Слайд 1"Балалар мен жасөспірім арасындағы
жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу"
жұмыс
моделі
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Оқушыларға адамгершілік-жыныстық
тәрбие беру-бүгінгі күннің талабы
Негізгі бөлім
" Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі".
" Жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігінің алдын алу бойынша" тақырыпта түсірілген видеоролик.
Қорытынды
Слайд 3Жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бағытында жұмыс жасау
моделін құрастырудың мақсаты:
Жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бағытында балаларға
әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету;
Балалардың отбасымен жұмыс істеудің, ата – ана мен бала арасындағы жағымды қарым – қатынасты орнатудың тиімді әдіс – тәсілдерін, жаңа жолдарын іздестіру;
Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау,оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою,салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру,құқықтық біліктілігінің жоғары болуына қамтамасыз ету.
Слайд 4Міндеті:
Баланың отбасында тұлға ретінде қалыптасып дамуына әлеуметтік – педагогикалық және
психологиялық мәселелердің жағымсыз әсер етуін анықтау және зерттеу;
Ата – аналардың
бала тәрбиесіне қатысты міндеті мен құқығын, бала құқығын орындауда құқықтық көмектер беру;
Отбасының жағдайын зерттеу нәтижелері бойынша балаларға, отбасыларына қажетті көмек беру.
Анықтау
Бақылау Көмек беру
Қолдау Әңгімелесу
Кеңес беру
Зерттеу әдістері
Слайд 6 Жұмыстың алғашқы кезеңі
Балаларды анықтау, толық мәлімет жинау және сараптама
жасау
Отбасымен жұмыс жасаудың жаңа жолдарын қарастыру, жоспар құру.
Слайд 7Ж ұ м ы с к е з е ң
д е р і
Кеңес беру
Диагностика
жүргізу Түзете – дамыту
жұмыстары
Бағалау, қорытынды жасау
Слайд 8Ата-аналардың және білім мекемелерінің бала тәрбиесімен айналыспауы,балалардың панасыз және қадағалауынсыз
қалған бүгінгі жасөспірімдер арасында орын алған келеңсіз құбылыстардың басты себебі
болып отыр. Отбасы құндылықтарын насихаттау бағытында жүргізілген жұмыстарға қарамастан, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі азаюда. Беймезгіл уақытта баласының қай жақта жүргенін білмейтін ата-аналар саны күрт өсуде. Бұл-бүгінгі күні қоғам болып күресетін құбылыс.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыс фактілерінің азаймай, артып отырғаны баршамызды алаңдатуы тиіс. Осы фактілерді назарға ала отырып, білім мекемелері басшылары аудандық білім және ішкі істер бөлімдерімен, әкімдік жанындағы жасы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен бірлесе жұмыстар атқарып, бақылауға алу, тәрбие мәселесіне аса жауапкершілікпен қарауы қажет. Әсіресе мектеп жасындағы балалардың күнделікті сабаққа қатысуы, қайтуы, бос уақытын тиімді өткізуі, құқықбұзушылық әрекеттерге жол бермеуі орынбасарлары мен сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог тарапынан қатаң бақылауда болуы қажет. Әсіресе аз қамтылған, ерекше бақылауды қажет ететін, сәтсіз жанұя балаларының күнделікті әрекеті, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас сапалы, нәтижелі жүргізілуі қажет.
Слайд 9
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 21 шілдедегі №470,
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27
шілдедегі №625, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №814, ҚР Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі №628 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының 17 тармағына сәйкес сексуалды зорлықтың құрбандары болғандарды « болып жатқан) анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында анонимді сауалнамалар жүргізу, жасөспірімдер арасындағы жүктілік фактілері туралы Ішкі істер органдарына уақтылы хабарлау міндеті мектеп басшыларына жүктелетінін естен шығармау қажет.
Слайд 10
облыстық прокуратура мектеп әкімшілігіне бірқатар шараларды жүзеге асыруды ұсынған:
-ұсынысты білім
бөлімдері арқылы білім мекемелері басшыларының назарына жеткізіп, оның алдын алу
шараларын жүзеге асыру;
-жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдап, жұмыстар атқаруға;
-әрбір мөлтек аудандар бойынша ІІБ және медицина, білім бөлімі қызметкерлерімен бірлескен үйме-үй аралау жұмыстарын жүргізіп, «сәтсіз жанұя» санатындағы отбасыларын анықтап, деректер қорын жасақтау және аудандық ІІБ-не есепке алу арқылы төмендегі мәліметтерді жинақтау:
Слайд 111. «Сәтсіз жанұялар» тізімін алу;
2.Ондағы балалар туралы мәліметтерді анықтап, профилактикалық
есепке алу;
3.Ондағы балалардың тізімін жергілікті медициналық ұйымға жіберу арқылы дене
жарақаты, зорлық-зомбылық, зәбір көру бойынша мәліметтер алу, тіркеу;
4.ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, жол-патрульдік полициямен бірлесіп, жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу, болатын орындарды анықтау, жою шараларын жүзеге асыру;
5. Жыныстық қол сұғушылық туралы ақпарат , мәлімет берген, көмектескен, қылмысты ашуға әрекет еткен азаматтарды көтермелеу жұмыстарын жолға қою;
Слайд 126.Білім мекемелері басшыларының 2 айда бір рет профилактикалық-ақпараттық жұмыстары бойынша
есептерін тыңдау;
7. Апта сайын жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылық
(жүктілік, зорлау, зорлық әрекеті) фактілері бойынша аудандық ІІБ мен аудандық орталық ауруханадан салыстырмалы мәлімет алу;
8. Мектеп әкімшілігі тарапынан ерекше назардағы балалардың отбасын аралау, түрлі сипаттағы құқығына қол сұғушылық (ұру, зорлау, дене жарақаты т.б.)
9. Түрлі сипаттағы құқықбұзушылық пен жыныстық қол сұғушылық фактілері орын алған мектеп, балабақша әкімшілік мүшелеріне, қызметкерлеріне қатаң тәртіптік шара қолдану;
Слайд 13Білім бөлімдеріне, ішкі істер бөлімі мен медициналық қызметкерлерге, аудан әкімдігі
жанындағы жасы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
мүшелері Сонымен қатар мектеп психологтары, дәрігер-гинекологтар, прокуратура, құқық қорғау органдары қызметкерлері, Бақ өкілдері, Тәуелсіз ұйым мүшелері қатысқан Мобильді-лекторлық топ құрып, барлық білім мекемелерінде ата-аналармен, жасөспірімдермен жұмыстар атқару
Мобильді-лекторлық топ тарапынан төмендегі ұсынымдар жүзеге асырылуға тиіс.
Ұсынымдар :
1.Ата-аналық міндетін тиісінше атқармаған азаматтардың жауапкершілігі туралы мәліметтер әзірлеу, коммуналдық қызметтерді төлемейтін, жайсыз, ерекше бақылаудағы азаматтарды есепке алу, нашақорлық пен ішімдік ішу фактілері бойынша есепте тұрғандарды есепке алу, сексуалды сипаттағы және жыныстық қол сұғушылық, зорлық әрекеттері бойынша бұрын сотталғандар тізімін алу;
Слайд 142. Жартылай отбасы туралы тізім жасау; өгей ана немесе өгей
әкесімен тұратын балалар тізімін жасақтау, ата-аналары некесіз, азаматтық некеде тұратын
отбасылар туралы деректер мен тізім жасау;
3. Сексуалды сипаттағы құқықбұзушылық орын алуы мүмкін жерлерді есепке алу, карта жасау;маршруттарын белгілеу, жол-патрульдік полициясының қарауына ұсыну;
4. Тұрғын үйлерде (этажды) шатырлар мен подвалдарға бармау туралы шектеулер қою, подъездер мен үйлерге аралау жұмыстарын жүргізу;
5.Екі айда 1 рет мектеп инспекторларын, басшыларын, поликлиника қызметкерлерін үгіт-насихат жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдау;
6. Жыныстық қол сұғушылыққа жол бермес үшін басқа да ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу;
Слайд 15Ө.Сахипов атындағы ЖББОМ-де зорлықтың құрбандарын болдырмауды (болып жатқан) анықтау мақсатында
мектеп оқушылары арасында анонимді сауалнама жүргізіліп, Балалар мен ата-аналарға «Сенім
телефондары» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2017-2018 жылы жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары жасалынды. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.