Разделы презентаций


Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісі

Исатай Тайманұлы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісі.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісі.

Слайд 2 Исатай

Тайманұлы

Исатай Тайманұлы

Слайд 3 Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы

Слайд 41836-37 жж. көтерілісшілер ханға өздерінің талаптарын айтып, өкілдерін жіберумен болады.

Сонымен қатар Исатай ел ішіндегі түрлі мәселелерді шешіп, халық казактар

мен байлардың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырып отырады. 1837 ж. наурызында Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа шақыртады, бірақ олар сотқа барудан бас тартады. Орынбор генерал-губернаторы Перовский жіберген атаман Покатилов бастаған Жайық казак әскерінің отряды да оларды тұтқындай алмайды. Бұл тұста көтерілісшілердің саны 3 мың адамға жеткен еді. 1837 ж. қыркүйегінде Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылы мен басқа да би-сұлтандардың ауылдарына шабуыл жасайды.  Одан кейін хан ордасын шабуылдауды ойластырып, қазан айының басында  ордаға 12 шақырымдай жерге келіп орналасады. Исатай хан ордасына жақындаған тұста қол астында 2000 жігіт болады. Алдымен ханға өз талаптарын айтып хат жазып, оның орындалуын күтеді. Жәңгір хан болса Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт ұтады да, Орынбор генерал-губернаторлығына жасырын хат жазып, көмек сұрайды. Бұл жағдайды білген Исатай да Орынборға хат жолдап, жауап күтеді. 
1836-37 жж. көтерілісшілер ханға өздерінің талаптарын айтып, өкілдерін жіберумен болады. Сонымен қатар Исатай ел ішіндегі түрлі мәселелерді

Слайд 61835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп,

орын алған әділетсіздікпен озбырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Исатай

мен Махамбеттің бұл әрекеттерін Қарауылқожа “елді бүлдіріп” жатыр деп Жәңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жәңгір хан енді Исатайды алдап Жасқұстағы ордасына  шақырады, бірақ Исатай бұл шақырудан бас тартып, ханның шақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарып жібереді
1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздікпен озбырлықты әшкерелеп, хан билігіне

Слайд 71836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі

басталады. Жәңгір хан енді Исатайды алдап Жасқұстағы ордасына  шақырады, бірақ

Исатай бұл шақырудан бас тартып, ханның шақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарып жібереді. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жинап Исатай мен Махамбетті және оларды қолдаған көтерілісшілердің белсенді  мүшелерін тұтқындауға  бұйрық береді.
1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жәңгір хан енді Исатайды алдап Жасқұстағы

Слайд 81815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жәңгір,

Әділгерей, Меңдігерей атты үш ұлы қалады. Хан тағының мұрагері  Жәңгір

оң-солын танып, ел басқаруға араласқанша Ішкі Орданы Бөкейдің інісі Шығай биледі. 1824 ж. Жәңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырған соң Ішкі Ордадағы қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік–саяси құрылымдарға, жер қатынасына, салық саясатына өзіндік өзгерістер енгізбек болды. Бірақ көшпелі  және жартылай көшпелі халық ханның бұл “жаңалықтарына” дайын болмады.
1815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей атты үш ұлы қалады. Хан

Слайд 9Жәңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий

теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. Жаңа тағайындалған

басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді “жалға” беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты әбден күйзелтті. 1835 ж. Исатай ханға арызданбақ болғанда, сұлтан Шөке Нұралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын аяқсыз қалдырады. Қ.Бабажановты тағайындау қарсаңында және одан кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді.
Жәңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп

Слайд 101836-1837 жылдары орыс отаршылдарына қарсы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

патша саясатына бүкіл халық қарсылығының айқын көрінісі болды. 1836 жылы

Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және басқа азаматтармен бірге негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары болған көтеріліске басшылық жасады. Бүкіл халықтық көтеріліс кенеттен басталған жоқ, ол бірте-бірте пісіп-жетіліп, бір жағы, хандық биліктегі басшы топтың халықты дұрыс басқара алмауы және патша өкіметінің зорлық-зомбылығына халықтың төзбеуінен болды. Сонымен бірге Бөкей ордасында жер бөлу мәселесі төңірегіндегі жағдай күрт шиеленісті. Оралдық әскери кеңес Қамыс-Самыр өзендерінің айналасында орналасқан үлкен және кіші өзендер бойындағы жерлерді казактарға алып берді. Күрмеуі көп жер дағдарысы, аса жоғары салықтар, ішкі өзара қырқысулар, отарлық езгі Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліске әкеліп соқтырды.
1836-1837 жылдары орыс отаршылдарына қарсы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс патша саясатына бүкіл халық қарсылығының айқын көрінісі

Слайд 11Исатай ұрыс басталмас бұрын екі жақтың өзара мәмілеге келуі жолында

біраз қадам жасады. 1836-1837 жылдары ол шаруалар алдында Жәңгір мен

оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін өтініштер мен петицияларды қолданды. Петицияларда 12 күнге дейін қаралуға тиісті халықтың ханға қойған негізгі талаптары болатын, алайда хан тарапынан оның бірде-біреуі орындалмаған еді. Діттеген мақсатына Исатай жетті: ол жұртшылықтың алдында ханның сағын сындырды.
Исатай ұрыс басталмас бұрын екі жақтың өзара мәмілеге келуі жолында біраз қадам жасады. 1836-1837 жылдары ол шаруалар

Слайд 13Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бұл уақытта

подполковник Геккенің басшылығында 700-дей казак-орыс әскері, 2 зеңбірек және 400

адамнан тұратын хан жасағы  болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды
Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бұл уақытта подполковник Геккенің басшылығында 700-дей казак-орыс әскері, 2

Слайд 14Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен

аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап,

Хиуа ханының қолдауымен  патша өкіметіне және оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсы күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден  Торғай өңіріне  келген Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ, осы тұста Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісте өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады.
Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп,

Слайд 15И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде 

сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық.  Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы

Слайд 16Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына 

өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі  оны қолға түсіріп, сотқа тартып,

Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді.
Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына  өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі  оны қолға

Слайд 17Назарларыңызға Рахмет!!!

Назарларыңызға Рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика