Слайд 1Бүйректің тума ақаулары
Қабылдаған: Атажанова В.
Орындағандар: Баймбетов Д.
Жм-320
Қ. А. Ясауи атындағы
халықаралық қазақ түрік университеті
Слайд 2ЖОСПАР
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Таға тәрізді бүйрек аномалия
2. Бүйректер санының аномалиялары
3.Бүйрек шама-көлемінің
аномалиялары
4.Бүйректер құрылымының аномалиялары
5. Бүйректердің орналасуының аномалиялары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
Слайд 3 Бүйрек аномалиясы дегеніміз-
бүйректің дамуы мен орналасуының,
пішіні
мен көлемінің бұзылуы.
Слайд 4Бүйрек аномалиясы 5 топқа бөлінеді
Слайд 5Сан аномалиялары
Жоғары несеп жолдарының аномалиялары арасында сан аномалиялары неғұрлым жиі
кездеседі. Бұл аномалиялардың клиникалық мәні сонда,олардың фонында созылмалы қабыну,нефролитиаз,гидронефроз және
т.б. түріндегі асқынулар едәуір жиі кездеседі.
Слайд 6Сан аномалиялары
Бүйректің агенезиясы мен
аплазиясы органның туа болмауымен немесе дамуының тоқтауымен сипатталады. Әдетте, бұл
патология несепағар мен оның сағағы болмауымен қабаттасады.
Туа біткен екі жақты бүйрек аплазиясы өмірмен үйлеспейді, сондықтан өте сирек ұшырасады.
Бүйректің қосарлануы неғұрлым жиі кездесетін сан аномалиясы болып табылады. Бүл патология кезінде бір-бірімен қатынаспайтын бөлек екі шүмекше, екі несепағар, екі тамыр бумасы және паренхиманың екі бөлек үлесі болады. Қосарланған бүйрек ұзындығы бойынша қалыпты бүйректен үлкен, жоғарғы және төменгі бүйректердің арасында ажыратпа жүлге болады.
Слайд 8Бүйрек аплазиясы(агенезия)-туа пайда болған бір бүйректің немесе қос бүйректің болмауы,көп
жағдайда бір бүйректің болмауынан бір несепағарда болмайды.Жалғыз бүйрек қалыпты дамығандықтан,
екіншісі көрініс бермеуі мүмкін.Сондықтан бір бүйрек екінші жоқ бүйректің қызметін өзі атқарады, гипертрофияға ұшырайды.Ал қос бүйректің аплазиясынан нәресте өмірге қабілетсіз және көп жағдайда өлі туылады.
Симптомдары: шөлдеу,құсу,полиурия,бүйрек жеткіліксіздігі,гипертония.
Диагностикасы:КТ, УЗИ,экскреторлық урография,бүйрек ангиографиясы,цистоскопия.
Слайд 9
Бүйрек гипоплазиясы -қалыпты бүйректің кішігірімкейпін сақтайды,ол инфекцияға шалдығып,
пиелонефритке, гипертониясына ұшырайды.Бүйрек гипоплазисының ренгендік бейнесі кіші бүйректі бейнелейді,ал экскреторлық
урографияда функциясының төмендігін көрсетеді.Бір жақты бүйрек гипоплазиясы пиелонефритпен және гипертониямен жалғасса, ол кезде нефроэктомия ұсынылады.
Слайд 11Бүйректің екі еселенуі-өте жиі кездесетін,жұп бүйректің біреуі екі еселенеді.Мұндай бүйрек
көлемді келеді,қалыпты,кейде бөліктерге бөлінеді.Әр бүйрек ішіне бүйрек артериясы енеді.Екі еселенген
бүйректе әр қайсысының өз түбекшесі,несепағары болады,әдетте жоғарғы бүйректің түбекшесі дамымайды.Несепағарлар бөлек жүріп,қуыққа жеткенде әр қайсысы бөлек аяқталады.Кейде бір несепағар екіншісімен қабысып кетеді.Сөйтіп екі бөлек бүйрек қалыптасады.Бүйрек паренхимасы мен қан тамырдың екі еселенуі түбекшенің екі еселенуінсіз жүрсе толық емес екі еселену деп есептеледі.
Симптоматикасы:ауыру сезімі,АҚ жоғарлауы,зәрде қанның болуы,жоғары температура.
Слайд 12Бүйрек орналасу аномалиялары
Бүйректің аномалиялық орналасуы құрсақта баланың дамуы кезінде пайда
болады.Құрсақ ішілік дамуы кезінде бүйректер жамбас астауында орналасып,баланың дамуы барысында
өзінің қалыпты орнына келіп орналасады.Бірақ белгілі бір факторлардың әсерінен бүйретер қалыпты орнынан ауытқулары болады.Бүйректердің аномалиясы көп жағдайда кездесді,бірақ барлығы клиникалық белгілері айқын біліне бермейді.
Слайд 13Бүйрек орналасу аномалияларының түрлері
Слайд 14Жамбас дистопиясы біршама сирек кездеседі және бүйректің жамбаста орналасуымен сипатталады:
еркектерде ол тік ішек пен қуықтың арасында, әйелдерде жатыр мен
тік ішектің арасында орналасады.
Мыкын асты дистопиясы неғүрлым жиі кездеседі, мұндайда бүйрек мықын асты шұңқыршасында орналасады. Бұл аномалияның неғүрлым жиі болатын көрінісі іш ауырады, ол дистопияланған бүйректің көрші органдар мен нерв өрімдеріне батуынан болады.Бел дистопиясы әдетте 2-3 бел омыртқаларының деңгейінде орналасады, оның шүмекшесі алға карап түрады.
Слайд 15Белдік дистопиясы кезінде бүйректер өзінің қалыпты орнынан біраз төмендеу орналасады.Оның
артериясы қалыпты орнынан жылжып аортадан алыстау жатады.Кейде бел аймағаның ауруымен
белгілер береді.Ол бел аймағында ісік немесе бүйректің ісініп кетуі секілді көрінеді.Ондай жағдайларда бүйрек тостағаншалары бүйректің алдына қарап орналасады.
Торакальды бүйрек дистопиясы өте сирек кездеседі.Бұл кезде бүйрек көкеттен жоғары кеуде қуысында орналасады.Несепағар қалыптыдан ұзын болады.Тамақтанған соң осындай аномалиясы бар науқастарда кеуде қуысының ауруы тән.Рентгенологиялық тексерулерден кейін дәрігерлер қателесіп өкпенің қатерлі ісігі немесе көкет жарығы деп диагноз қоюы мүмкін.Бұндай жағдайларда экскреторлық урографиямен УДЗ нәтижелері арқылы ғана бүйректің дистопиясы екніне көзіміз жетеді.
Слайд 16
Киылысты дистопия да өте сирек кездеседі
және бір бүйректің ортанғы сызықтан сыртына ауысуымен сипатталады, осының нәтижесінде
екі бүйрек те бір жакта орналаскан болып шығады.Бүйректердің дистопиясы кезінде хирургиялық емдеу тиісті патологиялық процесс бар болса ғана кажет болады.Өзара қарым-катынас аномалиялары екі бүйректің өзара тұтасып бітуімен сипатталады.Бүйректердің тұтасуын олардың ортаңғы беті бойынша саралайды -галет тәрізді бүйрек. Бір бүйректің жоғарғы полюсі екінші бүйректің төменгі полюсімен түтаскан кезде — S тәрізді немесе L — тәрізді деп аталатын бүйрек құралады.
Слайд 17Бүйрек қарым қатынас аномалиялары
Слайд 18Таға тәрізді бүйрек
Бүйректердің аттас полюстерінің тұтасуымен сипатталатын, таға
тәрізді бүйрек деп аталатын аномалия неғүрлым жиі кездеседі. Бүл орайда
екі жартысының төменгі сегменттерін қосатын бүйрек мойнағы әдетте ірі тамырлардың - қолқа мен қуыс венаның, сондай-ақ нерв торының алдында орналасады. Бүл аномалия көп жағдайда уродинамиканың бұзылуларымен және кайталама гидронефроздык дамуымен қабаттасады.
Слайд 19 Бүйрек аномалияларының 15 пайызын құрайды. Жаңа туған 500
нәрестенің біреуінде кездеседі. Ер балаларда қыз балаларға қарағанда 2,5 есе
жиі кездеседі. Көп жағдайда төменгі полюсінің қосылуынан дамиды. Симметриялық бөлігінің қосылуы U-әріпі мен тағаны еске түсіреді. Соған қарамастан әр бүйректің өзіндік несепағары, қантамыры болады.
Слайд 20Бүйректің шама-көлемінің аномалиялары.
Бұл аномалияға көлемнің кішіреюін — бүйрек
гипоплазиясын жаткызады;
Бүйрек гипоплазиясы-бүйректің туа біткен анатомиялық патологиясы.
Қалыпты жағдайдағыдан бүйрек көлемі едәуір кішірейеді.
Аномалия әдетте бір жақты болады.
Екі жақты бүйрек гипоплазиясы бүйректің жедел жеткіліксіздігі арқылы көрінеді.
Слайд 22Бүйректің гистологиялық құрылымы қалыпты, тек қана оның көлемінің кішіреюі байқалады.
Анатомиялық құрылымы бұзылғанымен физиологиялық қызметі өзгермейді. Ол бүйректердің қалыпты морфологиялық
құрылымымен, олардың секреторлық және экскреторлық функцияларының бұзылу белгілерінің болмауымен сипатталады. Бүйрек гипоплазиясы туа пайда болған бүйрек ақауларының 30 пайызын құрайды.
Слайд 23Түрлері.
1. Қарапайым бүйрек гипоплазиясы – нефрон саны мен тостағанша қызметінің
жнткіліксіздігімен сипатталады.
2. Олигонефрондық гипоплазия
3. Дисплазиялық бүйрек гипоплазиясы.
Слайд 24Даму себептері
Йондық сәулелер
Жүктілік кезіндегі жарақат
Сыртқы гипертемия
Ішімдік ішу
Темеі шегу
Слайд 25 Құрылым аномалиялары:
1. Тостағанша-медуллярлық аномалиялар
2. Шүмекше-несепағар сегментінің
аномалиялары
3. Дивертикулалар
4. Уротероцеле
Слайд 26Тостағанша-медуллярлық жүйенің аномалиялары.
Тостағанша-медуллярлық аномалияларға бүйректің тостағаншалары мен мальпигий пирамидалары
дамуының ақаулары жатады.
Несеп пирамидалары дамуының бұл ақаулары негізгі 2 топқа бөлінеді:1) несеп пирамидаларының дисэмбриоплазиясы; мұнда тік өзекшелердің өздерінің кеңуін
және бұл өзекшелердің көптеген псевдокиста түзіп (кеуекті бүйрек) кеңуін,медуллярлық гипоплазия салдарынан (мегакаликс) дамыған дисплазия дейді;тостағаншалардың дистопиясы мен үлкеюінің салдарынан болатын тостағаншалар дисэмбриоплазиясы.
Тубулярлық дисплазия кезінде өзекшелер қабырғаларының кальцийленуі байқалады;ол өз мембраналарының тұтастығын бұзып интерстициалдық тінге өте алады,ал өз кезегінде бұл нефрокальциноздың дамуына себеп болуы мүмкін. Тубулярлық дилатация дегеніміз тік өзекшелердің жай кеңеюі. Бұл орайда пирамидада және емізікшеде өзекшелердің түтіктік немесе ұршық тәріздікеңеюлері пайда болады да, кейде қабырғалары кальцийленеді. Аномалияның бұл түрінде бүйректердің функциясы бұзылмайды және қосалқы инфекция қабаттасқан кезеңге дейін білінбейді.
Слайд 28Шүмекше-несепағар сегментінің аномалиялары. Несептің тостағанша-шүмекше жүйесінен пассажының бұзылуының біршама жиі
себебі шүмекше-несепағар сегментінің даму ақаулары салдарынан пайда болатын обструкциясы болып
табылады. Шүмекше-несепағар сегментінің обструкциясы бүйрек паренхимасының ишемиялық атрофиясымен қоса шүмекше-тостағанша жүйесінің дилятациясына ұшыратады, мұның аяғы бүйрек функциясының жоғалуына,яғни гидронефрозға апарып соғады.Шүмекше-несепағар сегментінің обструкциясының себептері:қосымша тамырлар, шүмекше-несепағар сегментінің тарылуы, несепағардың бүктеліп қалуы,несепағардың жоғары кетуі, шүмекше-несепағар сегментінің клапандары.Шүмекше-несепағар сегменті обструкциясының хирургиялық емделуі. Шүмекше-несепағар сегментінің обструкциясын емдеуде реконструкциялық операциялар жетекші орын алады.
Слайд 29Жоғары несеп жолдарының дивертикулалары – несепағардың барлық қабаттарының қап тәріздес
бұлтиюы (несепағар жарығы). Олар тостағаншадан бастап қуық алды бөліміне дейін
кез келген сегментте шоғырлануы мүмкін. Дивертикулалардың формалары домалақтан бастап,ұзынша,алмұрт тәріздіге дейін әр түрлі болады және олардың саңылауымен тар және біршама ұзын жолмен қатынасады. Үлкен дивертикулалар несепағарға батып,жылжытуы мүмкін,мұның салдарынан несеп жолдарының жоғары жатқан бөлімдері инфекцияланған гидронефроз түзуге дейін барып кеңейеді. Шүмекше кистасы домалақ не ұзынша формада болады. Ол шүмекше саңылауы немесе паренхима жағына қарай өсуі мүмкін,қабырға ішінде де орналаса алады.
Слайд 31 Уретроцеле (несепағардың қуық ішілік кистасы, уретеровезикалдық киста) дегеніміз несепағардың ең
төменгі сегменті қабырғасының қуықтық кілегейі астына қап тәрізді бұлтиып сұғынуы.
Уретероцеле сыртынан қуықтың кілегейімен жабылған. Олардың арасында несепағардың бұлшық ет және біріктірме тіндік қабаттары орналасқан.
Уретероцеленің түзілуі жөнінде екі көзқарас бар. Бірі авторлар уретроцеле несепағар сағасы дамуының аномалиясының салдары және несепағардың күрт тарылуынан болады деп есептейді; енді бір авторлар
төменгі сегментін созылыңқы дерлік қалыпта ұстап тұратын біріктірме тіндік муфтаның жете дамымауы не болмауы деп біледі.
Слайд 32Саға өңірінде үнемі кедергіден өтудің салдарынан несепағардың жоғары жатқан интрамуралдық бөлімі кеңіп, кернеулі киста түрінде қуықтың кілегей қабығы астына сұғынып тұрады.Уретероцеле барлық жастағы жастағы адамдардаң 1-2процентінде болады,бірақ 3-4 проценті балаларға
келеді.
Несепағардің қуық ішіндегі кистасының формасы әр түрлі болады және оның үлкендігіне байланысты. Ол домалақ, овал не алмұрт тәрізді
формада болады. Кистаның үлкендігі шиенің сүйегіндей болуы да мүмкін,бүкіл қуықтың саңлауын алып та тұрады.
Уретероцеле қарапайым және пролапсияланған болуы мүмкін. Қыз балаларда уретероцеле уретраға түсіп кететін болады,мұндайда уретра жабылып қалып,несеп жедел жүрмей қалады.
Слайд 35 Бүйрек кисталарының түрлері:
1.Солитар(оқшау)киста
2.Мультикистозды бүйрек
3.Поликистозды бүйрек
Солитар киста. Бүйрек паренхимасында сұйықтыққа толған үлкен қуыстың дамуы.
Сипаты. Құрсақ қуысын жалпы клиникалық зерттеу кезінде,операция үстінде тексеруде кездейсоқ табылады.Кистаның жарылуы сирек жағдай.Инфекция қосылса бүйрек төңірегінің абсцесіне ұқсатады.Қан кету болса,кистаның көлемі ұлғайып,ауырсыну,бел аймағында шаншу болады.
Слайд 36 Бүйрек кистасы бүйрек паренхимасында әртүрлі жағдайда пайда болады.Олардың кейбіреулері
туа біткен дисплазиядан немесе жарақаттан болады.Кейбіреулері бүйректің милы қабатындағы созылмалы
инфекциядан,ал басқалары бүйрек тостағаншалары деңгейіндегі обструкцияға байланысты.Өте сирек болса да,бүйрек эхинококкозды бүйрек паренхимасында кисталардың өсуін туындатуы мүмкін.Нағыз бүйрек кисталары,бүйрек ауруларынан немесе обстукциядан туындамайды және бүйрек тостағаншалары және түбекшелерімен байланыссыз.
Слайд 37 Мультикистозды бүйрек-бүйрек мультикистозды функциясы жоқ бүйректерде нәрестелік бала кезінде
табылып,нефрэктомиямен емделеді.
Слайд 38Поликистозды бүйрек-екі бүйректің паренхимасы толығымен көптеген ұсақ тығыз кисталармен алмасады.кездесу
жиілігі 4000жаңа туған нәрестелерде біреуінде кездеседі.Теориялық концепция бойынша кисталар бүйректің
даму кезінде,оның нефрондарының жинақтаушы түтікшелерімен бірігуінің үйлесімсіздігінен дамиды.
Слайд 39ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келгенде, бүйректің даму ақаулары дегеніміз -бүйрек құрылымының тума пайда
болған ақауларын айтамыз. Организмімізде болатын буйректің даму ақаулары эмбрионалдық даму
кезеңінде басталады. Оларға буйрек аплазиясы, гипоплазиясы, дистопиясы, кистасы тағы да басқа ауруларды жатқызуға болады.
Бұл аурулардың даму көзін, механизмін, гистологиялық құрылысын білу болашақ уролог, нефролог және де акушер гинекологтар үшін аса маңызды.
Слайд 40ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Алшынбаев М.К “Адам анатомиясы”
2.Оразақов Е “денсаулық туралы кеңес”
3.гурин В.Н
“Адам физиологиясы”