Слайд 1
«Жасөспірім жасындағы оқушылардың ата-аналарына психологиялық көмек»
Мектеп психологы: Ғазез Ж.С.
2015жыл
Жақсы №1орта
мектеп
Слайд 2Өтпелі жас 3 кезеңнен тұрады
Бірінші кезең 10-11 жас аралығын қамтиды. Бұл
кезеңде бала өзін тұлға ретінде қабылдап, айтқандарына құлақ асқанын қалайды.
Барлық жұмыстарын өзі ғана шешкісі келеді.
Екінші кезең 12-13 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңде бала отбасында ғана емес, мұнымен қатар әлеуметтік ортада өз орнын иеленгісі келеді. Жасауға міндетті істермен қатар құқықтарын білуге тырысады.
Және соңғы кезең 15 жаспен тұспа-тұс келеді. Жасөспірім бұл кезеңде өзін қалыптастырып, өмірін жаңа арнаға бұруға тырысады.
Слайд 3«Мен-і»
Ата-аналары
Мұғалімдері
Жолдастары
Досы
Слайд 5Жасөспірімдік жас дағдарысы процесінде көп кездесетін физиологиялық және психологиялық өзгерістер
мынадай нәтижелерге әкеледі:
өз бет-әлпетіне деген қызығушылық;
тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу;
құрбыларымен топтасу;
жыныстық
қатынас пен жыныстар арасындағы қарым-қатынасқа деген жоғары қызығушылық;
жалғызсырау;
өзінің жеке кеңістігіне деген қажеттілік және оны қызғану;
кесіп айту, үзілді-кесілді пікір;
қаталдық көрсету арқылы ренжу.
Статистика
Жасөспірімдік кезең қобалжу мен өзінің түр- тұлғасына көңілі толмау сияқты фактілермен сипатталады.
11-12 жастағы қыз балалардың 20%-ы, ер балалардың 30%-ы өзінің бойына байланысты қобалжуды бастан кешіреді.
11-12 жастағы қыз балалардың 60%-ы артық салмақ бойынша мазасызданады.
Физиологиялары ерте жетілген ұлдар мен қыз балалар арасында жоғары әлеуметтік статусқа /мәртебе/ ие болады.
Физиологиялық жағынан кеш дамыған қыз балалардың өзін –өзі бағалауы төмен, олар социометриялық зерттеулер нәтижесі бойынша оқшауланған балалар тобына жатады.
Статистика мәліметі бойынша 11 жастағы қыз балалардың 60%-ы ғашық болу сезімін бастан кешіреді, ал ер балаларда 13 жастан басталады.
Бұл уақытта көбіне қыздар тәуелсіз болуға ұмтылады. 11 жастан бастап шиеленістер басталады.
Слайд 8Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен
қарым-қатынасыңыз қандай болу керек?
1.Жасөспірім қарым-қатынасында
ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді
көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек.
2.Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз.
3.Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз.
4.Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді.
Слайд 10
Баланың әр уақытын сырттай бақылау.
Сағат 9дан бастап балаға ұялы
телефон ұстатпаған жөн.
Зияткерлік дағдарыс (ақпараттық)
Слайд 11Сіздің балаңыз-ертеңгі азамат!
Осы кішкентай адам ұрсу мен ұру, ащы айқай
мен жекіруден, жазалаудан гөрі, ата- ананың пайдалы кеңестерін, қаталдық пен
таяқтан гөрі мейірім мен қамқорлықты, ата- ана сүйіспеншілігін қажет етеді . Бірақ өкінішке қарай өмірде осындай сүйкімді жандарға біз сүйіспеншілікпен қарай бермейміз.
Бала өзін үлкендер тарапынан жасалатын психологиялық қысым мен күш көрсетуден қорғауға дәрменсіз келеді. Бірақ балалар біздің қылығымызды, бір-бірімізге қарым- қатынасымыздағы айқайға, дөрекілігімізге, қаталдығымызға, егер осының бәрін көзінше істесек тез үйреніп алады.
Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады. Керісінше жанұяда жақсы қарым- қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі .Баланы түзу өсіретін қорқыту- үркіту емес, оның еркін өсуі жан- жақты дамуына игі әсер етеді. Біз үйдегі балаға абайламай айтқан сөзіміз, ойланбай істеген қылығымыз кей кезде баланың қылығына байланысты емес, өзіміздің шаршағанымыздан, келеңсіздіктерімізден, жолымыз болмаудан, реніштерден болуы да мүмкін.
Осындай сәттегі балаға деген айқайымыз, оны ештеңеге үйретпейді, оны қорлайды , жасық қылады, өмірге деген құштарлығын тежейді .
Ата-ана баланың жон арқасын тілу арқылы баланың тәрбиесіне тез қол жеткіздім деп ойлайды, бірақ тәртіпке салу көз бен құлақ арқылы келетінін қаперіне алмайды. Аз уақыт тәртіпке қол жеткізген ата- ана бала жүрегіне өтірік пен жалғандақтың дәнін еккенін , баланың қалыпты дамуын қанша уақытқа тежегенін, байқай алмай қалады .
Слайд 12Баланы қаталдықпен тәрбиенің соңы оның ақыл ойы мен әлеуеттілігінің кеш
дамыуына әкеліп соқтырады.
Қол жұмсау мен жазалау ақыр соңында бала мен
оның ата- аналары үшін қайғылы жағдайларға соқтыруы мүмкін, бала не үшін жазаланғанын түсінуден қалады, жақсы мен жаман қылықтарды айыра алмайтын халге жетеді. Бірақ мұндай жағдайдан шығудың жолы бар, әрине бұл кезде алдымен күш-қуаты мол ақыл тоқтатқан үлкендер көмекке келуі керек.
Әрине бала дегеніміз кішкентай періште еместігін әркім де біледі, оны тәрбиелеу оңай емес. Бірақ бала ата-ананы өздерінің өрескел қылықтарымен қандай да болсын күрделі жағдайда қалдырғанымен, тұйықтан баланың адамдық қасиетін құрметтей отырып, олардың жеке басын қорламай, денесіне таяқ тигізбей – ақ шығуға болады .
Ата-аналарға жаднама:
Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз.
Жасөспірімдік
шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет.
Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз.
Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз.
Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз.
Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз.
Слайд 15Қиянат
жасамау
Тыныштық
Дұрыс әрекет
Ақиқат
Сүйіспеншілік
«Ағаш түзу өсу үшін
оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»
Слайд 16Суицидтің алдын алу жұмысы бойынша іс-шаралар жоспары
Слайд 17Оқушылармен жүргізілген суицидтің алдын алу жұмыстарының жоспары
Слайд 18Абай болыңыз, ата- ана!!!
Тек сіздің ғана балаңызды оқыс жағдайдан сақтайтын
мүмкіндігіңіз бар
Арнайы мамандарға хабарласып пайдалы
ақыл -кеңестер ала аласыз.
Телефондар: (Ақмола
облысы бойынша )
78-08-39 (Дүйсенбі, жұма)
22-4-37 (Мектепте әр дүйсенбі )
Сенім жәшігі- 2қабат дәлізінде орналасқан
Слайд 19 Біздің болашағымыз балалар аман болып,
ата-анасына, еліне
тірек болсын.
Тыңдағандарыңызға рахмет!