Разделы презентаций


Silk Way Халықаралық Университеті Тақырып : Қ.А Йассауидің сопылық презентация, доклад

Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардыңсопылық философиясы ерекше орын алады. «Сопы» деген сөздін төркіні, шамасы, «қорһоя» - «дана» деген грек сөзінен шықса керек. Сопылық философия ислам дінінің шеңберінде пайда болған мистиқалық (құпия)

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Silk Way Халықаралық Университеті
Тақырып: Қ.А Йассауидің сопылық философиясы
Қабылдаған: Кузембаева А.О
Орындаған:

Кәрім Сабина

Silk Way Халықаралық УниверситетіТақырып: Қ.А Йассауидің сопылық философиясыҚабылдаған: Кузембаева А.ООрындаған: Кәрім Сабина

Слайд 2Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың
сопылық философиясы ерекше орын алады. «Сопы»

деген сөздін төркіні, шамасы, «қорһоя» - «дана» деген грек сөзінен

шықса керек. Сопылық философия ислам дінінің шеңберінде пайда болған мистиқалық (құпия) - аскеттік (өз-өзін шектеу) ағым. Оның дүниеге келу себебін жете тұсіну үшін, біз назарымызды ислам дінінің кейбір ерекшеліктеріне аударуымыз қажет.
Ислам діні - тарихи ең соңғы дүниеге келген дүниежүзілік дін. Сондықтан бұл діндегі аса үлкен басымдық бірлік, бірқұдайлық,ол - абсолютті, оған ешқандай күмән келтірілмеуі керек. Бұл қағиданы мықты ұстаудың астарында осы уақытқа шейін бытыраған көшпенді араб тайпаларының басын біріктіріп, оларды бір халыққа айналдырып, үлкен мемлекет кұру қажеттігі жатқан еді. Иудаизм мен христиандық дін аз да болса «көпкұдайлықтың» сарқыттарынан әлде де болса арылған жоқ-ты (мысалы, Құдайды адамға үқсатып бейнелеу - иқона, бір Құдайдың үштігі: құдай, әке, ұл және киелі рух т.с.с.)- Ислам дініндегі «Алла тағаланы» алсақ, Ол адамнан тым алшақ, қаһарлы, қатал, адамды саналы пенде етіп жаратқанмен, өзіне ұқсас еткен жоқ. Сондықтан адам адасып кетпес үшін Ол қоғам өміріндегі болуға тиіс тәртіптіңнегіздерін, адамның өмірдегі жүріс-тұрысыныңқағидаларын Мұхаммед пайғамбар арқылы құрандағы Шариғаттаалдын ала берген және олар Бұлжытпай орындалуы керек.
Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардыңсопылық философиясы ерекше орын алады. «Сопы» деген сөздін төркіні, шамасы, «қорһоя» - «дана»

Слайд 3Алайда ақиқат әрқашанда нақтылы, өмір өне бойы өзгерісте болғаннан кейін,

ресми мешіттің Бұлжымас қағидалары шынайы өмірде әртүрлі қайшылықтарды тудырады. Сондықтан

жаңа дінді уағыздаушылар көп ұзамай, екі топқа бөлінеді. Олардың бірін «абид»(Құдайдың құлы) десе, екіншісін «захид» (дәруіш) деп атады. Біріншілері діннің талаптарын ойланбастан Бұлжытпай орындауға тырысса, екіншілері өз ізденістері мен тебіреністері арқылы Алла тағаланы жете тұсінуге, оған рухани жетілу арқылы жақындасып, онымен қосылуға, сіңісуге тырысты. Міне, осы екінші бағытислам дінінің шеңберінде сопылық ағымды тудырады.
Алайда ақиқат әрқашанда нақтылы, өмір өне бойы өзгерісте болғаннан кейін, ресми мешіттің Бұлжымас қағидалары шынайы өмірде әртүрлі

Слайд 4Алғашқы уақыттағы сопылар пендешілікке қарсы шығып, Дүниеқорлық, байлықты жинаудан бас

тартып (зухд), Алла Тағаламен бірге болуға тырысты (тақуа). Бұл ауыр

жолда олар Мүхаммед пайғамбардың өмір жолын өнеге етті, өйткені ол қандай керемет бай өмір сүру мүмкіншіліктеріне қарамастан, өзін өте әдепті ұстап, қайыршы мен кедейлерге қол ұшын беруге тырысты.
Алғашқы уақыттағы сопылар пендешілікке қарсы шығып, Дүниеқорлық, байлықты жинаудан бас тартып (зухд), Алла Тағаламен бірге болуға тырысты

Слайд 5Алғашқы сопылардын бірі Хасен Басри: «Бұл дүние үшін о дүниені

сатқан екі дүниеден біржола айырылады, бірақ о дүние үшін Бұл

дүниені сатқан екі дүниеге де ие болады», - деген екен. Яссауи бабамыздың сыйлаған, өнеге тұтқан сопыларының бірі - осы Хасен Басри. Ол жөнінде Яссауи:
«Нәпсісін тыйып қаһар қылды Хасен Басри... әзіздердің жағында болғым келер...», - деген екен. Сонымен сопылық философия адамдарды аскеттік өмірге, дүниенің алдамыш қызықтарына құмартпауға, рухты биік дәрежеде ұстауға шақырды.
Алғашқы сопылардын бірі Хасен Басри: «Бұл дүние үшін о дүниені сатқан екі дүниеден біржола айырылады, бірақ о

Слайд 6Қ.А.Яссауи философиясында қойылған негізгі мәселе - ол адам болмысы,ал оның

өзінің екі жағы бар. Біріншіден, адам -дене,оның қажеттіктері өтелмей өмір

сүру мүмкін емес; екіншіден, адам-рух, ол - оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі,аса баға жетпейтін қасиеті. Бұл арада Қ.А.Яссауи үзілді-кесілді адамның терең мәнін оның рухани тұнғиығынан іздейді, Бұл көзқарас XX ғ. өмір сүрген неміс ойшылы К.Ясперстің «нағыз адамның өмір сүру ахуалы - рухани ахуал» деген сөзімен үндеседі. Өзінің жас кезіндегі пендешіліктің шырмауында болғанын жасырмай сынай келіп, ұлы ойшыл былай дейді:
«Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім харап,
Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ.
Халім харап, бауыр кәуәп, көз Бұлдырап,
Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне». Пендешіліктің жолында (байлыққа, билікке, дене ләззаттарына ұмтылу т.с.с) адам өз өмірінің мәнін ашып, адамгершілік Қасиеттерін сақтап қалуы мүмкін емес: ол жалған жолға тұседі.
«Нәпсіге сен ерік берсең, не тілемес,
Еңіресең де Алла саған мойын бұрмас.
Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас...», - дейді ойшыл.
Қ.А.Яссауи философиясында қойылған негізгі мәселе - ол адам болмысы,ал оның өзінің екі жағы бар. Біріншіден, адам -дене,оның

Слайд 7 Ойшыл Бұл жолдағы өнегелік мысал ретінде Парсы патшасының ұлы

Ибрахим ибн Әдхамды келтіреді. Руми Джалаледдин ол арсыз жөнінде былай

дейді:
Бір күні Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу естиді. Сақшылар шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап алып, Әдхамның алдына әкеледі. «Мұнда не істеп жүрсіңдер?» - деген сүраққа, олар: «Түйелерімізді іздеп жүр едік», - депті. «Қай заманда кім түйені шатырдан іздеген екен?» - деген сүраққа, олар: «Біз сенен өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламең жақындасқың келмей ме? Қай заманда кімде-кім осындай орыннан Құдайға жақындаған», - депті. Осыдан кейін Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезіп, дәруіштік жолға түскен екен. Міне, Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етіп былай дейді:
«Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргіл,
Тілек берсең, дүние қызығын тепкім келер».
Сопылық философияның көрнекті өкілі Баязитті де өнеге тұтып: «Шайық Баязит жетпіс рет өзін сатты,
Бұл дүниенің бар қызығын тастап атты», - дейді.
Ойшыл Бұл жолдағы өнегелік мысал ретінде Парсы патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтіреді. Руми Джалаледдин ол

Слайд 8Әрине, мұндай пікірлер кейбір оқырмандардың дүниеге деген көзқарасына сай келмеуі

мүмкін. Бүгінгі жекеменшікті қалыптастырып, оны әрі қарай дамыту жолында «баю

идеологиясы» көп насихатталғаны баршаға мәлім, - саяси түрғыдан алғанда, ол керек те болған шығар, өйткені бұрынғы Кеңес Одағындағы өндірісті бірегей (тотальды) мемлекеттендіру адамдардың өндірісті дамытуға деген ынталарын су сепкендей басып, өндіргіш күштерді тоқыраулатқан болатын. Негізінен, сол себепті ол қоғам да құлдырап, келмеске кетті емес пе? Алайда тек дүние қуу жолында дүрыс қоғам орнату мүмкін бе? Әрине, жоқ.
Әрине, мұндай пікірлер кейбір оқырмандардың дүниеге деген көзқарасына сай келмеуі мүмкін. Бүгінгі жекеменшікті қалыптастырып, оны әрі қарай

Слайд 9Бұл жөнінде Қ.А.Яссауи былай дейді:
«Дүние менікі дегендер - жаһан малын

алғандар, Құзғын құстай арамға белшесінен батқандар. Молда, мүфти болғандар -

жалған жала жапқандар, Ақты қара қылғандар: ол тамұққа түседі. Қазы, имам болғандар - нақақ жала қылғандар, Есектей болып жегіліп, жүк астында қалады. Пара алған әкімдер - арамдықпен жүргендер, Өз бармағын өзі шайнап, өкінішпен қалады».
Ол өз заманындағы рухани-адамгершілік ахуалға көнілі толмай, ондағы кемшіліктерді қынжыла сынайды:
«Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті,
Қыз, келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.
«Ұят барда иман бар», - деп Расул айтты...
Ғажап сұмдық заман болды, достар.
Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ,
Патша мен уәзірлерде әділет жоқ...
Түрлі бәле халық үстіне жауды...».
Бұл жөнінде Қ.А.Яссауи былай дейді:«Дүние менікі дегендер - жаһан малын алғандар, Құзғын құстай арамға белшесінен батқандар. Молда,

Слайд 10Бүгінгі таңда, мемлекетті басқаруға жаңа ұрпақтар легі келгең кезде, нарықтық

қатынастар бірте-бірте заңды жолға қойыла бастады да, сол себепті қоғамдық

ахуал да басқаша өзгере бастады. Қазіргі бастыміндеттердің бірі қоғамның руханиөмірің жандандырып, адамгершілікті басымұстау болып отыр. Сонда ғана қоғамның бірлігін нығайтып,қарапайым адамдардың өмірге деген ынтасын арттыруға болады. Ал оның өзі біздің бостандығымыздыңіргетастарын нығайтып,бүкіладамзаттық қауымның шеңберінде абыройлыорын алуға мүмкіншілік береді. Расында да, адам бұл өмірде жалғыздан-жалғыз өмір сүрмейді, менің еркімнің шеңбері екінші адамның еркінің аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгілі француз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай, «еркіндікдегеніміз адамның басқалардың алдындағы жауапкершілігінің ауыр жугі».Біреу күйзеліс пен зардап шегуде болған жағдайда, екіншінің қанша дәулеті тасығанымен, бақытты болуы мүмкін емес. Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы - қоғамдағы күйзелістен шығу жолдарын қайсыбір зорлық-зомбылықтан, қантөгістен, төңкерістен іздемеуі. Ол Сократтың «өзіңді тани біл», Будданың «ең ұлы жеңіс - адамның өзін-өзі жеңе білуі» деген қағидаларына жақын жолды ұстайды :
«Залым егер жәбір қылса, Алладегіл,
Қолың жайда, дұға оқып мойын сұңғыл.
Құдай тілек бермесе, сабырқылғыл,
Хақтан естіл Бұл сөздерді айттым, міне».
Бүгінгі таңда, мемлекетті басқаруға жаңа ұрпақтар легі келгең кезде, нарықтық қатынастар бірте-бірте заңды жолға қойыла бастады да,

Слайд 11«Сабыр түбі — сары алтын» деген халықтың нақыл сөзі осы

-Яссауидің жоғарыдағы ойларымен үндесіп жатыр. Адамзаттың өткен жазұлы тарихында зорлық-зомбылықтың

негізінде бақытты қоғамды орнатқан бірде-бір ел аталмайды. Керісінше, зорлық қарымына одан де өрескел зұлымдықты тудырады. «Жек көру жек көру-шілікпен ешқашанда тоқталмайды. Тек жек көрушіліктің жоқтығы ғана жек көрушілікті жояды», - деген екен ұлы Будда. Зорлық-зомбылықтың жолымен жер бетінде жұмақ - коммунизмді орнатқысы келген болыневиктер қоғамды қандай күйзеліске әкелгенін өткен жақын тарихымыздан жақсы білеміз. Бүгінгі таңда бүкіладамзаттық деңгейде соғысты, зорлық-зомбылықты болдырмау, әр болуы мүмкін шиеленісті бейбіт жолмен шеше білу,жеке адамның құқықтарын басымды орынға қою мәселелері үлкен орын алып отыр.
«Сабыр түбі — сары алтын» деген халықтың нақыл сөзі осы -Яссауидің жоғарыдағы ойларымен үндесіп жатыр. Адамзаттың өткен

Слайд 12Қ.А.Яссауидің қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю, руханиятты жоғары ұстау, қанағаттыққа

келумәселелері бүгінгі әсер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің

өзектілігімен танылуда.Әрине, арада сан ғасырлар өтті, өндіргіш күштер ол заманда түске де кірмейтін ғажап биіктіктерге көтерілді, бірақ, сонымен қатар қоғамның рухани-адамгершілік саласы да сондай биіктіктерге самғады деп айта алмаймыз. Әрине, бұл сала да бір орнында қалған жоқ, онда да алға жылжушылық байқалады, бірақ оның даму қарқыны материалдық саламен салыстырғанда анағұрлым төмен болуда.Нәтижесінде, дамыған елдер бүгінгі таңда өз халықтарына материалдың жағынан қандай биік түрмыс деңгейін жасағанмен, миллиондаған адамдар өз өмірінің терең мән-мағынасын таба алмай, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстыққа т.с.с. бұрмаланған өмір жолына түсуде. Тойымы жоққоғамда қанша мол материалдық игіліктер өндірілсе де, өне бойы жетіспеушілікбайқалады. Сондықтан да осы елдердің көш басындағы АҚШ мемлекеті өз шекарасынан ондаған мың шақырым алыстағы жерлерді «өз ұлтының мүддесі бар аймақтар» деп жариялауда...
Қорыта келе, Қ.А.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік күйзелістен шығу жолында іске жаратуға болатындығына біз кәміл сенеміз.
Қ.А.Яссауидің қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю, руханиятты жоғары ұстау, қанағаттыққа келумәселелері бүгінгі әсер бетіндегі өмір сүріп жатқан

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика