етістіктің ерекше түрі көсемше деп аталады. Көсемше қайтіп? қалай? Не
істегелі? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: оқып түсіну, дауыстап оқу, күле сөйлеу, келе кірісу, амандасқалы келу, кеткелі жатыр және т.б.
Көсемшенің де есімше тәрізді өзіне тән жұрнақтары бар.
1) -а, -е, -й жұрнағы арқылы іс-қимылдың осы шақта жасалып жатқанын
білдіреді. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке
буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жұрнақтары жалғанады:
жаз-а, күл-е, сөйле-й, қара-й т.б.;
2) -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы іс-қимылдың өткен шақта жасалғанын
білдіреді. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке
буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады:
жаз-ып, күл-іп, айт-ып, сөйле-п, қара-п т.б.;
3) -ғалы (-гелі, -қалы, -келі) және -ғанша ( -генше, -қанша, -кенше)
жұрнақтары арқылы іс-қимылдың не өткен шақта орындалғанын, не келер шақта орындалатындығын білдіреді.