Слайд 1
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда
жаңа ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
КММ “Мырзакент”ЖОМ мектеп-гимназиясы”
Бастауыш сынып муғалімі : Ақмырзаева А. І
Баяндама
Слайд 2«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы
жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -
бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» ”
Н.Назарбаев
үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануарқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзе-ге асыра отырып,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр компьютерлік техниканы интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты білім алуға дайын тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан - жақты білім-ғылым негізімен қаруланған болуымыз керек. Яғни, жаңа ақпараттық технологиялар - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Іске асырушы тұлға мұғалім, қабылдаушы оқушы. Бұл процестi icкe асырудағы негiзгi құрал компьютeр және интерактивті тақта болып табылады.
Слайд 4 Интерактивті тақта
- бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа,
тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға,оқушының сабаққа қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы Енді төмендегі көрсетілген кестеге назар аударсақ интерактивті тақтаның білім беру процесінде үлкен мүмкіншіліктерге ие екенінін байқауға болады.
XXI ғасыр компьютерлік ақпарат легі заманы болмақшы.
Жер-жердегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында мағлұмат алып отырған жасөспірімді бір нәрсемен таңқалдыру, оған жаңа сабақ айтып, дәріс тыңдата білу кез-келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес.
Күнделікті сабаққа бейне, аудио, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетаға немесе аудио-бейне таспаларға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейне қонференция жүйелер арқылы іске асырылуда.
Слайд 5 Оқушының белгілі
бір деңгейде базалық немесе тақырыптық білімі болмаса, оны әрі қарай
өздігінен түсініп, алып кету мүмкін емес. XXI ғасыр — компьютер ғасыры. Компьютер өмірдің барлық саласына енумен қатар, білім саласына да еніп келеді. Ғылым, білімдер компьютердің көмегімен оқытылады.
Компьютер мұғалімге техникалық және технологиялық жағынан көмек беріп, оқушымен байланысын өзара жақындастыратындай жолдармен жүргізуге мүмкіндік береді./1/
1) Компьютер оқушы қатесіне оперативті реакция көрсете отырып, оның білімін бағалау функциясының көп бөлігін өзіне алады. Барлық анықталған қателер сол бойда компьютерде есепке алынады. Сонымен қатар, бағалау көрсеткіштері нақты, дәл болады.
Мұғалімнің бұл жағынан бос уақыты көбейеді де оқушыға жеке-жеке көңіл бөле алады.
Компьютер оқушыға өз темпінде, өз ритмінде жұмыстануға мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі бұл үрдісті бақылап отыруы қажетсіз.Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушылардың қабілетіне қарай онымен жеке жұмыстануына мүмкіндік ашылады.Сонымен, компьютер педагогикалық қарым-қатынасты күшейтеді.
Интерактивті тақта – оқытушыға оқыту үрдісін оңтайландыруға,білім алушының танымдық белсенділігін дамытып,мазмұнды және көрнекі тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға,сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне көз жеткіземіз./2/
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.Атап айтар болсақ:
Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ: «Маған айтшы – мен ұмытып
қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші –мен сонда түсінемін» делінген.Яғни, оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Қазіргі кезде электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер
қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Осы электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi.
оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi
оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi.
Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.
Слайд 9 Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында
сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.
1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды,
сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.
2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.
6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.
9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетедi.
10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.
11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.
12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.
Электронды оқулықтар балалардың
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi
Слайд 14Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.
Атап айтар болсақ:
Пән
бойынша базалық білімді меңгеру;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
Интерактивті тақта –
мұғілімге оқыту үрдісін оңтайландыруға, білім алушының танымдық белсенділігін дамытып,мазмұнды және көрнекі тапсырмалар құруға, сабақты құрылымдауға,сабақ барысы мен қарқынын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялық құрал екеніне көз жеткіземіз.
Слайд 16Оқу-жазу арқылы интерактивті технология әдісімен ойлауды дамыту
Топтау,
болжам, ойлану,
сергіту,адас-
қан объектіні
табу.
Қызығушылығын
ояту
Сөзжұмбақ,
тест.
Мағынаны тану
Венн диаграммасы
(«Венн
диаграмма»
стратегиясы.
Қабысып жатқан
3 дөңгелектен тұрады.
Әуелі жеке қасиеттерін
жазады да,
ортаға екеуіне ортақ
қасиеттерді жазады.Бұл
диаграммамен өткен сабақ пен
жаңа сабақты байланыстыра-
мыз. )
Ой-толғаныс.
Слайд 17Қытайдың бір нақыл сөзіне көңіл аударсақ:
«Маған айтшы – мен
ұмытып қаламын;
маған көрсетші – менің есімде қалады;
өзіме істетші
–мен сонда түсінемін» делінген.
Слайд 18Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға
негізделген түбейгейлі жүйе.
Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей
болады.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп,
жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»
Мағжан Жұмабаев
Слайд 20 Оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына
ықпал ететіні сөзсіз.Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:
оқытудың сапасы артады;
оқыту
жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
уақыт үнемделеді;
мұғалімдердің оқыту барысындағы сабақ түсіндіру,бақылау алу, бағалау,білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс- әрекетке көшуіне алып келеді;
түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;
түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі;
Қорыта келгенде компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулықтарды мектепке дейінгі мекемеде және де білім беретін оқу орнында ақпараттық құрал ретінде алатын орны зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
Сонымен, болашақта мұғалімдердің электрондық оқулықтарды қолдануы - шығармашылықпен жұмыс жасауға, белсенділікті арттыруға т.с.с мүмкіндіктердің көп екенін көріп отырсыздар.
Олай болса, әр ұстаз қауымы осы жаңа ақпараттық технологиялардың қыр – сырын жетік игеріп, жеке электорндық оқулықтар шығарып, болашаққа нық қадам басуларыңызды тілеймін!