Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыға ақын өмірі шығармашылығы жөнінде мағлұмат
беру. Поэманың тақырыбын, идеясын ұғындыру. Шығарма мазмұны бойынша өз көзқарастарын білдіруге ықпал ету.Дамытушылығы: Оқушының таным қабілетін, белсенділігін арттыру. Ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Табиғаттағы әсемдікті, сұлулықты бағалай білу. Табиғатты қорғау. Адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын ұғындыру. Мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.