Разделы презентаций


Практикалық сабақ №2. Орманды дала және дала аймағының қара топырақтары

2,3) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) орташа ылғалданған дала; б) ылғалы жеткіліксіз қуаң дала.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Практикалық сабақ №2.

Орманды дала және дала аймағының қара топырақтары морфологиялық

белгілерімен танысу
Сабақтың мақсаты: Қара топырақтың морфологиялық белгiлерiнiң ең басты ерекшелiктерiмен,

топырақ түсiнiң қара болуына не себеп және олардың қалыптасу жағдайларымен, тектiк қабаттарының ерекшелiктерiмен танысу.
ҚР кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.
1) Республиканың қиыр солтүстігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды –далалы зонаша алып жатыр. Ауадан түсетін ылғалдықтың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті 1 тең. Жер беті жазық ойпатты келеді, соңдықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғында қара топырақ және сілтізіденген қара топырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жарамды жерлердің бәрі жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстанның территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн (республика жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі, солтүстіктегі Ресей жерінде.
Практикалық сабақ №2.Орманды дала және дала аймағының қара топырақтары морфологиялық белгілерімен танысуСабақтың мақсаты: Қара топырақтың морфологиялық белгiлерiнiң

Слайд 22,3) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона

басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі

зонашаға бөлінеді: а) орташа ылғалданған дала; б) ылғалы жеткіліксіз қуаң дала. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі. Ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары қара топырақты зонаның батыс сібір провинцияларында кездесетін кәдімгі қара топырақ (2) (орташа ылғалданған далада) және оңтүстік қара топырағы (3)( ылғалы жеткіліксіз қуаң далада) .
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырақтар және комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі -25,4 млн гектар, яғни республика жерінің 9% -на жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.
кәдімгі қара топырақты зонаша республикалық 11,7 млн гектарын, ягни барлық жерлердің 4,3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330мм. Негізгі топырақтары –кәдімгі ортагумусты қара топырақтар. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.
Оңтүстік қара топырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.

2,3) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай

Слайд 3Қара топырақтардың жіктелуі

Қара топырақтардың жіктелуі

Слайд 4Қара топырақтарда топырақ қабаты генетикалық горизонттарға әлсіз дифференциалданады.
А –

аккумулятивті қарашірікті
В - өтпелі
Вк – иллювиалды карбонатты
С – аналық

немесе топырақ түзуші жыныс.
А 0-52 см қара-сұр түсті қарашірікті қабат, түйітпектілігі дәнді немесе дәнді-кесекті, борпылдақ, тың жерлерде астық тұқымдастардың тірі және қурап қалған шашақ тамырларымен кескіленген, олардың беткі 3-7 см тығыз шыммен жабылған, сазбалшықты, В қабатына өте баяу және біртіндеп өтеді.
В1- өтпелі қабат. 52-79 см қара-құба түсті, түйіртпектілігі дәнді-кесектіастына қарай кесекті, тышқан індері кездесіп қалады, бұл топырақтың кейбір типшелерінде (негізгі, оңүстік) кальций карбонаттары кездеседі, В горизонтының төменгі бөлігі тұз қышқылының әсерінен көпіршиді, саздақ.
В2 79-124 см гумусты ағымды ауыспалы қабат, түсі біркелкі емес, түйітпектілігі ірі кесекті. Карбонаттар ақкөз, шоғыркөз түрінде кездеседі.
Ск – 124 см-ден төмен – аналық жыныстың түсі ашық-қоңыр, түйіртпектілігі призмалы, құрылымы тығыз, саздақ, кальций және магний карбонаттарына бай.
Қара топырақтарда топырақ қабаты генетикалық горизонттарға әлсіз дифференциалданады. А – аккумулятивті қарашірікті В - өтпеліВк – иллювиалды

Слайд 5Қара топырақтар гумус мөлшері бойынша бөлінеді:
аз гумусты – 6

пайыздан аз;
Орташа гумусты – 6-9 пайыз;
Көп гумусты – 9 пайыздан

жоғары

А+В1 - гумус қабытының қалыңдығына қарай :
Әлсіз қалың – 40 см аз;
Орташа қалың – 40-80 см;
Қалың – 80-120 см;
Өте қалың – 120 см жоғары


Қара топырақтар гумус мөлшері бойынша бөлінеді: аз гумусты – 6 пайыздан аз;Орташа гумусты – 6-9 пайыз;Көп гумусты

Слайд 6Топырақ кескіні

Топырақ кескіні

Слайд 7Қара топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы

Қара топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы

Слайд 8Қазақстан топырақтары туралы мәліметтер

Қазақстан топырақтары туралы мәліметтер

Слайд 9Негiзгi сұрақтар:
Қара топырақтың морфологиялық ерекшелiктерiн атаңыз?
Қара топырақта СО2 –

карбонаттар қай тереңдiкте кездеседi және ол неге байланысты?
Қара топырақтың типтiк

ерекшелiктерiн зерттеген ғалымдарды атаңыз?

Әдiстемелiк ұсыныстар: қара топырақ монолитi, топырақ атласы, топырақ

Негiзгi әдебиеттер:
Докучаев В.В. Русский чернозем //Собр.соч.- Москва: Изд-во АНСССР, 1949.-Т.3.-622 с.
Топырақтану журналдары – 2002-2006 жж.
Биғалиев А., Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. – Алматы: Санат, 1995. – 128 б.
Францессон В.А. Черноземные почвы, их генезис и агрономическая характеристика. – Москва, 1963. – 276 с.
Южные черноземы Северного Казахстана. Изменение их природных свойств при окультуривании. – Алма-Ата: Наука, 1974. – 230 с.
Негiзгi сұрақтар: Қара топырақтың морфологиялық ерекшелiктерiн атаңыз?Қара топырақта СО2 – карбонаттар қай тереңдiкте кездеседi және ол неге

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика