Слайд 3Қай кезде де түзу болсын сәлемің,
Қадір тұтар сонда сені
бар елің.
Білімді бол іскерлікке бейімді
Өміріңе керек болар кейінгі.
Үлкен жолын кесіп өтпе көлденең.
Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба.
Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.
Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан
Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан.
Қума босқа мақтан менен желікті,
Қыз дегенің қылығымен көрікті.
Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,
Содан шығар өсек пенен өтірік.
Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін
Ата-анаңды сыйлап өту борышың.
Биязылық сенен тапсын жарасым,
Сақта есіңе, сен болашақ анасың.
Жастан үйрен ұлттық әдеп-ғұрыпқа,
Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!
Слайд 5Үлкен болсын, болсын құрбы-замандас,
Барлығымен қазақшалап амандас.
Тек ізгілік тұрсын
ойға ұялап,
Ұстаз сыйлап, өнеге үйрен, білім ал.
Дүниеге тым
құмартып, құнықпа,
Ондайда заң ілер бір күн құрыққа.
Әлсіздерге бостан-босқа соқтықпа,
Толтырма ауыз балағат пен боқтыққа.
Жігіт болсаң, болсын ірі тірлігің,
Ел-жұртыңның ойла қамын, бірлігін.
Бар байлықты табасың тек еңбектен,
Қор болмайды іспен маңдай терлеткен.
Жұрт қызықсын сенің әрбір ісіңе,
Үлкенге сый, көрсет ізет кішіге.
Ата-анаңа әдепсіздік көрсетпе.
Жастайыңнан сақта дәстүр-салтыңды
Жігіт болсаң қадір тұтқан халқыңды.