дайындық
бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды сол әскер салаларының тактикасына сәйкес
ұрысты ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдеріне үйрету мақсатындағы жауынгерлік дайындықтың маңызды бөлімі. Т.д. ұрыс жарғыларында көрсетілген тактиканың маңызды ережелерінің негізінде жүргізіледі. Оған ұрыстың теориясын үйрену және ұрыстың нақты жағдайларында қолдану; ұрысты ядролық қару мен әр түрлі әскери техникаларды қолдану тәсілдерін, сонымен бірге ұрысты жүргізу әдістері мен тәсілдерін тәжірибелік түрде үйрену; қарсыласының қару-жарағы мен әскери техникаларын, тактикасын үйрену; әскери қызметшілер мен бөлімшелерді жергілікті жерді ұрыстың әр түрлі түріне қолдануды үйрету бөлімше мен бөлімнің (құраманың) ұрыстық үйлесімділігін жетілдіру; командирлер мен штабтарды әскерлерді басқаруға үйрету; бөлімше-лердің ұрыс түрлеріндегі жеке әдістерді басқаруға үйрету; бөлімшелердің ұрыс түрлеріндегі жеке әдістерді және толық кешенді іс-қимылдарды игеру кіреді. Бөлімше мен взводтың Т.д. тактикалық және тактикалық саптық сабақтарда іске асырылады және ұрыстық жағдайға жақындатылған тактикалық күрделі жағдайларда жетілдіріледі. Т.д-тың басында сарбаздарға атыстық, саптық, инженерлік және дене тәрбиесі бөлімдеріне қатысы бар қарапайым әдістер үйретіледі. Тактикалық сабақта бөлімшелер ұрыстың әр түрі бойынша жеке әдістерді үйреніп, толық кешенді қимылдарға жаттығады. Бөлімше мен взводтың Т.д. тактикалық және тактикалық саптық сабақтарда іске асырылып, рота мен батальонның тактикалық сабағында жетілдіреді.