Үлгі
Құрылтай құжаттары (Учредительные документы)
Кәсiпорынның атауы
БҰЙРЫҚ
00.00.0. №______________
_________________қаласы
Жұмысқа қабылдау туралы
«____»___________20__ж. №_____ келiсiм-шарттың негiзiнде бас бухгалтер қызметiне азамат __________________________________ тағайындалсын.
(аты-жөнi)
2. «___»_____________20__ж. дейiн көрсетiлген келiсiм-шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында бас бухгалтер мына жобаларды жүзеге асырсын:
бөлiмшелердi, қызметтердi, лауазымды тұлғаларды және басқа да кәсiпорын қызметкерлерiн олардың келiсiм-шарттарымен таныстыруды көздеген директордың өкiмiн;
бас бухгалтердiң келiсiм-шартта белгiленген құқықтарын, сонымен бiрге келісім- шарттың басқа да талаптарын орындауын қамтамасыз ететiн директордың бұйрығын дайындасын.
Негiгi: «___»__________2000____ж. №______ ЖЕШ
Директор қолы Аты-жөнi
Бас бухгалтер қолы Аты-жөнi
00.00.00.
Үлгі
Үлгі
Үлгі
Үлгі
Үлгі
Растау хаттары – бұрын жіберілген құжаттың күшінде қалатынын хабарлайтын (мысалы, шарт, нұсқаулық және т.б.) жіберілімдерді (хат, телеграмма, аударым, бендероль, тауарлар, құндылықтар) алу туралы хабар. Хат қандай да бір фактіні, іс-әрекетті, телефонмен сөйлесүді растайды. Бұл хатта «растаймыз» деген сөз болуы тиіс.
Осындай хаттарды уақтылы жіберу мәселені бақылаудан алуға және ескертпе хат жіберуді болдырмауға мүмкіндік береді.
Ескертпе хат қандай да бір міндеттеменің не жүргізілген іс-шаралардың орындалу мерзімнің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсетеді. Бұл хат өте қысқа болуы мүмкін және маңызды бір бөліктен ғана тұрады. Мұндай хаттар «Ескертеміз» деген сөзбен аяқталады.
Бастама хаттар – бұл жауап талап ететін хат. Осындай хаттардың көпшілігі қандай да бір мәселені шешүді өтіну (ұсыныс, сұрату) болып келеді. Бұл хаттың ең көп тараған түрі, оның тақырыбы алуан түрлі. Оның сипаттамасы қойылған мәселенің оң немесе теріс шешілуін білдіреді.
Жауап хаттар – бастама хаттардың сипаттамасына байланысты болады, өйткені оның мәтінің тақырыбы белгілі, бастама хатта қойылған мәселелерді шешу сипатын жазу ғана қалады: ұсынысты, әтінішті орындауды қабылдау немесе одан бас тарту. Жауап әрқашанда анық, қысқа болады: қандай өтініштер қанағаттандырылады, өтініштердің барлығы қанағаттандырылды ма, қашан, қай мерзімде. Ұсыныстан бас тарту дәлелді болуы керек.
Қаржы мәселелері бойынша хаттарға фирманың бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Қандай да бір кепілдіктер беретін хаттардың заңдық және қаржылық зардаптары болады, сондықтан оларға фирманың мөрі соғылады.
Үлгі
Факс – байланыстың телефон жүйесі бойынша арнайы аппараттың (телефакстің) көмегімен алынған құжат. Факс ұсынылатын құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез-келген түрлері және оған қосымшалар жіберіледі: кестелер, сызбалар, схемалар, суреттер, т.б. Факс іскер әріптестермен, ұйымдармен арадағы хат алмасудың бір түрі. Факсті ресімдеу іскерлік хатты рәсімдеуге ұқсас.
ҚҰЖАТ АТАУЫ.
(СЕНІМ ХАТ)
МӘТІН.
( кім, кімге, нені және қандай мерзімге сеніп тапсырады )
Нотариалдық тұрғыдан куеландыратын құжаттардың үлгісі сәл басқаша
" Сенімхат " деген сездің алдында қандай іс тапсырылатыны көрсетіледі.
Мысалы:
Жалақыны (алиментті, зейнетақыны т.б. ) алуға
Күні Сенімхат берушінің қолы.
Үлгі
Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy; — сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім — 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.
Өтініш – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі.
№ 6 Агротехникалық колледжі» КММ
директоры
Быстрицкая Валентина Григорьевна
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
оқытушысы Ж.К.Кусаиновадан
Өтініш
Мені 2016 жылғы 18 маусым мен 18 шілде аралығында кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.
20.02.16 /қолы
ТҮЙІНДЕМЕ
Аты-жөнi: Айбек Нұргүл Хамитқызы
Мекен-жайы: Астана қаласы, Абылай хан даңғылы 25 үй, 33 пәтер
Телефон: 8 (7178) 45-96-73; ұялы телефон: 8 777 123 45 67
Е-mail : nurgulaibek@hotmail.com
Жалпы ақпарат
Жұмыс тәжiрибесi:
“Аймаусым” ЖШС, 2007 – 2008 жыл, Астана қаласы. Бухгалтер
“Қайсар” АҚ, 2008- осы күнге дейін, Астана қаласы. Бас бухгалтер.
Бiлiмi:
- Орта
1989 – 2000 жж. – №12 орта мектеп
- Жоғары:
2000-2004 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – бухгалтер, бакалавр.
2004-2006 жж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – экономист, магистр
Тiлдi бiлуi:
Қазақ тілі – ана тілі
Орыс тілі – еркін
Ағылшын тілі – еркін
Компьютердi игеруi:
1 C бухгалтерия, Microsoft Office, Enternet Explorer
Жеке қасиеттері:
Ұқыпты, ақкөңіл, ашық, адамдармен тез тіл табыса алады.
Қосымша ақпараттар:
Көлік жүргізуші, халықаралық бухгалтерлер конгрессінің қатысушысы
Құштарлығы:
Тілдер үйрену, кітап оқу, саяхат жасау
Үлгі
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть