Слайд 1«Астана Медицина Университеті» АҚ
Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы
Тақырыбы: Тұмау және
құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері.
Орындаған: Кадралина Інжу-Маржан
Кәрім Шаттық
Қабылдаған:
Астана 2015
Слайд 2Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 4 Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап
беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш
типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Слайд 5 Грипп вирустары — екі туыстасқа бөлінетін (А және
В вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі
нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды.[2] Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткейжасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды.
Слайд 6 «Құс тұмауы» - бұл құстардың жұқпалы ауруы, ол
вирусты тұмаудың А типіне жатады. Құс тұмауының вирусы алғаш рет
ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған, көптеген уақытқа дейін адамдарға қауіпті деп саналып келді. Құс тұмауымен ауырған адам алғаш рет 1997 жылы Гонконгтан анықталған, Тұмаудың 1 түрі 18 адамның ауыруына әкеліп соқтырды, оның 6 адамы қайтыс болған. Бұл тұмау тек қана құстарға ғана емес, сонымен қатар адамдардың өміріне де қауіпті.
Слайд 7 Вирустың мутациялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның вирулентігі күшейген.
Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу
бағытына байланысты. Тұмау құстардан немесе солардың шикі етін жегеннен жұғады. Оның вирустары қатты суық күндерде де бола береді, 70 градустан төмен температурада ол бірнеше жылдың көлемінде сақтала береді. Бірақ бірнеше секунд ішінд жоғары температурада өледі.
Слайд 8 «Құс» тұмауының белгілері жай тұмаулардағы сияқты:
дене қызуының
жоғарлауы,
бас ауруы,
дімкәстік,
тамақтың жыбырлауы,
аздаған жөтел.
Слайд 9Бұл жұқпа өзінің тудыратын келесі асқынуларымен қорқынышты:
вирустық өкпе қабынуының пайда
болуы
бүйрек
бауыр
қан өндіретін ағзалардың қабынуы.
Слайд 10 Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып
емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер
тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді.Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.
Слайд 11Вирусқа
қарсы препараттар:
М2 ингибиторлар- амантадин және ремантадин.
Нейраминидаза ингибиторлары:оселтамивир (Тамифлю) және
занамивир (Реленца)
Слайд 12Құстармен контактіде болғанда сақтану
ережелері.
• қауіпті топтағы адамдарға вакцинация жүргізу (құс
фермасының жұмыскерлері, құспен жұмыс істейтін ауыл адамдары). Ауру құспен контактіде
болған құстарды жою.
• жеке құс өсіретін адамдардан қауіп болған жағдайда, құстарды сатып алатын финанстық фонд құру.
• ауылдық елді-мекендерде тұратындар үй құстарын өз ауласында ұстауы тиіс. Бұл
жағдайларды олар жабайы құстармен байланыста болмайды;
• құс еттерінен тамақ дайындау барысында тиісті шараларды сақтау қажет;
• құстың шикі етімен және құстардан жасалған тағамдармен жұмыс жасағаннан кейін, қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз.