сауда саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу
арқылы сауда саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға және коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуға тиіс. Қор биржасының мүшелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін шетелдік заңды тұлғалар болуы мүмкін.Қор биржасы- бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты рынок. Қор биржасында экономикаға ұзақ мерзімді инвестиция салу және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаражат жұмылдырылады, акционды компаниялардың акциялары, облигациялары, мемлекеттік облигациялар сатып алынады және сатылады. Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың бағамы белгіленеді, бұл бағам түсетін кіріспен (дивиденд не пайыз түрінде), несие пайызының деңгейімен айқындалады. Қор биржасындағы операциялар ақша капиталдарын тартуға, оларды өндірістің түрлі салалары арасында қайта бөлуге жәрдемдеседі. Қор биржасы тәжірибесінде бағалы қағаздардың мәміле жасалған сәттегі бағамы мен оның аяқталған кездегі бағамы арасындағы айырмадан табыс алу мақсатындағы операциялар кең қолданылады.