Слайд 1
«Рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі»
Слайд 2Жоспар
Өзін –өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негізі.
Өзін
– өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мәңгілік жалыпадамзаттық
құндылықтар
Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі
Слайд 3Сара Алпысқызы:
“ Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең
жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа
лайық болуына ықпал етеді.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – Өзін-өзі тануға” негізгі рухани жол болып табылады.
Слайд 4Әбу Насыр әл-Фараби
Жаңа туылған нәрестенің ақыл-ойы, миы таза болады, қайырымдылық
пен зұлымдықтың ешқайсысын таңдай алмайды, қайырымдылық адамның өмір сүру үдерісінде
жиналады.
Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады, тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенің де таза санасына өсе келе әр нәрсе жазылады.
Слайд 53. Сана арқылы оқыту
Оқыту, ойлау және түсіну – осының
бәрі бес сезім мүшелірі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер.
Олардың
екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.
Ақпарат бес сезім мүшелері арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) түседі де, осы жерде психикалық-эмоциялық реңге ие болады.
Слайд 64. Сананың құрылымы туралы
З. Фрейд бірінші рет бейсаналық (санадан тыс)
бөлігін ажырата отырып, адам санасының құрылымын жасады. Ол невроздарды
зерттей отырып, сана саласынан шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание) деп атады.
З. Фрейд негізінен патологиялық жағдайларды қарастырғандықтан, оның теориясын жан-жақты ету адам мүмкіндіктерін шектеуге әкеліп соқтырды.
К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғарғы сана) бар екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын кеңейтті. Ол сонымен қатар жоғары деңгейде әсерленудің терапевтік әсері бар екендігін және адамды ізгілендіре түседі, оған шығармашылық шабыт, қуат беретінін дәлелдеді.
Слайд 7 Сананың құрылымы
Жоғары сана
Сана
Түпкі сана
Бес
сезім
мүшесі
Интуиция
Эмоция
ӘЛЕМ
Дұрыс
(оң)
қабылдау
Слайд 8Сананы тазарту
Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданған жөн.
Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді түйсінуге арналған тікелей
әдіс.
Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыз.
Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де оданда жақсысын жасауға шешім қабылдаңыз.
Ашу-ызыңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.
Ашулана бастасаңыз:
Бір стакан суық су ішіңіз;
Айнадан бет-жүзіңізге қараңыз;
Тыныш қана жатыңыз.
Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.
Жан тебірентіп, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.
Жақсы компания, орта табыңыз.
Басқаларға тыныштық беруге, оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.
Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз.
Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.
Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.
Ажырата ойлауды дамытыңыз.
Ертедегі даналар:
«Әлемде тыныштық болсын және де ол менен басталсын!» деген екен.
Слайд 9Тренинг
Егер стакандағы лас суды түгел төгіп тастауға болмаса, оны
қалай тазартуға болады?
Слайд 102.Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мәңгілік
жалыпадамзаттық құндылықтар
Аксиология (грекше ἀξία – құндылық және λόγος – ілім)
– «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.
Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады.
Слайд 11
Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп
қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.
Табиғи құндылықтар
– бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
«
Слайд 12"БӨБЕК" ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты
Слайд 13АҚИҚАТ
ДҰРЫС ӘРЕКЕТ
сүйіспеншілік
ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
Слайд 14 Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат
жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне
байланыссыз және уақытпен шектелмейді.
Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Слайд 16
3. Өзін – өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасындағы
мұғалімнің рөлі
Мұғалімнің жоғары рухы
Ы.Алтынсарин: «Мұғалім
–білім берудегі ең маңызды адам. Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. Сондықтан, мен үшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан да қымбат».
Ш.Амонашвили: «Мұғалімді ойшыл, шығармашыл, еркін етіп тәрбиелеу керек. Мұғалімдерді балағаттаудың орнына оларды ұлықтау қажет. Олар өмір суретшілері ғой. Бүгінгі мұғалімдер ХХІ ғасырдың ортасын салып жатыр».
Адольф Дистервег: « Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да».
Слайд 17Риясыз сүйіспеншіліктің мысалдары
«Я согласна принять любого ребенка, в любое время,
будь то ночью или днем. Только скажите мне, и я
приду за ним», — пишет Мать Тереза.
"Жизнерадостный ребенок обладает большим иммунитетом против эпидемий".
Януш Корчак
Слайд 18Ата – аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде
Белгілі педагог Симон Соловейчик
келтірген статистика бойынша ата – аналар баласының тәрбиесіне күніне 17
минут арнайды.
Осы уақыттың ішінде қалайша жақсы адам тәрбиелеуге болады.
Слайд 19 Педагог стилі
Авторитарлық стиль
Либералдық стиль
Гуманды стиль
Слайд 20Мұғалімнің үш түрі
Шағымданушы
Түсіндіруші
Қанаттандырушы
Слайд 21Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те
шықпайды.
А.П.Чехов
Слайд 22Мұғалімге арналған екі ереже
1- ережеге қара.
2-ереже
1 ереже
Басқаларға үйреткеніңді,
алдымен өзің орында.
2 ереже
1- ережеге қара.
Слайд 23Жолдауды жеткізу
- Сөйлеу - 10%
- Мета-жолдау
(жасырын жолдау)-90%
Слайд 246 жастан 14 жасқа дейін балаларда дене, ақыл –ой және
эмоциялық даму жалғасады. 14 жаста бұл үдеріс тұрақтала бастайды.
Бір жасар
баладағы әдеттердің өзгеруіне 2,5 ай; 3 жасар балаға – 11 ай; 6 жасар балаға – 8 жыл қажет болады.
Оқушының, мұғалімнің, ата-ананың өзара әрекеттестігі маңызды.
Слайд 25Оқушы толтыратын құты емес, жағатын алау! Деген нақыл сөздің мағынасын
қалай түсінесіздер?
Слайд 26Мұғалімнің басты қасиеттері
Мұғалімге басты екі қасиет қажет: қарапайымдылық, өз кемшіліктерін
ұғыну үшін, және де кемелденуге тілек
(ертеде мұғалім балалардың алдына
бармас бұрын ойларын тазалап алған).
Слайд 27 Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Сабақ өте қызықты, тиімді өту үшін мына
бес ережені сақтауымыз керек:
Слайд 28 Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа
ықпал ететін және өзіңді – өзің ұстай білуге үйрететін адам.
Егер
оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер мұғалім өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді.
Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл – қыздарға ие болады.
Слайд 29Мұғалім –
мүсінші ме әлде
бағбан ба?
“
Слайд 30Ойын «Капитан»
Еден жуу – 2 адам
Құтқарамыз – 3 адам
Тамақ ішеміз
– 4 адам
Кемеге мінеміз – 5 адам
Слайд 31Үйге тапсырма
«Звездочки на земле» фильмін тамашалау.
Жиналыстың қорытынды сәті.
Мұғалімдер сабақтан
алған әсерлері мен пікірлерімен жазбаша бөлісу .
Анкета толтыру
Слайд 32Назарларыңызға рахмет!
Бастысы- пәнді оқыту емес, пәнді оқыту арқылы тұлғада рухани
адамгершілікті дамыту.
Қымбатты ұстаздар, сіздерге талмас қанат, шығармашылық шабыт тілейміз!