Слайд 1
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы:Жетісу өңіріндегі медицина тарихы.
Орындаған:Досмұқамет Д. Б
Тексерген:Дауытбекова М.Қ
Слайд 2Жоспар:
1.Кеңес Үкіметі кезінде Жетісу өңірінде аурулардың таралуы.
2.Сарқан аудандық ауруханасында медициналық
қызметтің көрсетілуі.
3.Жұқпалы аурулардың алдын алу
Слайд 3Патша үкіметінің XIX ғасырдың ІІ жартысы мен XX ғасырдың бас
кезінде жүргізген отарлық саясаты қазақ халықының басына зор қиыншылықтар әкелген
болатын. Қазақ халқы саяси тәуелсіздігінен айырылып,ата-бабасының мекенінен ығыстырылды және халықтың ұлттық құрамы өзгеріске ұшырады.Бұл үдеріс бүкіл қазақ жерімен бірге Жетісу өңірінің Верный уезіндегі халықты да қамтығаны белгілі. Тұрғындардың ұлттық құрамының өзгеруі саяси-экономикалық қиындықтармен бірге өз кезегінде әлеуметтік қиындықтарды да туғызды.Сондай қиындықтардың бірі санитарлық-гигиеналық жағдайдың нашарлығы салдарынан шешек, мерез т.б. жұқпалы аурулардың асқынып кетуі еді.
Слайд 4Жұқпалы аурулардың таралуы өңірдегі патшалық билік үшін күтпеген жағдай еді
және олардың өлкедегі саясатына да кедергі келтіретін еді. Сондықтан да
жергілікті билік мемлекетке қанша шығын келтіретініне қарамастан, жағдайды назардан тыс қалдырмай, бақылауда ұстауға тырысты.Осыған байланысты әскери-медициналық инспектор жыл сайынғы есебінде Түркістан өлкесінің санитарлық жағдайы мен ондағы орыс дәрігерлерінің қызметі туралы хабардар етіп тұрды.
Жетісу облысы бойынша 7750 аурудың 7503-і жазылып, 47-сі өлген. Түркістан өлкесі әртүрлі халықтардан тұрды, жергілікті халық көп жағдайда тәуіптердің көмегіне жүгінген. Дәрігер көмегіне жүгінетіндердің көпшілігі безгек (лихородка) және жұқпалы аурулармен ауырғандар болатын. Безгекті емдейтін хининнің жетіспеуі дәрігерлерге қолбайлау болды. Дәрігер көмегіне көп жүгінген келесі ауру түрлері – жыныстық қатынас арқылы жұғатын венерологиялық аурулар, көз және буын аурулары (ревматизм).
Слайд 5Верныйда дифтерия мен шешек ауруы қатты асқынған. Верный мен Үлкен
Алматы станицасын қоса есептегенде дифтерия мен тамақ ауруынан өлгендердің саны
(үлкендер, балалар) тамыз айында-20, қыркүйекте-26, қазан айында-43-ке жеткен. Верныйда бұл аурумен ауырған адамдардың 3 тен 2-сі өліп кетіп отырған. Аурудың асқынып кеткені сондай, кедейлерге ауырған кездегі киімін тапсыртып, оның орнына дәрі-дәрмек, залалсыздандыратын құрал-жабдықтар, киімдер беру үшін дифтерияға қарсы Қызыл Крест ұйымының Жетісу жергілікті басқармасы мүшелері мен губернатор жанындағы ерекше тапсырмалармен айналысатын шенділерден құралған арнайы комитет құру қажет болды
Слайд 6Верный уезінде дифтерия ауруының асқынып кеткені сондай, оның белгілері жыл
бойы байқалып отырған. Келесі бір деректерде 1884 жылдың 2 тамызында
Верный уездік басқармасына полковник Сапожников 18 шілдеден бері белгісіз ауру пайда болғанын, оны дүнгендер ұнға жатқызып емдеп, кейін ол ұнды халыққа сатып, ауру таратып отырғанын, сол ұнды сатып алған қырғыздар (қазақтар -Б.Л.) арасында қысқа уақыт ішінде 10 адам өлгенін мәлімдейді.
Қазақтар арасында бұрын кездеспеген мерез ауруы – жыныстық жолмен тарайтын жұқпалы ауру. Мерез әскердегі төменгі шенділердің арасында кеңінен таралып, барлық әскери емдеу орындары осы ауруды жұқтырғандарға толы болды. Соған байланысты енді әйелдердің, оның ішінде жезөкшелердің, олармен байланысы бар еркектердің денсаулығын тез арада тексеру мәселесі көтеріледі. Бұның бәрі мемлекет қазынасына үлкен шығын келтіретініне қарамастан, жергілікті билік бұл шаралардың орындалуын қатаң бақылап отырады
Слайд 7Сарқан аудандық ауруханасы 37 елді мекендерге, жалпы 40683 халыққа медициналық
қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету радиусы 300 км-ді қамтиды. Халыққа медициналық
көмек көрсетуде 135 төсектік аудандық аурухна, 50 төсектік Лепсі ауылдық аурухнасаы, ауданаралық 50 төсектік туберкулез аурухнасы, 10 ауылдық дәрігерлік емхана, 3 фелдшерлік-акушерлік пункті, 19 фельдшерлік пункт, аудандық санитарлық эпидемиологиялық станциясы қызмет атқарады. Аудандық аурухана ауысымына 250 келімге есептелген.
Сарқан аудандық ауруханасы соңғы талаптарға сай қызмет көрсетеді. Бүгін аудандық аурухана сапалы медициналық көмек беріп, білікті мамандар жұмыс жасайтын, материалдық базасы нықталған емдеу мекемесі. Бұл деңгейге жету үшін үлкен өзгерістер болып, қыруар жұмыс атқарылды.
Слайд 82006 жылдан бастап 32 млн-ға, 2007 жылы 26 млн-ға арталық
аурухана бөлімдері мен әкімшілік ғимараттарына, 2008 жылы 20 млн теңгеге
аудандық емханаға күрделі жөндеу жүргізілсе, 2009 жылы 5 млн710 мың теңгеге ортке қарсы сигнализация қондырғылары орнатылды. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 60 млн-ға жұқпалы аурулар бөлімі ғимараты мен шаруашылық ғимараты күрделі жөндеу жүргізілді. Аймақтағы ауылдарда да денсаулық сақтау обьектілері ден жөндеуден өтті. Лепсі ауылдық ауруханасы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қойлық ДА-ның құрылысына 129860,0 қаржы бөлініп, толық игерілді. 2012 жылы Үлгі МП-нің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Слайд 9Аудан бойынша барлық емдеу мекемелерінде 74 дәрігер бар. Оның ішінде
жоғары дәрежелі маман саны 12, бірінші дәрежелі -15 маман, екінші
дәрежелі 4 маман жұмыс істейді. Дәрігер мамандармен қамтамасыз етілуі 10 мың халыққа шаққанда 18,2. Білікті мамандар көп болғанымен, аудан әлі де кадр тапшылығы байқалатын көрінеді.
Орта буын медицина қызметкеріне келетін болсақ, аудан бойынша барлық емдеу мекемелерінде 368 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 139 орта буын медицина қызметкерлері жоғары дәрежелі. Бірінші дәрежелі -26 адам болса, екінші дәрежелі маман саны -21. Орта буын мамандармен қамтамасыз етілуі аудан бойынша 10 мың адамға шаққанда 90,0. Мамандардың білімін жетілдіру аудандық аурухана кадр саясатында маңызды істің бірі. Аудандық ауруханада 2012 жылы 32 дәрігер, 167 орта буын мамандары білімдерін жетілдіру курстарынан өтсе, 2013 жылдың 9 айында 25 дәрігер, 49 орта буын мамандары білімін жетілдіру курсын өтті.
Слайд 10Ауданда 3 әйел дәрігері, 10 бала дәрігері қызметатқарады. Барлық 14
жасқа дейінгі бала саны -11332. Оның ішінде 1 жасқа дейін
-812, 5 жасқа дейін 4502. Диспансерлік бақылаудағы бала саны -875, науқас балаларға сауықтыру жұмыстары жүргізілді, көрсетілімі бойынша амбулаториялық жағдайда дәрі-дәрмектер тегін беріліп, жоспарлық емдеуге жатқызылды. Аудандағы мүгедек балалар саны -160. Республикалық «Ақсай» балалар ауруханасына 38, Астана қаласындағы балалар реобилитациялық орталығында -28, «Балбұлақ» және «Алатау» шипажайында 22 бала сауықтырылды. Мүгедектік тобына байланысты, аудандық МСЭК шешімімен әлеуметтік көмек көрсету орталығынан тегін қажетті көмегін алды. Аудандағы жетім балалар саны -57, олар Текелідегі «Бастау», «Алтын чажа» жазғы демалыс лагерінде демалды.
Слайд 112013 жылдың 9 айында нәресте өлімі бойынша, өлген 7 сәбидің
үшеуі құрсақ ішілік кемтарлықпен туылғандардан, екеуі мезгіліне жетпей облыстық перинаталдық
орталықта туылған.Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан нәресте өлімі 9 айлық көрсеткіші бойынша аудандық перхентханада 517 туылғандарға есептеліп беріліп отыр. 2012 жылы 9 айда аудандық АХАЖ бөлімінде тіркелген бала саны 647, 2013 жылғы 9 айда 658 бала тіркелген. Яғни туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда жоғарлаған. 500 грамм және одан жоғары салмақтағы тірі туылған нәрестелердің тіркелуіне байланысты нәресте өлімі деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2012 жылғы 5,9 көрсеткіштен 2013 жылы 10,6-ға көбейіп отыр.
Слайд 12Әлеуметтік маңызы бар ауруларды азайту шараларын жүргізу мақсатында сарп, туберкулез
аурулары бойынша аудандық әкімшілікте денсаулықты үйлестіру кеңесінде тоқсан сайын қаралып,
аудандық мал шаруашылығы, СЭҚ қызметкерлерімен бірігіп, жоспар бойынша жұмыс істелуде. Аурудың алдын-алу мақсатында: диагностикалық зерттеу үшін УДЗ, ФГДС, кольпоскопия, цитологиялық, зертханалық тексерулер, рентген, флюрография, маммография, ЭКГ, телемедицина тексерулері жүргізіледі.
Слайд 13Сарқан ауданы денсаулық сақтау жүйесі бүгінгі замауи талаптарға сай медициналық
қызмет көрсететіне көзімізі жетті. Сондай- ақ аудандық аурухана басшылығы да,
қызметкерлері де медицинадағы жаңашылдыққа талпынып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Алға басу, даму тек сапалы еңбек және лайықты қаржыландыру бар жерде жүзеге асады. Сарқан аудандық орталық ауруханасында айтылған осы екі құбылыс үйлесімдікпен атқарылуда. Аудандық медицина қызметкерлері өткен күнге қанағаттанбайды, кеше жасаған жұмысынан бүгін артық жасайды, ал ертең жұмыс сапасын одан әрі жоғарлатады. Бұл бүкіл аурухана қызметін дамуға жол ашады.
Слайд 14Әдебиеттер
1Санитарное состояние Туркестанского края в 1877г.//Туркестанские ведомости, 1879. – №
23, 12 июня.
2 Заметки //Туркестанские ведомости, 1883. – 13 декабря.–
№49.– 195 с.
3 ҚРОММ. 41-қор, 1-тізбе, 45-іс, Дело об эпидемических заболеваниях в Верненском уезде. – 1-2- бб.; 7б.
4 Заметки// Туркестанские ведомости, 1883, 26-декабря, – №51. – 203 с.