Разделы презентаций


Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары

Содержание

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.Міндеттері ретінде:·Оқу –тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы:









Оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін
дамыту

Тақырыбы: Оқушылардың       шығармашылық қабілеттерін  дамыту

Слайд 2


Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан

мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды

сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Міндеттері ретінде:

·Оқу –тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау
·Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
·Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы

Слайд 3
Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен

әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті

мәселе етіп қойдық.
Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:
·Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;
· Білім, біліктілігін арттыру;
·еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;
·мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;
Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды

Слайд 4Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен

шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат.

Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
·қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
·ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
·алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
·өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
·басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
·қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.Оқушының білім сапасын

Слайд 5Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары

технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет”

деген сөздері бар
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар

Слайд 6Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту,

қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының

бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу –

Слайд 7Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір

қалыптасқан.
Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында

жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған
Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл

Слайд 8
Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық

қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық

үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға,

Слайд 9
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
·оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық

қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
·Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат

қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
·Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
·Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
·Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
·Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
·Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:·оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.·Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына

Слайд 10Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

·өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен

жоғары деңгейде білу;
·оқушы дарындылығының моделін білу;
·қазіргі заманға сай оқытудың жаңа

технологияларын білу;
·дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
·дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:·өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;·оқушы дарындылығының моделін білу;·қазіргі заманға

Слайд 11Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
·дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
·дарынды

оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс

істей білуі;
·оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
·дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
·дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
·дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:·дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;·дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып,

Слайд 12Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай

қасиеттерден тұрады:
жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға

және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет,

Слайд 13Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті:
“…Көптеген табиғи талант дарынсыз

ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай

алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”.
Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи

Слайд 14Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге

болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері

жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;2.Сабақты түрлендіріп

Слайд 15«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның

сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық,

шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» —

Слайд 16
Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт

себіл- ген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен

бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себіл- ген көк шатырдың астында, хош иісті

Слайд 17Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы:

тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді

сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады: … байлық … алдық … құс біткен … қалдық.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең

Слайд 18Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз – береке, күз — байлық, Күзде астық мол

алдық Жылы жаққа құс біткен Кеткен ұшып, біз қалдық.

Оқушының тапсырманы орындауы: Күз – береке, күз — байлық, Күзде астық мол алдық Жылы жаққа құс біткен

Слайд 19Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі

— әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы

қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде.

Слайд 20Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей: 1. Өз бетімен оқуға,

жұмыстануға дағдыланады. 2. Шығармашылық ізденіске жетелейді. 3. Өз ісіне деген сенім пайда

болады. 4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді. 5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді. 6. Шығармашылдық белсенділік артады. Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей: 1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады. 2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.

Слайд 21Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы. Мен үшін

керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы,

ізденуі. Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі. Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі: жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық қабілетін танып, біліп дамыту.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы. Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген

Слайд 22Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің

де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз. Ондай кедергілер: 1. Оқушының әлеуметтік

жағдайының болмауы. 2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне сенбеуі, жалқаулығы. 3. Денсаулығының нашарлығы.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде ұстаймыз.

Слайд 23Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы

тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр

оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық қабілетін дамыту – ең басты міндетім
. Осыған орай дарынды оқушыларға өзіндік жұмыстар жасауды, өлең жазуды, реферат дайындауды тапсырма етіп беремін. Осындай сабақтан тыс тапсырмаларды орындауда олар тыңғылықты деректерді жинап, өлеңдер шығарып,өз бетінше ізденіп, зерттей біледі. Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті, іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.

Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі компьютерленген

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика