Алмас, екеуіміз баққа барайық.
B) Алмас екеуіміз баққа барайық.
C) Алмас екеуіміз,
баққа барайық.
D) Алмас екеуіміз баққа, барайық.
E) Алмас екеуіміз! баққа барайық.
2. Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Арман, сен ауылға барасың ба?
А) Сен.
В) Арман.
С) Барасың ба.
D) Ауылға.
Е) Сен барасың ба.
3. Қаратпа сөздің анықтамасын көрсетіңіз.
А) Аяқталмаған ойды білдіреді.
В) Заттың атын білдіреді.
С) Біреудің назарын өзіне қарату мақсатында айтылатын сөздер.
D) Айтушының көңіл-күйін, әртүрлі эмоциясын білдіретін сөздер.
Е) Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының түрлі көзқарасын білдіретін сөздер.
4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді анықтаңыз.
А) Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
В) Балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
С) Балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
D) Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап, қалыпсың ғой.
Е) Балам-ай теледидардың, алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
5. Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Апа, қазір кино басталады, теледидарды қосайыншы.
А) Қазір.
В) Басталады.
С) Теледидарды.
D) Қосайыншы.
Е) Апа.
6. Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар.
А) Музыканың.
В) Дауысын.
С) Қойыңдар.
D) Балалар.
Е) Жай.
7. Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Алмас, екеуіміз баққа барайық.
В) Ауылдың табиғаты қандай тамаша!
С) Сен өзенге барасың ба?
D) Бүгін тауға шығамыз ба?
Е) Орманға жидек теруге барамыз.
8. Қаратпа сөздер қандай сөздер тобына жататынын белгілеңіз.
А) Қыстырма сөздер тобына жатады.
В) Одағайлар тобына жатады.
С) Біріккен сөздерге жатады.
D) Қысқарған сөздерге жатады.
Е) Оқшау сөздер тобына жатады.
9. Қаратпа сөз бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Балалар музыка тыңдап отыр.
B) Балалар, музыканың дауысын жай қойыңдар.
C) Балалардың ойнаған музыкасы тамаша.
D) Балалар музыка тыңдауды жақсы көреді.
E) Балаларды музыкамен тәрбиелеу керек.
10. Сөйлемнің басындағы қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Оқушылар қысқы каникулда шетелге барды.
B) Оқушылар кітаптарыңды ұқыпты ұстаңдар!
C) Көріскенше қош болыңдар бауырлар.
D) Қай жылы ата тудыңыз?
E) Ертең балалар театрға барамыз.