Слайд 3Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар арқылы түсініктері кеңейеді, жаттығу
жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекітеді. Оқушылар адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге,
ана тілді құрметтеуге тәрбиеленеді. Үндестік заңының ережесін біледі. Мысалдар келтіреді. Жаттығулар орындай алады. Уақытты тиімді пайдалануға дағдыланады.
Слайд 4Жаңа сабақ. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Сабақтың таныстырылымы
Интерактивті тақтада Буын
үндестігіне бағынбайтын қосымшалар бойынша қысқаша таныстырылым жасалады. Қазақ тіліндегі қосымшалар
негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен, біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
1) көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, қонақпен, күрекпен, сәнімен т.б.
2) - нікі (- дікі, - тікі), - тай, - тал, - дар, - еке, - тар. Мысалы: даланікі, әкетай, діндар, ағаеке, өсімтал;
3) – бей, - би, - кер, - гер, - қор, - паз, - қой, - кеш, - хана, - кес. Мысалы: бейшара, балгер, жемқор, әсемпаз, сәнқой, емхана, жұмыскер, зиянкес;
4) – ов, - ова, - ев, - ева, - ин, - ина. Мысалы: Әуезов, Жұмабаев, Сейфуллин, Жұмағазина, т.б.
Слайд 5Топтармен жұмыс: Жаңа тақырып бойынша 5 топқа тапсырмалар беріледі:
Кісі аттарынан
буын үндестігіне бағынбайтын сөздердің астын сыз:
Әуезов, Шолпан, Бектұрсынов, Жандәулет, Нұргүл,
Ақманат, Сейтжан, Сейлхан, Тоғжан, Бояубаев т.б.
Ау, қызғыш құс, қызғыш
құс,
Айтып айтпай не керек,
Құсалықпен өтті ғой
Махамбеттің көп күні.
Махамбет.
Масғұтты ұры шапты қылышпенен,
Тәуір-ақ жан сақтапты жұмыспенен.
Есен-аман шал-дағы құтылыпты,
Масғұттан жау қашқан соң ұрыспенен
Абай.