Слайд 1
Алматы 2013
Тақырыбы: Тістің қатты
тіндерінің тіс жегі емес ақаулары және патоморфологиясы. Флюороз.
Орындаған: Исабекова Самал
Ст-10-001-1 топ
Тексерген: ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінің жетекшісі, м.ғ.к. Есіркепов А.А.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулі
Слайд 2 Жоспар:
Кіріспе.
Тістердің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақаулары.
Негізгі
бөлім.
Тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының жүйесі.
Флюороз
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет.
Слайд 3Тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының жүйесі.(Патрикеев 1968 ж
)
Тістің қатты тіндерінің қалыптасу сатысында немесе тіс жарып шыққанға дейінгі
пайда болған бұзылыстар:
Тіс кіреукесінің гипоплазиясы;
Тіс кіреукесінің гиперплазиясы;
Тістің флюорозы;
Тіс тіндері дамуының тұқым қуалайтын бұзылыстары;
Тіс тіндері дамуының және жарып шығу аномалиялары
Слайд 4Тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының жүйесі.(Патрикеев 1968 ж
)
II. Тістің қатты тіндерінің тіс жарып шыққаннан кейінгі пайда
болған бұзылыстар:
Тістердің пигментациясы мен қақтары;
Тістердің патологиялық қажалуы;
Тістердің сына тәріздес ақауы;
Тістердің эрозиясы;
Тіс қатты тіндерінің өлеттенуі;
Тіс жарақаты;
Тіс гиперэстезиясы.
Слайд 5Эндемиялық флюороз
Эндемикалық флюороз (fluor - фтор)судың және тағамның құрамында фтордың
мөлшері көп болу салдарынан пайда болатын тістің қатты тіндерінің дамуының
жүйелі бұзылысы.
Слайд 6Эндемиялық флюороз барлық континент тұрғындарында кездеседі. Алғаш рет флюороз 1888
жылы Мексика тұрғындарынан анықталған. Бірақ тек 30-жылдары ғана флюроздың себебі-фтордың
көп мөлшерде болуы екендігі анықталынды.
Слайд 7Фтор-галоген тобының белсенді элементі, 100-ден астам минералдың құрамына кіреді.
Ересек
адам тәулігіне 3мг-дай фтор қолданады. Оның 0,5-1,1мг тағаммен, 2,2-2,5 мг
сумен адам организміне түседі.
Слайд 8Фтордың кіреукеге әсері- амелобластарға токсикалық әсер етуімен байланысты.
Салдарынан кіреуке
призмаларының дамуы бұзылып, қалыпты кіреуке түзілмейді.
Слайд 9Қолданылатын судың құрамындағы фтордың қалыпты мөлшері-1,5 мг/л-ден аспауы керек.
В.К.Патрикеев
(1973) мәліметтері бойынша фтордың мөлшері -1,5 мг/л болған жағдайдың өзінде
де 30% тұрғындарда флюороз анықталынған. Демек, флюороздың дамуы организмнің фторға индивидуальды сезімталдығына байланысты.
Слайд 10Клиникалық көрінісі
Флюороз көбінесе тұрақты тістер шыққаннан кейін бірден пайда болады.
Эндемиялық аймақтарда тұратын немесе сол аймаққа 3-4 жасында қоныстанған балалардың
тістерін зақымдайды.
Уақытша тістер флюорозбен сирек зақымдалады. Себебі, ана құрсағында жатқан кезде фтор плацентадан өтпейді.
Слайд 11Флюрозбен зақымдалған кіреуке жылтырлығын жоғалтады, бетінде қоңыр –сары түсті дақтар
пайда болады.
Слайд 12ДДҰ мәліметтері бойынша флюороздың 6 түрі кездеседі:
Өте жеңіл түрі-кіреукенің түсі
өзгермеген;
Жеңіл (флюороздың штрихты түрі)–зақымдалу элементтері жолақ немесе ұсақ ақ түсті
дақ түрінде, бұл аймақта кіреуке тегіс, жылтыр. Зақымдалу аймағы сауыттың 25% -ын құрайды. Кейде дақтар тісті жақсылап кептіргеннен кейін ғана көрінеді;
Слайд 143.Флюороздың дақты түрі–жолақтар мен дақтар сауыт бетінің 50%-ын құрайды. Тістің
барлық бетінде анық көрінетін, көптеген бор тәрізді дақтар болады.Кейде ашық-сарғыш
түсті дақтар болуы мүмкін. Зақымдалған аймақта кіреуке беті тегіс, жылтыр.
Слайд 184.Орта дәрежелі (бор–теңбіл тәрізді түрі)-тістің сауыт бөлігінің сары немесе қоңыр
түске боялады. Клиникалық көрінісі әртүрлі болуы мүмкін. Сауыт бөлігіндегі кіреукенің
барлық аймағында теңбілдер орналасады. Шеттері тегіс емес, сұр немесе қоңыр түсті түбі болады. Диаметрі-1-1,5мм, тереңдігі 0,1-0,2мм.
.
Слайд 205. Өте ауыр дәрежелі (эрозивті түрі)-кіреукенің қоңыр түске боялған аймақтарында
шұңқыр тәрізді немесе эрозиялар байқалады. Көбінесе тістің вестибулярлы аймағы зақымдалады.
Флюороздың бұл түрінде кіреуке тез қажалып, қара-қоңыр түсті дентин көрінеді.
Слайд 21Флюороздың эрозивті түрі
Пигменттелген кіреукеде эрозиялар
Слайд 226. Деструктивті-флюороздың бұл түрінде тек кіреуке ғана емес дентин де
зақымдалады. Эрозивті зақымдалу мен қатты тіндердің қажалу салдарынан тіс сауытының
пішіні өзгереді
Слайд 23Деструктивті түрі
Кіреуке бұзылады, саутының пішіні өзгереді.
Слайд 24Электронды микроскоппен қараған кезде, флюороздың жеңіл түрлерінде гидроксиапатит кристаллдарының құрылымы
анық көрінеді, ал ауыр түрлерінде құрылымы бұзылғандығын байқауға болады.
Слайд 25Дифференциальды диагностика
Флюороздың өте жеңіл және жеңіл дәрежелерін тісжегінің дақты сатысымен
салыстыруға болады. Тісжегі үшін осы патология сәйкес аймақтарда ғана зақымдалу
ошағы орналасса, флюороз кезінде әртүрлә аймақтағ көптеген зақымдалу ошақтары болады. Тіс жарыпшыққан кезден бастап пайда болады.
Слайд 26Емі
Флюороз кезінде емдеу әдісі патологиялық процесстің сатысына байланысты. Өте
жеңіл және жеңіл сатыларында ағарту, ауыр сатыларында зақымдалу аймақтарын пломбылау
немесе ортопедиялық ем, яғни жасанды сауыт дайындау қажет.
Құрамында кальций бар тіс пасталарын қолдануға кеңес беріледі. Бірақ фтор болмауы қажет.
Слайд 27Алдын алу шаралары
Ұжымдық
Индивидуальды
Судың құрамындағы фторды алюминий тұздары, магний гидроксиді, фосфат
кальцийі, дефтораторлы қондырғылар арқылы
С,Д витмаиндерін, кальций глюконатын тағамға қосу;
Құрамында фторы
бар тағамдарды қолданбау;
Балаларды эндемиялық аймақтан демалыс кезінде басқа жаққа алып кету.
Слайд 28Қорытынды:
Осы ақаулардың болдырмас үшін оның алдын
алу керек. Жүкті әйелдерді қатаң түрде қадағалау қажет. Тек денсаулық
жағдайына ғана емес тұратын аймақтың факторларына аза назар айдарған жөн.
Слайд 29Қолданылған әдебиеттер:
Интернет “google.ru”
“mail.ru”
www.dentalsite.ru
implantacija@inbox.lv
www.kavitron.ru
“Терапевтическая стоматология” под редакцией
Е.В.Боровского.