
қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің
айбыны арта берсін!
Слайд 16Ұлы Отан соғысы
(1941-1945)
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда
соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан
соғысы басталды.
Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.
Слайд 17 Берлин үшін шайқас 1945 жылы 21 сәуірде, Рейхстаг үшін
тартыс 29 сәуірде басталған. Бірақ қанды қақтығыс тек 2 мамыр
күні ғана әрең аяқталды. Жүздеген мың солдат опат болған шайқас ең қанды қақтығыстардың бірі ретінде тарихта қалды.
1945 жылдың 9 мамыры - бұл ұлты мен дініне қарамастан барлық елдердің адамдары үшін ең жарқын, баршаға ортақ болған жеңіс күні. Қазіргі уақытта 9 мамыр - бұл соғысты бастан кешкендерді еске алу және болашақ ұрпаққа бейбітшілікті аманат ету күні. Жеңіс күні — Қазақстанда 9 мамырдың (Батыс Еуропада 8 мамыр. Себебі Капитуляция актіне Орталық Еуропа уақыты бойынша 22:43, 8 мамыр қолтаңба қойылды, ал Мәскеу уақыты бойынша бұл 0:43, 9 мамыр) мемлекеттік мереке болып табылады.
Жылдар өтіп 1945 жылдың мамырынан алыстап бара жатқан сайын, қатарымызда балалары мен немерелерінің болашағы үшін ұшқан оққа кеудесін тосқан ардагерлер саны сиреп барады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.
Слайд 19Астана – Қазақстанның
бас қаласы!
6 шілде Астана күні
Слайд 20 Жалпы мәлімет
1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел
шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы
аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды.
Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды.
1994 жылы Қ.Р Парламенті отырысында Қ.Р-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.
Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.
Слайд 22“Конституция”-латын тілінен аударғанда “құрлыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел,
мемлекет болудың тетігі деген сөз.
Онда маңызды үш мәселе –мемлекеттік және
қоғамдық құрлыс, адамның немесе азаматтың құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі қамтылған.
Өркениетті қоғамның
өзгермейтін кепілі
Слайд 23 Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5
қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция
9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Слайд 24Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы
28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды.
Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
Слайд 25Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Жаңа Конституцияға
алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген
сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Слайд 26Құрбан айт
Мұсылман халықтары мерекесі
жылда әр күнге түсуі мүмкін.
Слайд 27 Жалпы мәлімет
Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді,
яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.
Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.
Құрбан айт — мұсылманның ұлық мерекесі. Үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы Жаратушы Иеміз - Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міскін жандарға қамқорлық көрсетеді.
Алладан ізгі тілектер тілейді. Шелпек салып, бақилық болған ата-бабаларының, жақындарының рухынақұран бағыштайды, берекесі мол дастархан жайып, "Құрбан айт құтты болсын!", деп бір-бірінің үйіне айттайды.
Слайд 28 1 желтоқсан
Тұңғыш президент күні
Слайд 29 Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып
өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері
туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.
Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.
Слайд 3016-17 ЖЕЛТОҚСАН
ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
www.ZHARAR.com
Слайд 31Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Алтайдан Алатауға дейін ұлан
– ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман
еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Слайд 3216 желтоқсан 1991 жыл
ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы
17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан
кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.