Тәрбие сағаты:
“ 13 - алғашқы мүшел жас”
ҚОШ
КЕЛДІҢІЗДЕР!!!
Тәрбие сағаты:
“ 13 - алғашқы мүшел жас”
6 -сынып
Мақсаты: Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру. Балалардың алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Олардың ата - аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайрымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Слайд 3Бірінші мүшел жастамыз,
Балалық шақтан асқамыз.
Он үште отау иесі
Үмітті ақтар шақтамыз.
Әлдилеп
жүріп анамыз
Жетілді, өсті санамыз.
Сенімін ақтап елімнің
Тәуелсіздікке тірек боламыз.
Слайд 4Халық даналығында мүшел жас деген ұғым бар. Бұл ұғым түркі
тілдес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде кедеседі. Әр мүшелден
өткен сайын адам баласы есейіп, бүкіл бір елді басқара алатындай шамада болған соң, оған келер қауіп те көбейсе керек. Астрономия ғылымының айтуы бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Мұнда да бір байланыстың бары анық. Бір жылда 12 ай бар. Бұрындары осы мүшелден өткендер той жасап жататын. Ырым ретінде мүшелден шыққан соң өзінің ең ұнамды дейтін киімін жоқ-жітікке, иә болмаса ағайын-туыстың біріне сыйға береді.
Слайд 5Ескіше жыл қайыру.
Жыл қайыру бойынша он екі жыл айналғанда
бір мүшел толады. Көне көз қариялар өткен жылдарды есептегенде немесе
адам жасын айырғысы келгенде осы мүшелді қолайлы көреді.
Мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады. Бұл жыл қайыру халықтың тапқырлық есебінің бірі. Ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын неше мүшелге толғанын білгісі келсе, ол өзінің жылын 12 - ге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе - мешін, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан, бесеу болса – сиыр, алтау болса – барыс т. с. с болып кете береді.
Слайд 7Мүшел жас
• 1-мүшел - 13 жас (ер жете бастау);
• 2-мүшел - 25 жас (жігіттік шақ);
• 3-мүшел -
37 жас (ақыл тоқтату);
• 4-мүшел - 49 жас (орта жас);
• 5-мүшел - 61 жас (орта жас);
• 6-мүшел -73 жас (қарттық);
• 7-мүшел -85 жас (кәрілік);
• 8-мүшел -97 жас (қалжырау);
• 9-мүшел -109 жас (шөпшек сүю);
• 10-мүшел-121 жас (немене сүю).
Слайд 8Балғын шағың балалық шақ арттағы,
Өмір жаңа белесіне бастады
Нық сеніммен болашаққа
қарайды,
Жас балғындар 13 мүшел жастағы.
Слайд 9Халқымыздың жөн-жоралғы дәстүрін
Құрметтейді үлкен-кіші жас бүгін.
Мүшел жастың маңызымен бағасын
Көрсетеміз өзіңізге
тап бүгін.
Слайд 10Бестікке оқып сабақты
Жасамаймыз ағаттық.
Арманды алға асырар
Тәуелсіздік таңы атты.
Туымды қолға нық
қылып
Білімімізді ұқтырып,
Біз болармыз еліне
Қызмет етер тік тұрып.
Бірінші мүшел дегенің
Тұтқасын ұстар
кеменің
Елбасымыздың өзі де
Біздерге деген сенімін.
Слайд 11Азамат болып өсеміз
Еліне арнап табысын.
Қазақтың қайрап намысын
Қазақтың қалың бағы үшін
Күресер
мүшел жастамыз
Ожданмен биік ар үшін.
Слайд 12Көтеріп тәңір ел жүгін,
Өмірдің көші алға асты.
Он үшке толдың сен
бүгін
Мүшелің ол алғашқы.
Слайд 13Мүшелің бұл жастық шақ
Құмар қылған талайды.
Қайрат күшің толған шақ
Таңдары да
арайлы.
Осылайша ғұмырың
Кете барар жалғасып.
Биіктейді тұғырың
Мүшел жастар алмасып.
Слайд 14Он үш жасқа биыл біздер толамыз,
Артымызды қалған 13 жыл аңыз.
Он
үш деген мүшел жасың алғашқы
Он үшімде қызғалдақтай боламыз.
Слайд 15 Әр мүшелің жыл санай
Ақ үмітпен тосады ел.
Білгің келсе ары
қарай
Он екіні қоса бер.
Біліп өскін ұғын да,
Сырын жұмбақ көрінер.
Адамзатқа
ғұмырда
Жеті мүшел берілер.
Жетеуінен өте алсаң,
Ұзақ ғұмыр сүргенің
Жүзге егер жете алсаң
Бір ғасырда білгенің.
Слайд 16Жас мөлшерін салтымда
Жыл қайырып біле алған.
Өмір кеші халқымда
Он екі жылда
құралған.
Шешкен бәрін ойланып,
Ғалам сырын білгіш ел.
Он екі жыл айналып
Қайта оралса
бір мүшел.
Жылдармен мәлім өсерің,
Мезгілге қарсы тұрған кім?
Құтты болсын мүшелің
Құтты болсын туған күн!
Слайд 1713 жас – жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен
жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп
көңіл бөлген, олардың бойына мейрімділік, қайрымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген.
Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.
13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды.
Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған.
Қазбек би 13 жасынан рулы елге ақыл айта білген.
Слайд 1825 жас – нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде
бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей, жалындап
тұратын кез. Бұл дәуренді Жүсіп Баласағұн:
Ең тәтті кез – жігіттіктің шағы да,
Игіліктің о да берген бағы да, – деп дәріптесе, ұлы Абай:
Жастықтың аты арындап,
Тас қияға өрледің, – дейді.
Ал, Шал ақын:
Жиырма бес – енді келмес албырт жассың,
Қайратың қиратқандай таудың тасын, – деп тамсана жырына қосқан.
Слайд 1937 жас – өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырықтың
қырқасына көтерілген кез. Бұл уакытты Ж.Баласағұн:
Жас та келіп қырықпенен астасар.
Сол
уақытта жігіттік ме қоштасар, – деп, ал Бұкар жырау:
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай, – деп бедерлесе, Шал ақын:
Қырық та бір жас екен, қырдан астым,
Көңілді тасып жүрген әрең бастым, – деп сабасына келеді.
Слайд 2049 жас – бойдағы күш қайта бастағанымен, кәрілікті әлі мойындамаған,
ақыл-ойы нағыз кемеліне келген ердің жасы.
Бұл кезеңді Бұқар жырау:
Елу деген
жасыңыз
О да бір көшкен ел екен, - деп толғанса, Шал ақын бұл кезеңді:
Елу де бір жас екен есептеулі,
Есептеп елдің жөнін білсек дейді,
Кешегі жиырма жас қайтып келіп,
Көңілім бұрынғыдай жүрсек дейді, - деп кейіптейді.
Слайд 2161 жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге
келетін кезең.
Бұл мезгілді Бұқар жырау:
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы-мұңлы күн екен, -
деп мойындаса, Шал ақын:
Алпыстағы жасыңыз
Қоңыр салқын күн екен, - деп бейнелеп барып:
Алпыс жас – бұл бір өткен өмір сәні,
Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі, - деген тоқтамға келеді.
Слайд 2273 жас - Бұл мүшелде адам кәрілікті мойындап, бойы еңкіш
тартады, аяғы тұсалып, жүріп- тұруы қиындайды. Бұл кезеңді Ж.Баласағұн:
Бұл дүние
көздің жауын, нұрын алар,
Жасарып, жас келіндей ырғалар.
Қуантар да, жалған салар сүргінге,
Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - деп суреттесе, Шал ақын:
Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,
Мойныңды жан-жағыңа бұра алмайсың, - деп күрсінеді.
Слайд 2385 жас - Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала
сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұқар жырау бұл уақытты:
Сексен
деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен, - деп тұқыртса, Шал ақын:
Сексенде тұяғыңды серіппейсің,
Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, - деп сынап, мінейді.
Слайд 2497 жас - Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі жас баладай
жаутаңдап, кауқарсыз болып қалады. Бұл мезгілді Шал ақын:
Тоқсан, сен таман
жастың зоры екенсің,
Сүйегің қартайған соң бор екенсің,
Тоқтының баласына әлін келмей,
Балаңның баласына қор екенсің, - деп толғаса, Мәделі Жүсіпқожаұлы:
Тоқсан бес тоқайласып жүз келеді,
Көктем, жаз, кезегімен күз келеді.
Күзден соң қаһарлы қыс сияқты,
Денеңе қызу емес, мұз келеді, - деп түйіндейді.
Иә, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Дегенмен, Алладан сол жасқа жеткізсін деп тілейік.
Слайд 25Туылған
күндерден
естелік
2018-2019 оқу жылы