Разделы презентаций


Жұмбақ жайлап, аңыз өрген - Маңғыстау

Содержание

МазмұныІ Кіріспе бөлімМаңғыстау – киелі мекенімІІ Негізгі бөліма) 362 әулиелі Маңғыстауб) Жер асты мешіттерів) Астанасы әруақты АдайлардыңІІІ Қорытынды бөлімІV Пайдаланылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Жұмбақ жайлап,
аңыз өрген – Маңғыстау!
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық

қатынастар және әлем тілдері университеті
Тексерген: Жүзтаева Б.
Орындаған: Қонысбай Г
2015 –

2016 оқу жылы
Жұмбақ жайлап, аңыз өрген – Маңғыстау!Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіТексерген: Жүзтаева Б.Орындаған:

Слайд 2Мазмұны
І Кіріспе бөлім
Маңғыстау – киелі мекенім
ІІ Негізгі бөлім
а) 362 әулиелі

Маңғыстау
б) Жер асты мешіттері
в) Астанасы әруақты Адайлардың
ІІІ Қорытынды бөлім
ІV Пайдаланылған

әдебиеттер
МазмұныІ Кіріспе бөлімМаңғыстау – киелі мекенімІІ Негізгі бөліма) 362 әулиелі Маңғыстауб) Жер асты мешіттерів) Астанасы әруақты АдайлардыңІІІ

Слайд 3Маңғыстау – киелі мекенім
Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлігі.
Маңғыстау

облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасымен және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2

маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы. Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы  Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.
Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады. Облыстың атауы географиялық орналасуына байланысты берілген. Маңғыстау туралы алғашқы деректер 950-960 жылдар шамасында мұсылман авторы Мұқаддасидің шығармасындағы хазарлардың Джурджан жағындағы шкарасы Бенкишлах деген қала атауы болған. Маңғышлақ атауы аталған Махмұт Қашқаридың Түрік сөздігі еңбегінде жазылған дерек 1070 жылдар шамасында болған.
Маңғыстау – киелі мекенім	Маңғыстау облысы — Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлігі.	Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасымен және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973

Слайд 4362 әулиелі Маңғыстау

362 әулиелі Маңғыстау

Слайд 5 Маңғыстау… Осы бiр қасиеттi мекендi жергiлiктi тұрғындары Ой, Қыр деп

екiге бөледi. Ойдың Оң жаға, Терiс жаға деп аталатын жағалары

Атырау айдынын жиектей, ал шығыс жағы Өлi қолтық сорынан ұшпа жартас болып басталып, сонау Түрiкменстан шекарасында қыратты төбеге айналатын, құмды адырлар мен қыземшек төбелi жазықтар, шақпақтасты ақтаулар мен қақапақтасты қаратаулар, қойтасты қоныр қыраттар мен жұмыртқа тасты сайлар, мәңгiлiктi мойындатар мүлгiген жартастар мен баянсыздық белгiсiндей шағылдар, қаншама сұп-сұр боп жатса да шiлдеде әдемi қызғылт рең пайда болатын  емдiк сорлар мен тәттiлiгiн балға теңеген тұздар… Әйтеуiр не керек, ой дегенiмiз қарама-қайшылық пен үндестiктiң өзi ме дерсiң. Ал Қыр дегенiмiз бiр-ақ ауыз сөзбен сипатталар тақтайдай тегiстiк. Түйелi түгiл жүрдек машиналы жолаушыға да күнi бойы бiр төмпешiк кездеспес ұлы дөң, қыр. Қырдың бiр аты – Үстiрт. Ой мен Қыр немесе Маңғыстау мен Үстiрт бүкiл әлемдiк тарихтың талай-талай тоғысқан жерi. Шақпақ-Ата, Қараман-Ата, Сисен-Ата, Қаңға-Баба, Темiр-Баба,Кентi-Баба, Мыңкiсi әулие, Саназар әулие, Қарағашты әулие
Маңғыстау… Осы бiр қасиеттi мекендi жергiлiктi тұрғындары Ой, Қыр деп екiге бөледi. Ойдың Оң жаға, Терiс жаға

Слайд 6Жер асты мешіттері

Жер асты мешіттері

Слайд 7Қараман ата жер асты мешіті
Қараман ата жер асты мешіті  –

діни ескілікті сәулет өнері ескерткіші.
Қараман ата қорымы Маңғыстау ауданы  Шетпе кентінен

35 км қашықтықта, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына таяу, Қандыбас қыстағының батысынан 5 км жерде орналасқан. Мешіт тау шатқалының төменгі қабатынан табиғи үңгірлерді пайдалана отырып, ойып жасалған. Мешіт құрылысы үш бөлмеден тұрады: кіреберісінде бір бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал, үлкен бөлменің төбесі тастан құралған бағандармен бекітіліп шегенделген. Екі бөлменің төбесінен жарық түсетін дөңгелек терезелер ойылған. Қорым мен жер асты мешіті Маңғыстаудағы киелі орындардың бірінен саналады.
Қараман ата жер асты мешіті	Қараман ата жер асты мешіті  – діни ескілікті сәулет өнері ескерткіші.Қараман ата қорымы Маңғыстау

Слайд 8Шақпақ ата мешіті
Шақпақ ата жер асты мешіті – ескілікті сәулет өнерінің

ескерткіші. Түпқараған ауданы Тау ауылынан 25 кмқашықтықта,  Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ шығанағына жақын Оңғазы (Өңеже)

тауының етегінде (Шиліқұдық алқабы) орналасқан. Кезінде мешіт құрылысына А.Г. Медоев (1966 – 68) және М.Меңдіқұлов (1975) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал арқылы шаңбақ (крест тәріздес) үлгісінде орналасып, солтүстік, оңтүстік, шығыс және батысқа қарай бағытталып салынған. Мешіттің шығысындағы кіреберісі үш бұрышты арка іспетті; арканың сыртқы босағасының екі жағын тастан қашалған қабірханалар алып жатыр. Есіктен кіргеннен кейін үлкен зал төрт бұрышында қабырғадан қашалған төрт ұстын бар. Ұстындар арасына арка тәрізді маңдайша қашалған. Күмбезді төбесінен диам. 1,2 м, биіктігі 5 м ойық тесілген. Ойық аузында мешітті жауын-шашыннан, желден қорғайтын биіктігі 3,9 м құрылғы тұрғызылған. Зал төрінен айналма сатылы есік шығарылған. Ортасы намаз оқылатын бөлменің (биіктігі 3 м-дей) төрт бұрышынан сәнді, ою-өрнекпен безендірілген әрі тіреу міндетін атқаратын жұмыр бағаналар қашалған. Қабырғаның әр жерінде кітап қоятын сөрелер, шырақ орындары мен шымылдық (перде) ілетін қуыстар қашалған. Кіреберіс қаптал мен қабырғаларында араб әрпімен жазылған адам аттары, құран сүрелері, сопылық өлең мәтіндері, адамның қолы (бес саусағы), ат, өгіздің сұлбалары бейнеленген.
Шақпақ ата мешіті	Шақпақ ата жер асты мешіті – ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Тау ауылынан 25 кмқашықтықта,  Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ шығанағына

Слайд 10Шопан Ата жерасты мешіті
Шопан-Ата – Маңғыстау мен Хорезм арасындағы керуен

жолының бойына орналасқан ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Оның доғадай иіліп

келген тау жынысының солтүстік-батыс жағынан тұрғызылған мешіттері бар. Бұл X-XIII ғасырдағы озық үлгідегі ғимараттар тобына жатады. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағында тағы бір шағын бөлме орналасқан, оның едені биік болып келеді. Сол жақ қабырға астынан қабірхана көмілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сыйымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар, кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзіміне меңзейді. Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Яссауи тариқаты басшыларының бірі болған. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған
Шопан Ата жерасты мешіті	Шопан-Ата – Маңғыстау мен Хорезм арасындағы керуен жолының бойына орналасқан ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші.

Слайд 12Сұлтан Үпі жер асты мешіті
Сұлтан епе жер асты мешіті – діни сәулет

өнері ескерткіші. Форт-Шевченко қаласының солтүстік-шығыс жағынан 57 км жерде, Сарытас шығанағына

таяу, Сұлтан епе сайының Жоғарғы. жағында орналасқан. Сайдың Жоғарғы. жағынан ойып жасалған мешіт бір-біріне жалғасқан 11 бөлмеден тұрады. Мешіттің шығыс беткейіндегі баспалдақ төбесі тас бағандармен бекітілген орталық бөлмеге апарады, бөлмелердің төбесінен жарық түсіру үшін ойықтар жасалған. Сол жердегі қорымда сырық ағаштары шаншылған екі дөңгелек тас қоршаудың ортасындағысы Сұлтан епенің зираты болып табылады. Ел аузында сақталған аңыз бойынша Сұлтан епе кезінде Маңғыстауға келген Қожа Ахмет Иасауидің шәкірттерінің бірі ретінде аталады; ал тарихи деректерге жүгінсек, шамамен 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген Құл Сүлейменнің (Хәкім атаның) баласы делінеді. Оның есімі ел ішінде «Баһрғани» жазбасының иесі және су апатынан сақтаушы ретінде белгілі болған. Адамдар «Сұлтан епе сақтай гөр пендеңді су апатынан» деп сиынған және күн күркірегенде де осы адамның атын атайтын болған. Мешітке тазалау жұмыстары (1980, 2003) жүргізілген; жер асты мешіті (1982) мен ол орналасқан табиғи сай (1993) жергілікті дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынған
Сұлтан Үпі жер асты мешіті	Сұлтан епе жер асты мешіті – діни сәулет өнері ескерткіші. Форт-Шевченко қаласының солтүстік-шығыс жағынан 57 км

Слайд 14Бекет Ата жер асты мешіті
Бекет ата - ескерткіш ғимараттары -  Маңғыстау, 

Үстірт,  Жем 
бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ

атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған.  Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750- 1813) - әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт  Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.
Бекет Ата жер асты мешіті	Бекет ата - ескерткіш ғимараттары -  Маңғыстау,  Үстірт,  Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер

Слайд 15Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда,

екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы 
Баялыда» дейді. Бекет Ата бүл

мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, 
Құлсары қаласына жақын жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат киіз үй көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынньң мүрдесі де осы бөлмеге қойылған. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген. 
Бекет Ата төрт мешіті бар. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді.

Слайд 16 Астанасы әруақты Адайлардың

Астанасы әруақты Адайлардың

Слайд 17 Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының  орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып

табылады. 1964 жылдан  1991  жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың  құрметіне 
Шевченко аталған болатын.

Географиясы
Қала Каспий

теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген. Кеңестік
ғылымға сәйкес Еуропа мен  Азияның  шекарасы Мұғалжардан басталып,
 Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.
2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының 
экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты
 (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп,  Үстірт  Үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады.

Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының  орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады. 1964 жылдан  1991  жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың  құрметіне Шевченко аталған

Слайд 19Әкімшілік құрылымы
Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік

құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші

Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13-6-72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.
Әкімшілік құрылымы	Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы

Слайд 20 Тарихы
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала, Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы)

орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды.

XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды.
Кешендегі кәсіпорындар желісі химиялық реагент өндіріп (азот-тук және күкірт қышқылы зауыты), жылу және электр энергиясымен, сумен (ТЭЦ, БН-350) қамтамасыз етті. Су тапшы жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым пайда болып, адамдардың қалада өмір сүруге жағдай жасалды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған және жаңадан барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Атамбай-Сарытөбе, Оймаша, 
Комсомол, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Толқын,Арман және Дұңған сияқты мұнай-газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды.
Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су портын дамытуға қолайлы Ақтау қаласының архитектуралық ансамбілін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966) КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны үшін сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар одағының алтын медалі мен Патрик Акберкомби атындағы сыйлық (1975) берілді.
Тарихы	Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала, Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау

Слайд 21Түнгі қала көрінісі

Түнгі қала көрінісі

Слайд 22Мәдениеті
Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер, Астана, Юность

т.т.), түнгі клубтар бар (Лагуна, Дискай, Элико және т.б.). Теңіз

жағасында ойын-сауық орталықтары, спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары жетерлік. Жастар мен отбасыларға немесе немерекелік және банкеттік кездесулерді ұйымдастырарлық көңіл көтеру және ойын-сауық кешендеріне мысалыға "Ақтау", "Ардагер", "Бәйтерек" және табы басқа шағын кешендерді келтіруге болады. Жаз мезгілінде елді мекен тұрғындарына және қонақтарға арнайы жекешелендірілген жағажайлар бар: "Достар", "Nur Plaza", "Манила". Осыған қоса жеке меншік ретінде саналатын қала сыртында демалыс лагерьлері мен орындары халықтың демалысы мен уақытының жақсы өтуіне өзіндік әсерін етуде.
Мәдениеті	Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер, Астана, Юность т.т.), түнгі клубтар бар (Лагуна, Дискай, Элико

Слайд 24

Мен сөзімнің түйінін Маңғыстаулық ұлы жазушы Ә.Кекілбайұлының 1960 жазылған «Ұйқыдағы

арудың оянуы» деген еңбегіндегі мына сөздерді басшылыққа алғым келді. «Егер

жер шарындағы шөл атаулының барлың түрін, жалаңаш құзыр шың қара тауларды, жапан түздің не ақшағаладай ағараңдап, не батар күннің нарт қызыл нұрындай жалқынданып, алыстан көз арбап тұратын көркем мұнараларды өз көзіңізбен көргіңіз,
тастай боп дыңылдап жататынайдай тақырларды өз аяғыңызбен басқыңыз келсе.
-Маңғыстаудан артық жерді таба алмайсың. Шөл табиғатының алуан-алуан құбылыстарының  бәрі-бәрі осы бір асыл қазына жиған алтын сандықтай аядай өлкеде түгел ұшырасады. Бұл өлке  ұйқтап жатқан арудай өзінің оянар сәтін күтуде»
 Маңғыстаудың жер астындағы табиғи байлықтарды зерттеліп әлемге әйгілі болды. Ендігі мақсат белгісіз болып келген жер астындағы көміліп жатқан мәдени ескерткіштерімізді анықтау, жас ұрпаққа тәрбиелеу, үйрету. Осындай ескерткіштердің болуы және осы жердің табиғатының көркемдігі болашақта туризм бизнесінің дамуына үлкен жол ашады деп үміттенеміз. Менің тағыда бір ойым зерттеу арқылы табылған қалаларды мектеп бағдарламаларына енгізіп маңғыстау тарихының тереңде жатқан тарихын жас ұрпақтарға білдіру.
Сонау Еуропадағы Парижге, не болмаса Ұлыбританияға, шет елдерге барғанша, өз жеріміздің жауабы табылған сұраққа, кілті ашылмаған жұмбаққа ізденіс жасап, өз тарихымызды білгенге не жетсін?!

ҚОРЫТЫНДЫ

Мен сөзімнің түйінін Маңғыстаулық ұлы жазушы Ә.Кекілбайұлының 1960 жазылған «Ұйқыдағы арудың оянуы» деген еңбегіндегі мына сөздерді басшылыққа

Слайд 25Пайдаланылған әдебиеттер:
Серікбол Қондыбай. Маңғыстау географиясы, 14 бет
«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы,

2007
Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Интернет желісі материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер:Серікбол Қондыбай. Маңғыстау географиясы, 14 бет«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;Интернет желісі материалдары

Слайд 26Назарларыңызға
рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика