вода и несколько маленьких фигурок людей, животных или предметов способны
помочь человеку раскрыться, выразить свои чувства и эмоции, которые порой так трудно передать с помощью слов. Кроме того, песочная терапия способна помочь нам разобраться в себе, справится с комплексами. При этом терапевтические сеансы дают ощущение защищенности и полной свободы.
Құмзардағы ойын дұрыс ұйымдастырылуы үшін ұйымдастырушы 5 түрлі ережені қатаң сақтау қажет.
1.Құм алаңымен таныстыру. «Біз бүгін құм алаңына саяхат жасайық, амандасу, таныстырылу жүргізіледі. Түрлі- түсті құмдардың да өз ерекшелігін атап кетуге болады, түстерін атап, онымен де ойнап трафаретпен жұмыс барысында қолданамыз. Жарықтандырылған стол үстіндегі құмда бала қызыға сурет салады себебі астынан жанған жарық құмды одан әрі әрлендіреді.
2.Әртүрлі фигуралардың коллекциясы. «Жақсылап зейін салып қарайықшы мына фигураларға, бұлардан сен құм әлемін өзгерте аласың, мұнда адамдар, жануарлар, ағаштар, тағы басқа заттар бар. Сен өз әлеміңді құра аласың»
3.Құмда ойнау ережелерімен танысу. Мұнда қатал тәртіппен жұмыс жасау деген жоқ, құмды шашып, ауызға салуға болмайды, ойын барысында бір- біріне кедергі жасауға болмайды. Ойын соңында ойыншықтарды міндетті түрде орындарына қою талап етіледі.
4.Сабақтың негізгі мазмұны, ойынның нұсқауы, сабақтың тақырыбы.
Барлық материалдар ертегі желісімен келуі керек. Мысалы әртүрлі жануарлар біздің құмға алыс жерлерден келіпті, танысу үшін немесе құм әлемінде қуанышты күн, безендіру керек деген сияқты т.б.
5.Сабақты қорыту, образдан шығу. Құрастырған әлемін суретке тартып алуға болады. Бала өзінің құраған заттарын жинап орындарына қояды. Құмды тегістеп онымен қоштасады.