Слайд 1Название презентации
“Тәуелсіздік-
елдігімнің тірегі!”
6 «А» сынып
Өткізген: Д.С Жуманбаева
2015-2016 оқу жылы
“Ботақара
жалпы білім беру орта мектебі” КММ
Слайд 2Мақсаты:
Оқушылардың бойына Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып,
өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.
Ұлттық сана сезімін,
саяси сауаттылығын ояту.
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Слайд 3
Тәуелсіздік – тірегім
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге
алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
Жүрмейікші жүнжіп босқа
түнеріп,
Еске алайық, есімдерін білелік.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
Алмайықшы екі қолдан жіберіп.
Жиырмадағы жалындаған жасында,
Қаншама жас азап шекті расында.
Желтоқсанның ызғары өтіп кеудеден,
Қарсы тұрды Колбин қосқан қосынға.
Соны ойласам елжірейді жүрегім,
Өздері өліп, қорғап қалды Ұлы елін.
Желбіресін көк байрағы халқымның,
Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.
Слайд 6Отан деген не?
Отан неден басталады?
Қазақстан қандай ел?
Тәуелсіздік деген не?
Слайд 7Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың ерлігіңді
сағың сынбай,
Көреріңді көрсең де азаппенен.
Қазақ халқының тарихында ел мен
жер үшін,
Отан үшін өліспей беріспеген күрестер аз болған жоқ.
Ұлан ғайыр жерімізге тұс-тұстан көз алартып,
анталаған жаудан қазақ елінің қайсар батырлары
найзаның ұшымен, білектің күшімен атамекенді
азат етіп отырды.
Жоңғарлардың шапқыншылығы айрандай ұйып
отырған қазақты тарыдай шашты.
Слайд 8
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртыңнан айрылған
жаман екен,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді.
Қазақтың қайда жиын мерекесі ?
Ел-ауыл,
жердің кетті берекесі.
Ханзада, ханым болып өскен ұл-қыз,
Қай елдің болып кетті келекесі.
Слайд 9Қазақ халқының бастан кешкен қасіретін сөзбен айтып жеткізу өте қиын.
Алашты бір тудың астына біріктірген Абылай хан, қазақтың тура билері
Төле, Әйтеке, Қазыбектердің, ержүрек батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлардың аңсаған азаттығын алуды көксеген Алаш зиалылары «халық жауы»аталып, атылып кете барды.
Слайд 10Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның
мәңгі есінде тұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
Слайд 11Қазақ халқы Ресейдің қол астында Одақтас он бес республикамен тізе
қосып,Отан үшін қасық қандары қалғанша Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасты.
Слайд 12Семей ядролық полигонынан да
аман қалды
Слайд 13Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға .
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр
басында.
Слайд 14Тәуелсіздік таңы
Шаттық пенен бақыт тілеп жеріме,
Жас шабытым алып ұшты көгіне.
Талай
ғасыр бабаларым аңсаған,
Тәуелсіздік таңы атты еліме!
Слайд 17Құтты болсын мерейтойым мерейлі ,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді
биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін , тәуелсізбін , еркінмін,
Өсе берсін
ұландары елімнің .
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.