Слайд 1МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Білім алушының өзіндік
жұмысы
Тақырыбы: Түрлі гистогенезді қатерлі ісіктер
Мамандығы:жалпы медицина
Дисциплина:Патологиялық анатомия
Курс:ІІ
Орындаған: Тулебаева М.С..
Тобы:212 “Б”
Тексерген:Адилгереева
А.С.
Ақтөбе,2017 жыл
Слайд 2ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕР
Атипия және полиморфизм тән. Бұл ісіктердегі өзгерістердің тереңдігі сондай,
ісіктің қандай ағза, қандай тіннен өскенін анықтау мүмкін болмай қалады
(пісіп-жетілмеген ісіктер). өсуі инфильтрациялық сипатта болады: ісік маңындағы тіндерге енеді, қан тамырларына, жүйке тамырларына ендеп өседі. асу барысында ісіктің жекелеген клеткалары ісіктен бөлініп басқа ағзалар мен тіндерге түсіп екінші ісіктің пайда болуы мүмкін.
Слайд 3ЖІКТЕЛІСІ
Ісік өскен тіннің түріне байланысты және екі үлкен топқа бөлінеді:
эпителийлік тіндерден өсетін ісіктер (канцер, карцинома) және дәнекер тіннен өсетін
ісіктер — саркома.
Слайд 4ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
01- пісіп жетілу дәрежесі жоғары ісіктер (қатерлілігі
төмен).
02- пісіп жетілу дәрежесі төмен ісіктер (қатерлілігі орташа).
03- пісіп-жетілу
дәрежесі анықталмайтын ісіктер (қатерлілігі жоғары).
Слайд 5
Р- ісіктің қуыс ағзалар қабырғасына ену дәрежесін көрсететін белгі (символ).
Р1
— кілегей қабық немесе кілегей қабық астындағы қабатқа енген ісік.
Р2 — ісік бұлшық ет қабатын ендеген.
Р3 — ісік серозды қабықтан өтіп, ағза сыртына шыққан.
Р4 — ісік іргелес ағзаларға жабысып өскен.
Слайд 6Қатерлі ісіктердің клиникалық ағымында төрт негізгі синдром бар:
Кіші белгілер синдромы.
«Плюс-тін» синдромы.
Ағза қызметінің бұзылу синдромы.
Патологиялық бөліністер синдромы.
Слайд 7Арнайы даму орны жоқ эпителийлік қатерлі ісік
Эпителийден туындайтын қатерлі ісікті
рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін
түрінде, не жайылма өскен, ақшыл реңдегі ісік, ол қатты, кейде жұмсақ болады.
Слайд 8Рактың бірнеше түрлерін ажыратады:
1)
орнықты рак - эпителий қабатының ішінде өсетін рак.
2) жалпақ клеткалы - терінің, шырышты қабаттардың жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығатын рак.
3) безді - безді ағзалардың шырышты қабықтарының призмалық немесе текше тәрізді эпителийінен өсіп шығатын рак.
4) шырышты - ісік клеткаларының көп мөлшерде сұйықтық бөліп шығару-мен сипатталады.
5) солидті - аса тез өсетін ісіктер қатарына жататын,эпителий клеткала-рынан түзілетін рак.
6) майда клеткалы - жетілмеген рактар қатарына жатып, көбінесе өкпеде кездеседі.
7) фиброзды - сүт бездерінде,асқазанда көбірек кездеседі, өте қатерлі, ерте метастаз беретін рак.
8) медулярлы рак - ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік.
Слайд 9Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий қатерлі ісіктері
Аналық без қатерлі ісіктері.
Дисгерминома қатерлі ісіктер қатарына жатып, жыныс белгілері
толық жетілмеген қыздар мен жас әйелдерде кездеседі.
Слайд 10 Сүт бездерінің қатерлі ісіктері.
Бөлікшеішілік сіңіп өспейтін рак - без эпителийінің
соңғы бөліктерінен және бөлекшеішілік өзектерден өседі;
Өзекшеішілік сіңіп өспейтін рак
- ісікке тән тән атипиялық эпителий клеткаларының бүртік-теніп,өзек ішін толтыра өсіп кетуімен сипатталады;
Педжет ауруы - бір жерден емес, ауқымды ісік өрісінен,емізік эпителийінен,бір мезгілде дамитын рак жатады.
Слайд 12 Мезенхиманың қатерлі ісіктері
Оларды саркома деп атайды. Саркоманың мезенхиманың қатерсіз ісіктерден
айырмашылығы, онда клетка атипизмі жақсы дамыған,митоздар көп, гематогенді метастаз береді.
Слайд 13Фибросаркома
Дәнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің
арасында түйін түрінде байқалады.
Слайд 14Дерматофибросаркома
Терімен байланысты ісік, арқада, иықта және балтырда тері астынан томпайып
тұрған түйін түрінде байқалады.
Слайд 15Липосаркома
май тінінің қатерлі ісігі, кез келген жаста кездеседі, ісік клеткаларының
арасында бір ядролы және көп ядролы, ерекше ірі, атипиялық клеткалардың
болуымен ерекшеленеді.
Слайд 16Қатерлі лейомиома
бірыңғай салалы бұлшықет ісігі
Слайд 17Рабдомиосаркома
өте қатерлі ісіктердің бірі, көптеген метастаз береді.
Слайд 18Қатерлі гемангиоэндотелиома
бір-бірімен тәртіпсіз жалғасып жатқан, атипті эндотелий клеткаларымен астарланған майда
қан тамырларынан құралған.
Слайд 19 Остеосаркома
сүйектің қатерлі ісігі. Ол негізінен ұзын сүйектерде кездеседі.
Слайд 20 Хондросаркома
сирек кездесетін, шеміршек клеткаларынан өсетін ісік.
Слайд 21Меланин түзуші тіннің қатерлі ісігі
Меланома аса қатерлі ісіктер қатарына
жатып, меланоцит клеткаларынан дамиды. Меланома өте тез гематогендік лимфогендік метастаз
бергендіктен, организмде меланин мөлшері көбейіп, тері қараяды немесе меланин зәрмен шыға бастайды.
Слайд 22 Қан жасаушы және лимфоидты тіндер ісіктері
Қатерлі лимфомаларға мына ісіктер жатады:
1)түйінді лимфосаркома;
2)жайылмалы лимфосаркома;
3) саңырауқұлақ тәрізді микоз;
4)ретикулосаркома;
5)лимфогранулематоз.
Слайд 23Лимфосаркома
Лимфоцит қатарындағы клеткалардан түзілген қатерлі ісік. Ол лимфа түйіндерінде, кей
ағзаларда (ішек-қарын жолдарында, теріде, бадамша бездерінде т.б.) топталған лимфоцит клеткаларынан
өсіп шығады. Түйінді лимфосаркома (алыпфолликулалы лимфома, Брилл-Симмерс сырқаты) лимфа түйіндерінде ісік клеткаларының фолликулаға ұқсас құрылымдар түзуімен сипатталады. Жайылмалы лимфосаркоманың клеткалар құрамына қарап: 1)лимфоциттерден; 2)пролимфоциттерден; 3)лимфобластардан; 4)имунноблас-тардан түзілген түрлерін ажыратады. Жайылма лимфосаркоманың ерекше түріне Беркитт ісігі жатады.
Слайд 24Ретикулосаркома
Ретикулалық клеткалар қанжасау жүйенің стромасын құрғанмен пайда болу көзі олардан
өзгеше. Арнайы бояулармен бояғанда ісік клеткаларын ретикулин талшықтары қоршайды.