Слайд 1« Астана медицина университеті » АҚ
Риногенді бассүйекішілік асқынулар
Орындаған : Қалыбекова Г.А.
Тобы: 642
Тексерген: Ерсаханова Б.К.
Астана 2015 жыл
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Риногенді іріңді менингит
Б) Бас миының риногенді абсцессі
В) Үңгірлік
синустың тромбозы
Г) Экстрадуральді абсцесс
Д) Риногенді сепсис
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3
Кіріспе
Мұрын және мұрын маңы қойнауларының қабыну аурулары түрлі асқынуларға әкелуі
мүмкін. Оның түрлі себептері бар:
- Анатомиялық жақындық: ортақ
сүйекті қабырғалардың болуы, мысалы маңдай қойнауының алдыңғы ми шұңқырымен байланысының болуы;
- Тамыр-жүйкелік байланыстар: мұрын қуысының веналары бұрыштық және жоғарғы көз венасы арқылы үңгірлік синус және қатты ми қабығының веналық шоғырларымен байланысады;
Мұрын қуысының лимфа жүйесі бас миының өрмекші тәрізді кеңістігінің астымен байланысады.
Слайд 5Риногенді бассүйекішілік асқынулар:
Риногенді сепсис
Бас миының риногенді абсцесстері
Үңгірлі синус тромбозы
Экстрадуральді абсцесс
Риногенді
іріңді менингит
Слайд 6Риногенді іріңді менингит
Мұрын қуысы және мұрын маңы қойнауларынан бактериалды инфекцияның
таралуынан дамитын бас миы қабықтарының қабынуы.
Әдетте маңдай, торлы, сына тәрізді
қойнаулардың қабыну аурулары кезінде Жұқпа жанасу жолы арқылы алдыңғы ми шұңқырына өтіп, бас миы қабықтарының қабынуын туындатады. Мұрынішілік операциялар кезінде торлы пластинканың жарақаты , бассүйек негізінің сынуы кезінде де асқынулар дамуы мүмкін.
Слайд 7Клиникасы
Жедел басталады;
Менингеальді симптомдар;
Тұрақты жоғары дене температурасы;
Диффузды бас ауруы;
Лоқсу;
Құсу;
Құрысулар;
Психомоторлы қозу;
Есінен
тану;
Патологиялық рефлекстер( Бабинский, Россолимо, Оппенгейм, Брудзинский, т.б.)
Слайд 8Диагностикасы
Анамнез;
Ми-жұлын сұйықтығын зерттеу ( цитоз және ақуыздың жоғарылауы);
Рентгенограмма және КТ
алғашқы іріңді ошақты анықтауға мүмкіндік береді.
Емі
Жедел түрде кеңейтілген радикалды
операция;
Қатты ми қабығын ашу ( обнажение )қажет болған жағдайда;
Қабынуға қарсы терапия;
Дегидратациялық терапия;
Жұлын-милық пункциялар.
Слайд 9
Экстрадуральді абсцесс ( шектелген пахименингит ) – қатты ми қабығы
мен суйек арасында іріңнің жиналуы.
Клиникасы:
Аз симптомды;
Жиі хирургиялық операция кезінде кенеттен
анықталады;
Локальді бас ауруы;
Лоқсу, құсу;
Көз алмасын сыртқа бұрудың қиындауы;
Мұрын маңы қойнауларының зақымдалу симптомдары;
Дене температурасының жоғарылауы;
Әлсіздік.
Слайд 11Бас миының риногенді абсцессі
Бұл мұрын маңы қойнауларында ірің болғанда бас
миында екіншілікті түрде жиналған шектелген ірің.
Жиі маңдай, сирек торлы
лабиринт және жоғарғы жақ үсті қойнауларының аурулары кезінде дамиды. Абсцесс әдетте маңдай аймағында және зақымдалған қойнау жағында орналасады.
Слайд 12Клиникасы
Жергілікті симптомдар:
Жалпы симптомдар ( бас ауыруы, бас
айналу, құсу, лоқсу)
Слайд 13Абсцесс дамуының 4 сатысы бар:
Бастапқы саты
Жалпы әлсіздік
Құсу
Дене температурасының шамалы көтерілуі
Бас
ауруы
Слайд 14Жасырын ( латентті ) саты
Инкапсуляция болған жағдайда жағымды ағым
Жағдайы жақсарады
Дене
температурасының қалыпқа келуі
Бас ауруы басылады
Слайд 15Айқын саты
Тырысу ( джексондық ұстамалар), парез, көру, сөйлеу бұзылыстары
Эйфория,
тәртібінің өзгеруі, интеллект пен есте сақтау төмендеуі
Жалпы милық симптомдар
Маңдай
бөлігінің зақымдалу симптомдары ( психика, статика және жүрістің бұзылыстары, патологиялық ұстау және сору рефлекстері )
Слайд 16Терминальді саты
Жалпы интоксикация
Ағза функцияларының дөрекі бұзылысьтары
Ми ісінуі дамуы мүмкін
Слайд 17Үңгірлі синустың тромбозы – тамыр қабырғасының қабынуымен жүретін синус қуысының
толық окклюзиясына дейін әкелетін тромбтың түзілуі . Әдетте мұрын фурункулы
немесе синуситтерде дамиды.
Клиникасы
1.Жалпы симптомдар :
Жалпы септикалық жағдай;
Дене температурасының жоғарылауы;
Қалтырау;
Терлеу;
Әлсіздік.
2.Жалпы милық симптомдар:
-Бас ауруы;
Лоқсу,құсу;
Бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен бірге жүруі мүмкін.
Слайд 183.Менингеальді симптомдар;
4.Жергілікті симптомдар:
қабақтың ісінуі;
экзофтальм;
птоз;
көз бұлшықеттерінің садануы.
Көз алмасының
түбін қарағанда көз нервісі дискісінің іркілісі, жедел кеңейген веналар, торлы
қабықтың қан құйылуы анықталады.
Слайд 20Синусы твердой мозговой оболочки, вид сбоку: 1 - внутренняя вена
мозга; 2 - верхняя таламостриарная (конечная) вена мозга; 3 -
хвостатое ядро; 4 - внутренняя сонная артерия; 5 - пещеристый синус; 6 - верхняя глазная вена; 7 - вортикозные вены; 8 - угловая вена; 9 - нижняя глазная вена; 10 - лицевая вена; 11 - глубокая вена лица; 12 - крыловидное венозное сплетение; 13 - верхнечелюстная вена; 14 - общая лицевая вена; 15 - внутренняя яремная вена; 16 - сигмовидный синус; 17 - верхний каменистый синус; 18 - поперечный синус; 19 - сток синусов; 20 - намет мозжечка; 21 - прямой синус; 22 - серп мозга; 23 - верхний сагиттальный синус; 24 - большая мозговая вена; 25 - таламус; 26 - нижний сагиттальный синус
Слайд 22Риногенді сепсис
Клиникасында ауыр полиорганды жеткіліксіздік процесі айқын көрінеді. Екі
формада өтеді:
А) септицемиялық;
Ә) септикопиемиялық.
Ағымның ұзақтығына қарай жедел – 6 аптаға
дейін және созылмалы – 6 аптадан көп сепсисті ажыратады.
Септицемиялық формасы іріңді ошақтың метсатазынсыз өтуі мүмкін, бірақ ол аз уақыт аралығында септикопиемиялық формаға ауысуы мүмкін.
Слайд 23Жалпы жағдайдың ауырлығы;
Дене температурасының тұрақты жоғарылауы;
Қалтырау;
Бас ауруы;
Әлсіздік;
Тәбеттің жоғалуы.
Дене температурасының төмендеуі
көп тері бөлінуімен жүреді. Пульс жиілігі дене температурасына байланысты
өзгеріп отырады. Жалпы милық симптомдар айқын, кейде коматозды жағдайларға әкелуі мүмкін. Кешірек басқа органдардың да бұзылыстары қосылады.
Жергілікті симптомар:
- қабақтың ісінуі, гиперемиясы, инфильтрациясы ( бір немесе екі жақта да болады );
Слайд 24
Қорытынды
Мұрын және мұрын маңы қойнауларының қабыну аурулары түрлі асқынуларға әкелуі
мүмкін.
Бассүйек ішіне инфекцияның таралуы жанасу, гематогенді, периневральді және лимфогенді
жолмен іске асырылады. Ең жиі кездесетіні жанасу арқылы, ол кезде маңдай жоғарғы жақ және сына тәрізді қойнаулар арқылы өтеді.
Асқынулардың алдын алу үшін уақытылы дұрыс диагноз қойып, адекватты ем жүргізу қажет.
Слайд 25Қолданылған әдебиеттер:
1.В.Т.Пальчун, М.М.Магомедов, Л.А.Лучихин “ Оториноларингология” , Мәскеу 2007ж.
2. Заболотный
Д.И., Митин Ю.В., Безшапочный С.Б.
« Оториноларингология »
3. http://med-books.info/sistemyi-zdravoohraneniya-49_organizatsiya/rinogennyie-vnutricherepnyie-oslojneniya-41784.html